- •Жаратылыстану пәндері кафедрасы силлабус
- •1.Геоморфология курсын оқып болғанда студенттер білуі тиіс:
- •2. Курсты оқу нәтижесінде студенттер түсіндіріп қолдана білуі тиіс:
- •3. Көрсете білуі тиіс:
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
- •Геоморфология пәнінен өткізілетін студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау.
- •Дәрістердің мазмұны
- •Эндогендік процестер және бедер
- •Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі
- •Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы. Интрузиялық магматизм және бедер
- •Эффузиялық магматизм және бедер пішіндері
- •Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі
- •Материктердің ірі бедер пішіндері
- •Құрлықтық платформалардың ірі бедер пішіндері (мегапішіндері)
- •Ежелгі платформалар аумағындағы бедер пішіндері.
- •Экзогендік процестер және бедер
- •Бедер және климат
- •Беткейлер, беткейлік процестер және беткей бедері. Беткей туралы ұғым
- •Флювийлік процестер және бедер пішіндері
- •Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері
- •Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны
- •Карст процестері және бедердің карст пішіндері. "Карст" деген ұғым
- •Карст аймақтарының бедер пішіндері
- •Мәңгі тоң таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері. Мәңгі тоңның таралуы және құрылысы
- •Тоңдық деформациялар және бедердің тоңдық пішіндері
- •Шөлді аймақтардың бедер пішіндері
- •Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері
- •Теңіз жағалаулық процестер мен бедер пішіндері. Жаға туралы түсінік
- •Абразия
- •Қазіргі геоморфологиялық процестер және оларды картаға түсіру
- •Қазіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •«Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Жазбаша жұмыстар
- •Тест тапсырмалары
- •Геоморфология
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ |
||
Оқу-әдістемелік кешені |
Ф.4.09-26 |
|
28.05.2015 ж. |
Жаратылыстану-техникалық факультеті
Жаратылыстану пәндері кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік және студенттік сұрақтар бойынша проректор
п.ғ.д,проф. __________
М.Ж.Мальтекбасов
«_____» ________2015 ж.
Геоморфология пәнінің
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандық: 5В011600 – География
Оқу формасы: күндізгі
Талдықорған 2015 ж.
Оқу-әдістемелік кешенді 5В011600 – «География» мамандығына арналған ҚР МЖБС мен типтік оқу бағдарламасына негізделіп, жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушысы Карбозова Ж.Ж. құрды.
__________________________
(оқытушының қолы)
Жаратылыстану пәндері кафедрасының отырысында қаралды.
« » 2015 ж. № хаттамасы
Кафедра меңгерушісі ______________Б.Қ. Өксікбаев
Жаратылыстану-техникалық факультетінің
әдістемелік бюросында мақұлданды
« » 2015 ж., № хаттамасы
Факультеттің ӘБ төрайымы ____________Р.А.Садуакасова
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ |
||
Силлабус |
Ф.4.09-28 |
|
28.05.2015 ж. |
Жаратылыстану-техникалық факультеті
Жаратылыстану пәндері кафедрасы силлабус
Пән: Геоморфология
Оқыту түрі: күндізгі
Курс: 2
Семестр: 4
Кредит саны: 3
Барлық дәрісханалық сағат: 135 соның ішінде:
Дәрістер: 30
Сарамандық жұмыс : 15
ОСӨЖ: 45
СӨЖ: 45
Аралық бақылау: 2
Емтихан: 4 семестр
Талдықорған 2015 ж
Оқытушының аты-жөні: Карбозова Ж.Ж. жаратылыстану пәндері кафедрасының магистрі, аға оқытушысы,тел.87014540590
Консультациялар (office-hour): Кафедрадағы консультациялар кестесі бойынша
Пән: Геоморфология
Несие: 3 (дәріс аптасына 1 рет, практикалық сабақтар 1 рет)
Оқу семестрі:3,5
Пәннің пререквизиттері: Геоморфология курстарын оқып үйрену үшін жалпы жертану, геология,физикалық география, геометрия, картография және топография,топырақтану,ландшафттану,метеорология,гидрология пәндерін оқуы қажет.
Пәннің постреквизиттері: Геоморфология курсы материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, ландшафттану, топырақ географиясы, минерология және петрография,геология және полеогеография негіздері курстарын оқыту үшін қажет.
Геоморфология курсының қысқаша мазмұны: Пән элективті міндетті компонент «Геология және геоморфология модуліyt» жатады. Геоморфология курсы география пәнінің мұғалімдерін дайындауда жетекші орын алатын негізгі пәндердің бірі болып табылады.Геоморфологияның негізгі ұстанымдарының бірі-бедердің географиялық құрам бөліктерінің бірі бола тұра,бүкіл табиғатпен тығыз байланыста тұтас алынып қаралуы жалпы табиғаттың дамуына әсер етеді.Жер қыртысы,атмосфера,гидросфера,биосфера арасындағы қатынасты анықтайтын болғандықтан,геоморфология геология,геоботаника,гляциология,топырақтану ғылымдары мен де тығыз байланысты.
Курсты оқытудың мақсаты: студенттерге жер бедерінің пішіндерін,бедер қалыптасуындағы эндогендік процестердің орны:тектоникалық қозғалыстардың,соның ішінде жаңа тектоникалық қозғалыстардың әрекеті,интрузиялық және эффузиялық магматизмнің таралуы жайлы,тау жыныстарының морылуы,уақытша ағын сулардың әрекеті,эрозия және өзендердің кеңістіктегі дамуы,мұздық процестер мен мұздық пішіндер,жаға туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру.
Сонымен қатар,геоморфологиялық әдістер мен геоморфологиялық картографиялау жұмыстарын жүргізу туралы ұғымдарды меңгерту.
Қурстың құрылымы мен көлемі:
Пәнің бағдарлама мазмұны төрт модульге бөлінген.
Курстың бірінші бөлімі геоморфологияның зерттеу обьектісін,оның даму тарихын және өзге ғылым салаларымен байланысын,бедер туралы жалпы түсінікті,оның морфологиясы мен морфрметриясын,геоморфологияның халық шаруашылығындағы қолданылуын,бедер зерттеудегі әдістемелік принциптерді қарастырады.
Екінші бөлімінде бедер қалыптасуындағы эндогендік процестердің орны:тектоникалық қозғалыстардың әрекеті,интрузиялық және эффузиялық магматизмнің бедер құрудағы ролі,жер сілкіну ,материктер мен теңіздердің таралуы жайлы талқыланады.
Курстың үшінші бөлімінде экзогендік бедер түзуші факторлар және олар түзетін әр түрлі бедер түрлерінің сипаттамасы берілген.Мұнда тау жыныстарының морылуы,баурайлар процестері мен олардың дамуы және топтастырылуы, уақытша ағын сулардың әрекеті,эрозия және өзендердің кеңістіктегі дамуы,мұздықтық процестер мен бедердің мұздықтық пішіндері,Қазақстан территориясында кең дамыған қуаңшылық және қуаңшылық-денудациялық бедер пішіндері,лесс және оның кеңістікте дамуы мен жаралу тегі,геоморфологиялық процестер мен антропогендік процестер қарастырылған.
Төртінші бөлімінде геоморфологиялық зерттеу әдістері мен геоморфологиялық картаға түсірудің жалпы мәселелері және әр масштабты геоморфологиялық карталар жасау әдістері келтірілген.Жеке тақырыпта қазіргі геоморфологиялық процестер және олардың жіктелуі көрсетілген,сол сияқты антропогендік процестер және олардың әрекетінен қалыптасқан антропогендік бедер пішіндері берілген.
Географиялық карталардың қасиеттері мен ерекшеліктерін географиялық қабықта жүретін құбылыстар мен адамның іс жүзінде шаруашылық әрекеті жөнінде толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін ғылым мен техниканың даму нәтижесінде пайда болған. Танымның ерекше құралы болып табылатынын жан-жақты ашып көрсету үшін студенттердің ой-өрісін дамытып, кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған сарамандық жұмыстар мен есептер беріледі.
Студенттердің кәсіби іскерлік, дағдыларын қалыптастыру үшін дәріс сабақтарымен қатар сарамандық жұмыстар мен далада жүргізілетін оқу-тәжірибе жұмыстары қарастырылған.
