Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Программа отчета по пр.практике на каз.яз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204.29 Кб
Скачать
    1. Экономикалық сипаттама және өндірісті ұйымдастыру

Өндірістік ісана уақытында студент шаруашылықтың өндірістік және ұйымдық құрылымымен, мамандануымен танысады, өндіріс құралдары және жұмыс күшімен қамтамасыз етілуін анықтайды, өндірістік жоспардың орындалуы мен негізгі өнім түрлерінің іске асырылуын талдайды, өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін, негізгі салалардың және жалпы шаруашылықтың рентабельділігін жоғарылату жолдарын белгілейді; осы мақсатпен жылдық есептің 5сх, 7сх, 8сх, 9сх, 13сх, 16сх формалы жадығаттарын, сонымен қатар шаруашылықтың өндірістік-қаржылық жоспарының тиісті аталғандай бөлімдерін пайдаланған дұрыс.

Шаруашылық жұмыскерлеріне жалақы төлеу әдістемелерін және жалақы төлеу жағдайларын оқып-үйрену қажет.

    1. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

Студент шаруашылықтағы еңбек жағдайымен, еңбек күндері мен демалыс ережелерімен, пестицидтер, минералдық тыңайтқыштар және басқа химиялық жадығаттарды сақтау ережелері және мөлшерімен, негізгі а.ш. жұмыстарын орындағанда қауіпсіздік ережелерінің сақталуымен танысуға тиіс.

Шаруашылықтың улы химикаттармен жұмыс жасағанда жеке қорғану құралдарымен, өрт сөндірудің қарапайым құралдарымен, қамтамасыз етілуін, өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталуымен танысуға тиіс. Талдау нәтижелеріне сүйене отырып еңбек ету жағдайларын және оның қауіпсіздігін жақсарту шараларын ұсынуға тиіс.

    1. Өндірістік іссана жөніндегі есеп және құжаттар

Іссана уақытында әрбір студент күнделік жүргізеді, онда барынша маңызды а.ш. жұмыстары жазылады және өзінің қатысуы көрсетіледі. Қандай көктемгі себу алдындағы жұмыстар жүргізілгені, машиналар маркасы, тұқымның себу мөлшері мен сапасы, сіңіру тереңдігі көрсетіледі, жүргізілген жұмыстарға агрономиялық баға береді, сыни талдау жасалады.

Шаруашылықтан бекітілген жетекші күнделікті ыждағатты түрде тексеріп отырады және кем дегенде онкүндік сайын қол қойып отырады.

Іссана мерзімі біткенге дейін студент іссана жөніндегі есебін шаруашылықта жазып, рәсімдейді. Есепті шаруашылықтағы жетекші тексеріп қолын қояды және мөрмен бекітеді. Есеп факультет деканатына тапсырылады, оған практикантқа өндірістік мінездеме қоса беріледі. Өндірістік мінездемеге шаруашылықтағы жетекші қол қояды да мөрмен бекітеді.

  1. Өндірістік іссана жөніндегі есепті мазмұндап жазу тәртібі

Негізгі тараулар мен бөлімдер

КІРІСПЕ

Іссананың мақсаты және негізгі міндеттері. Өту орны, өндірістік іссана кім болып өткізілді, шаруашылық бойынша, тиісті жұмысқа тағайындау жөніндегі бұйрықтың нөмірі мен күні.

Жоспарға сәйкес және нақты іссана өту мерзімі, практиканттық атқарған жұмыстары, нақты мерзімі мен күндері.

1 ТАРАУ

Өндірістік іссана өткен орын

Шаруашылықтың ұйымдық-экономикалық сипаттамасы: ұйымдық құрылымы, жерпайдалануы, мамандануы, өндірістік құралдар және жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі, егістік аумағы, мал басы т.б. Барлық негізгі көрсеткіштерді кесте түрінде келтірген дұрыс. Барлық кестелер мәтіндік түсіндірмелермен, талдамалармен, жеке өзінің сыни пікірімен және қорытындылармен қамтамасыз етілуі тиіс.

  1. кесте - 200__ж. _______________________ шаруашылықтың жер

пайдалану жағдайы

(жерлерді мемлекеттік есептеу деректері бойынша)

Жерлер

га

%

Жалпы жер аумағы

Барлық ауылшаруашылық жерлер

онын ішінде жыртынды

шабындықтар

жайылымдар

орман алқабы

Тоғандар мен су қоймалары

Үймаңы учаскелер

Ұжымдық бақшалар және шаруашылық

жұмыскерлерінің жерлері (огород)

Суармалы жерлер

Құрғатылған жерлер

2 - кесте - Шаруашылықтың мамандануы

(орта есеппен 3 жылда, 200__ - 200__ жж.)

Өнім түрлері

Сату, ц

Сатудан түскен қаржы , мың тенге

Тауарлы өнім құрылымы, %

Астық

Картоп

Көкөністер

Басқалары

Өсімдік шару-ғы бойынша барлығы

Сүт

Ірі қара мал еті

Шошқа

Басқа өнімдер

Мал шару-ғы бойынша барлығы

Шаруашылық бойынша барлығы

100,0

3 - кесте - 200 ___ ж._____________________________ шаруашылықта бар техника және онымен қамтамасыз етілуі

Машиналар мен құралдар

Саны

Нақты жүктемесі

Тракторлар, барлығы

оның ішінде маркалары бойынша

Комбайндар, барлығы

оның ішінде маркалары бойынша

Ескерту: Кестеде топырақ өңдеу, егістікті күтіп-баптау, астықты жинау және мал азығын дайындау, астықты және тұқымды тазалау жұмыстарына арналған қолда бар барлық а.ш. машиналары мен құралдары жөніндегі деректерді келтіру керек, сонымен қатар астық және мал азығын жинау машиналары, себу агрегаттары ж.б. орташа жүктемелерін белгілеу керек. Осыған қоса шаруашылық жұмыскерлерінің құрамы мен құрылымын сипаттап жазған дұрыс.

4 - кесте - Шаруашылықтың 200 ___ ж._________________________ мал басы және оның өнімділігі

Түрлері мен топтары

Мал басының саны

200__ ж. өнімділігі

Бір сауын сиырдан сүт сауылымы, кг

Орташа тәуліктік қосымша салмақ, г;

жүн қырқымы, кг

Ірі қара мал

оның ішінде сиырлар

Қойлар, барлығы

оның ішінде аналықтар

Шошқалар

оның ішінде аналықтар

Жылқы, барлығы