- •Іссананың міндеттері
- •Іссана өтетін орын
- •Іссананы ұйымдастыру
- •Іссананың мазмұны
- •Өсімдік шаруашылығы
- •Экономикалық сипаттама және өндірісті ұйымдастыру
- •Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- •Өндірістік іссана жөніндегі есеп және құжаттар
- •2 Тарау Аймақтаң климаты, шаруашылықтың топырақтары
- •2.1. Климаттық және метеорологиялық жағдайлар
- •2.3. Топырақтың потенциалды құнарлығы мен тыңайтқыштар сипаттамасы
- •3 Тарау. Өсімдік шаруашылығы, жалпы сипаттамасы
- •3.1. Жыртынды жерлер және егістік аумағы
- •4 Тарау. Екпе дақылдардың өсіру технологиялары Негізгі екпе дақылдардың агротехникалық деңгейін талдау
- •4. 1 Ауыспалы егістер
- •4.2. Топырақ өңдеу
Өсімдік шаруашылығы
Өндірістік іссана кезеңінде студент көктемгі себу, егістікті күтіп-баптау, мал азықтарын дайындау, егін жинау жұмыстары мен дәнді және мал азықтық дақылдарды өсірудің барлық технологиялық операцияларына – топырақты өңдеу мен себуден егін жинау мен сүрігер дайындауға дейін – жұмыс жоспарларын жасауға қатынасуға міндетті. Дақылдарды өсіру технологияларының сақталуына, сүрі жерлерді өңдеуге бақылау жасайды және жұмыстардың сапасына баға береді. Ауыспалы егіс аумағын ұйымдастыру және орналастыру, жыртылған жерлер құрылымын, танаптық және мал азықтық ауыспалы егістердің игерілу күйін талдайды және оларға экономикалық баға береді. Негізгі дақылдардың ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты нақты мүмкін өнімдеріне есептер жасайды.
Суармалы жерлері бар шаруашылықтарда егістік алқаптардың құрылымын оқып-үйренеді, суару ережелерін және а.ш. дақылдарын суару технологиясын бағалайды, әртүрлі дақылдарға суармалы жерлерді пайдалануға экономикалық баға береді.
Шаруашылықта қолданылатын топыраққорғау шараларын, ауыспалы егістерде тыңайтқыш жүйесін талдайды. Студент тыңайтқышқа байланысты барлық құжаттармен және оның нақты жағдайымен танысады: танаптардың төлқұжатының, немесе агрохимиялық картограммалардың барлығы; танаптардың тарихи кітаптарының барлығы; соңғы 3 жылда шаруашылықта тыңайтқыш қолдану деректері, органикалық және басқа жергілікті тыңайтқыштар дайындау мүмкіндігі мен жоспарлары; тыңайтқыштар қолдану технологиясының сақталуы: ауыспалы егістерде тыңайтқыш қолдану жүйесінің жоспарының барлығы және олардың ғылыми негізділігі, тыңайтқыштарды енгізудің тәсілдері, тереңдігі технологиясымен танысады. Тыңайтқыш жүйесі мен жоспары болмаған жағдайда студент қолда бар құжаттарға негіздеп осы жылы тыңайтқыш қолдануға, сүрі танабын келесі жылғы өнімге тыңайтуға ұсыныс жасайды.
Өтіп жатқан жылға а.ш. дақылдарының арамшөптермен ластануына, зиянкестерге, ауруларға қарсы қолданылатын шараларға күнтізбелі жоспар жасауға қатынасады, себу алдындағы топырақтағы сіңімді ылғал қорын анықтайды.
Жұмыс кезеңінде препарат шығындарының мөлшерін, жұмысшы ертінділерінің концентрациясын тексереді, өсімдіктерді қорғау жұмыстарын дайындауға және жүргізуге ат салысады және экологиялық таза өнім өсіруді ескере отырып өсімдіктерді химиялық қорғау жұмыстарының тиімділігін анықтайды.
Себілетін тұқым құжаттарымен танысады, пайдалануға жіберілген сорттарды бағалайды, тұқымдық алқаптарды салуға, сорттық егістіктерді күтіп-баптауға, апробация жасауға, тұқым өнімін жинауға және оны тазалауға,сақтауға қоюға баға береді.
Студент а.ш. дақылдарының қарқынды өсіру технологияларын өндіріске енгізуге тікелей араласады және олардың экономикалық тиімділігін бағалайды, дәнді және мал азықтық дақылдардың өсіру тәсілдерімен алғы дақыл, себу мерзімі, тыңайтқыш ж.б. өсіп-жетілу кезеңіндегі түсетін жауын-шашын мөлшеріне байланысты өнімділікке талдау жасайды, а.ш. дақылдарының (дәнді дақылдар, сүрлемдік дақылдар, мал азықтық шөптер, картоп ж.б.) өсіп-жетілу кезеңдеріне, фенологиялық байқаулар жүргізеді.
Жаппай көктегеннен кейін және жинау алдында өсімдіктердің жиілігін, жалпы және өнімді түптенуді, танаптық өнгіштікті, өсімдіктердің сақталуын анықтайды; астық дақылдарының пісу кезеңдеріне бақылау жасайды, егін жинау және басқа техникалардың дайындығын тексереді. Егін жинағаннан кейінгі тазалау, кептіру, астықты, картопты, тамыржемістерді, көкөністерді ж.б. сақтауға қоюды ұйымдастыруға қатынасады.
