- •Іссананың міндеттері
- •Іссана өтетін орын
- •Іссананы ұйымдастыру
- •Іссананың мазмұны
- •Өсімдік шаруашылығы
- •Экономикалық сипаттама және өндірісті ұйымдастыру
- •Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- •Өндірістік іссана жөніндегі есеп және құжаттар
- •2 Тарау Аймақтаң климаты, шаруашылықтың топырақтары
- •2.1. Климаттық және метеорологиялық жағдайлар
- •2.3. Топырақтың потенциалды құнарлығы мен тыңайтқыштар сипаттамасы
- •3 Тарау. Өсімдік шаруашылығы, жалпы сипаттамасы
- •3.1. Жыртынды жерлер және егістік аумағы
- •4 Тарау. Екпе дақылдардың өсіру технологиялары Негізгі екпе дақылдардың агротехникалық деңгейін талдау
- •4. 1 Ауыспалы егістер
- •4.2. Топырақ өңдеу
Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық Министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті
Н.И. Можаев, Н.А. Шестакова, В.Г. Черненок, А.В. Иванников Қ.К., Қ.М. Мұсынов, Р.Х. Карипов, Қ.К. Әрінов
Агрономиялық факультеттің 4-курс студенттерімен
өндірістік іссана жөнінен есеп дайындау мен жазу
(«050801 - Агрономия», «050803 – Фермерлік іс» мамандықтары)
БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Астана – 2006
С.Сейфуллин атындағы «Бекітемін»
Қазақ мемлекеттік Бірінші проректор
агротехникалық университетінің
оқу-әдістемелік кеңесінде _____________А.М. Абдыров
қаралды және құпталды
______________________________ «____» ________________ 2006 г.
«______»______________ 2006 г.
Туындыгерлері: Можаев Николай Иванович – С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің өсімдік шаруашылығы, а.ш. өнімдерін үлгіқалыптау және сертификаттау кафедрасының профессоры;
Шестакова Нина Адамовна – С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің өсімдік шаруашылығы, а.ш. өнімдерін үлгіқалыптау және сертификаттау кафедрасының меңгерушісі, доцент;
Черненок Валентина Григорьевна – С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің агроэкология және агрохимия кафедрасының профессоры;
Иванников Алексей Васильевич - С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің егіншілік кафедрасының доценті;
Мусынов Кажимурат Майрамбекұлы – С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің өсімдік шаруашылығы, а.ш. өнімдерін үлгіқалыптау және сертификаттау кафедрасының доценті;
Карипов Ренат Хазиевич – С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің егіншілік кафедрасының доценті;
Әрінов Қайыржан Көкенұлы - С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің өсімдік шаруашылығы, а.ш. өнімдерін үлгіқалыптау және сертификаттау кафедрасының профессоры.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің өсімдік шаруашылығы, а.ш. өнімдерін үлгіқалыптау және сертификаттау кафедрасының отырысында қаралды және құпталды, 2006 ж. 18 наурыз, №7 хаттама.
Агрономиялық факультетінің әдістемелік комиссиясының отырысында қаралды және құпталды, 2006 ж. 21 наурыз, №7 хаттама.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті
Іссананың міндеттері
Өндірістік іссананың негізгі міндеттері: теориялық білімдерді бекіту, іссаналық жұмыс тәжірибесін үйрену, мамандық бойынша білім жинақтау, негізгі екпе дақылдар топтарың – дәнді, сүрлемдік дақылдар, көпжылдық және біржылдық шөптердің, ал көкөніс шаруашылықтары мен бригадаларында – көкөніс дақылдарының өнімділік деңгейінің қалыптасуына сыртқы орта факторларының (ылғал, температура ж.б.) әсерін талдау, ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологияларын меңгеру.
Негізгі дақылдардың (бидай, арпа, жүгері, еркекшөп) бүкіл өсіп-жетілу кезеңіндегі өсуі және дамуына бақылаулар жасауды үйрену: тұқымның танаптық өнгіштігіне, өнімді түптенуіне, өсімдіктердің сақталуына, масақтың дәнділігіне, өсімдіктердің биіктігі мен массасына ж.б.; өнімділік құрылым элементтерінің біп-біріне әсерін анықтау, фенологиялық кезеңдердің өтуін белгілеп үйрену ж.б. Шаруашылықта өсірілетін негізгі дақылдарды (бидай, арпа, сүрлемдік жүгері, біржылдық және көпжылдық шөптер) өсіру технологияларына талдау жасау, нақты жылы олардың өнімділікке әсерін анықтау.
Ауылшаруашылық нысандарының, РЗМ, шаруа қожалықтары және фермер шаруашылықтарының құрылымы мен басқару түрлерімен танысу, шаруашылықты жүргізудің экономикалық тиімділігін бағалау.
Іссана кезінде студенттер шаруашылықта қабылданған талаптар мен тәртіпке толық бағынышты, өндірістік тәжірибелер жүргізу мен ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуде белсенді араласуға тиісті.
Өндірістік іссана уақытында студент өзінің кәсіби шеберлігі мен білімін көрсетуге тиіс, адамдармен жұмыс істей білуге және өзіне бағынышты ұжымды басқара білуі керек.
Іссана өтетін орын
Іссана өтудің базасы болып табылатын,меншік түріне қарамай, ауылшаруашылық нысандарының барлығына сонымен қатар студентке стипендия төлейтін шаруашылықтар негізгі орын болып табылады және шаруашылық және жоғарғы оқу орын арасында келісім-шартпен анықталуға тиіс.
Іссананы ұйымдастыру
Студенттер шаруашылықтарға, мекемелерге жіберіледі және жалақылы агрономиялық қызметтерде немесе соған жақын профильде, жекелеген жағдайларда дублер-агроном ретінде жұмыс істейді. Шаруашылықтарда іссанаға бұйрықпен бекітілген бас агроном жетекшілік етеді. Агроуниверситет тарапынан студенттердің өндірістік іссана өтуіне оқу-әдістемелік, өндірістік іссана жөніндегі есепке сын-пікір жазуға жетекшілік ету үшін факультет деканатының өкімімен арнайы кафедраларға жүктеледі.
Іссананың мазмұны
Іссана өтетін орынға келгеннен кейін шаруашылықтан бекітілген жетекшімен бірге іссана бағдарламасын орындауға мүмкіндік беретін нақты орын мен жалпы жағдайларды анықтайды, өз кезегінде студент бас агрономның жұмысына белгілі бір деңгейде көмек береді, өсімдік шаруашылығында орындалатын негізгі жұмыс кезеңдері бойынша күнтізбелі жоспар жасайды. Іссана үдерісінде студент уақытша болса да бригадирдің немесе бөлімше, бригада агрономының міндетін атқаруға, шаруашылық басшылары мен салалық мамандардың, өндірістегі барлық салалардың ұйымдастырылу жұмыстарымен танысуға міндетті.
Шаруашылыққа келсімен студент шаруашылықтың құжаттарымен танысуға және оның соңғы 3 жылғы шаруашылық әрекетіне талдау жасауға тиіс (өндірістік – қаржы жоспарлары, жылдық есептері - 5сх, 7сх, 8сх, 13сх, 16сх формалы есептер), оның ішінде өндірістік іссана жылы да қосылады, өткен жылдардағы агроесептерді оқып үйрену керек. Ішкі шаруашылық аралық жерге орналастыру жоспарымен, басқа агрономиялық құжаттар және жадығаттармен танысады. Шаруашылықта өсірілетін негізгі дәнді және мал азықтық дақылдарға қолданылатын технологияларға талдау жасалады. Екпе және көкөніс дақылдарын өсіру мүмкіндігіне қарай шаруашылықтың метеорологиялық жағдайларын бағалайды. Экономикалық жағдайларды талдап шаруашылықта пайдаланылмаған резервтерді анықтайды, атап айтқанда, өнімділік пен өнім сапасын арттыру, олардың өзіндік құнын төмендету мәселелерінде.
Шаруашылықтан бекітілген жетекші іссана өтушіге күнделіктің толтырылуын, іссана есебін дайындауын қадағалайды және өндірістік іссана бағдарламасы мен жеке тапсырмалардың орындалуын көрсететін кәсіби мінездеме жазады.
Студенттермен жинақталған жадығаттар (материалдар) өндірістік іссана жөніндегі есепке, дипломдық жұмыс орындауға негіз болады.
