- •Силлабус
- •Шымкент
- •1.8 Байланыс ақпараты
- •1.9 Пәннің саясаты:
- •2. Бағдарлама:
- •2.3 Оқыту мақсаттары:
- •2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі
- •2.7 Пәннің қысқаша мазмұны
- •2.8 Пәннің тақырыптық жоспарлары Дәрістердің тақырыптық жоспарлары
- •Зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспарлары
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •2.9 Ұсынылған әдебиеттер
- •2.10 Оқытудың және сабақ берудің әдістері
- •2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
- •Зертханалық жұмысты бағалау критерилері
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •Кеңес өткізу графигі
2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
Критерилер:
объективтілік
мөлдірлік
икемділік
жоғары дифференциалдық
Барлық жұмыстарды бағалау ережесі:
Студенттердің оқу үлгерімінің барлық жұмыстар бойынша ағымдық бақылауы төмендегілерден тұрады: зертханалық жұмыстарды орындау, СӨЖ орындау.
Аралық бақылауда дәріс сабақтарына қатысуы, зертханалық жұмыстарды орындауы, СӨЖ – ді уақытымен орындауы тексеріледі.
Аралық бақылаудың нәтижесі бойынша орташа балл қойылып, ол емтиханға жіберілу рейтінгісінде ескеріледі.
Аралық бақылауды өткізу түрі:
- тестілеу
- «Нақты ситуациялық жағдай» әдісі бойынша кәсіптік ойын жүргізу
- Дәрілік заттың «Белгісіз формуласы» бойынша жұмыс жасау, ары қарай оның физикалық және химиялық қасиеттерін ,сапасын талдау әдістерін талдау.
Зертханалық жұмыстарды орындау
Оқытушы әрбір студенттің дәрілік заттың толық фармакопеялық талдауын меңгеруіне қарай зертханалық жұмысты жоспарлайды.
Зертханалық жұмысты өткізу түрі: жеке орындау, жұппен жұмыс жасау, шағын топпен жұмыс жасау.
Зертханалық жұмысты бағалау критерилері
№ |
Балл |
Бағалау критерилері |
1 |
өте жақсы А (4,0; 95-100%);
А-(3,67; 90-94%);
|
- жұмыс орнына сәйкес зертханалық жұмысты орындауға дайын екендігін көрсетеді; - операцияларды орындау техникасын меңгергенін көрсетеді (дәл сынаманы алу, ерігіштігін анықтау, фильтрлеу, титрлеу және т.б) ; - өлшегіш ыдыстармен және өлшегіш приборлармен жұмыс істей алады; - операцияларды таза, нақты орындайды; - жұмыс орнын таза ұстайды; - жұмыс орнында қауіпсіздік техникасын сақтайды; - орындалған жұмыстардың нәтижесін дұрыс бағалайды; - қоспалар, ылғалдылық, сандық мөлшерін анықтау есептерін дұрыс жүргізеді; - дәрілік заттарды талдауда қолданылатын нормативті құжаттар мен анықтау әдебиеттермен жұмыс жасай алады; - ҚР мемлекеттік фармакопеясымен жұмыс істей алады, жеке мақала мен жалпы мақаланың арасындағы байланысты біледі; - талдау хаттамасын дұрыс толтырып, дұрыс қорытындылай алады; - зертханалық жұмыс тақырыбы бойынша бақылау сұрақ-тарына жауап бере алады (86-100% дұрыс жауаптар). |
2 |
жақсы В+(3,33; 85-89%); В (3,0;80-84%); В-(2,67; 75-79%) |
Жоғарыда көрсеткен бағалау критерилеріне сәйкес, бірақ хаттаманы толтыруда және бақылау тестілеріне жауап беруде (75-85% дұрыс жауаптар) аздап қателік жібереді. |
3 |
қанағат. С+(2,33; 70-74%); С (2,0; 65-69%); С(1,67;60-64%)
|
Жоғарыда көрсеткен бағалау критерилеріне сәйкес, бірақ төмендегідей қателіктер жібереді: - дәрілік зат сапасын талдау техникасында аздаған қателіктер жіберіледі; - жұмыстың кейбір этаптарын орындау барысында оқыту-шының көмегін керек етеді; - хаттаманы толтыруда және бақылау тестілеріне жауап беру-де (50-74% дұрыс жауаптар) аздап қателік жібереді. |
4 |
қанағат-Д+(1,33; 55-63%); Д (1,0;50-54%)
|
Жоғарыда көрсеткен бағалау критерилеріне сәйкес, бірақ төмендегідей қателіктер жібереді: - дәрілік зат сапасын талдау техникасында үлкен қателіктер жіберіледі; - жұмыстың кейбір этаптарын орындау барысында оқыту-шының көмегін керек етеді; - хаттаманы толтыруда және бақылау тестілеріне жауап беру-де (50-74% дұрыс жауаптар) үлкен қателік жібереді. |
5 |
қанағат-сыз F (0; 0-49%) |
- дайын емес және зертханалық жұмысты орындауға жібе-рілмейді. |
