- •Силлабус
- •Шымкент
- •1.8 Байланыс ақпараты
- •1.9 Пәннің саясаты:
- •2. Бағдарлама:
- •2.3 Оқыту мақсаттары:
- •2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі
- •2.7 Пәннің қысқаша мазмұны
- •2.8 Пәннің тақырыптық жоспарлары Дәрістердің тақырыптық жоспарлары
- •Зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспарлары
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •2.9 Ұсынылған әдебиеттер
- •2.10 Оқытудың және сабақ берудің әдістері
- •2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
- •Зертханалық жұмысты бағалау критерилері
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •Кеңес өткізу графигі
2.9 Ұсынылған әдебиеттер
Негізгі:
Арыстанова Т.А. Общая фармацевтическая химия / Учебное пособие.-Шымкент.-2008.-157с.
Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие ,3-е изд.,испр.-М.:ГЭОТАР-Медиа.-2006.-640с.
Беликов В.Г. Фармацевтическая химия. В 2-х ч: учебное пособие, 4-е изд., перераб. И доп. –М.: МЕДпресс-информ. 2007. -624с.
Государственная фармакопея Республики Казахстан.-Алматы:Издательский дом «Жибек жолы».-2008.-Том1.-592с.
Государственная фармакопея Республики Казахстан.-Алматы:Издательский дом «Жибек жолы».-2009.-Том 2.-804с.
Ордабаева С.К. Анализ лекарственных препаратов ,производных ароматических соединений: Уч.пос.-Шымкент.-2012.-270с.
Государственная фармакопея Республики Казахстан.-Алматы:Издательский дом «Жибек жолы».-2014.-Том 3.-709с.
Қосымша:
АрыстановаТ.А., Арыстанов Ж.М. Инновационные технологии
фармацевтическом образовании: обучение и контроль. Учебно-
методическое пособие. –Шымкент.-2012.-175с.
Қазақ тілінде
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы.-Алматы: «Жібек
жолы».-2008.-Том 1.592б.
2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. - Алматы:«Жібек
жолы».-2009.-Том 2.-804б.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы.-Алматы: «Жібек
жолы».-2014.-Том 3.709б.
2.10 Оқытудың және сабақ берудің әдістері
2.10.1 Дәрістер: тақырыптық.
Аудиториямен кері байланыс – оқылған дәрістің тақырыбы бойынша лектордың дайындаған билеттері арқылы тест немесе блиц сұрақтарға жауап беру арқылы жүргізіледі.
2.10.2. Зертханалық сабақтар: дәстүрлі, жұппен жұмыс жасау, шағын топпен жұмыс жасау.
Дәстүрлі түр бойынша лабораториялық сабақты өткізу бастапқы білім деңгейін бақылаудан (тестілеу, ауызша және т. б.), жұмыс орнына сәйкес лабораториялық жұмысты орындаудан, нормативті- құжаттардың талабына сай дәрілік заттың талдауы бойынша хаттама жазып, оны қорғаудан тұрады..
Жұппен жұмыс жасау бойынша бастапқы білім деңгейін бақылаудан (тестілеу, ауызша және т. б.), жұмыс орнына сәйкес лабораториялық жұмысты жұппен орындаудан, нормативті- құжаттардың талабына сай дәрілік заттың талдауы бойынша хаттама жазып, оны қорғаудан тұрады .
Шағын топпен жұмыс жасау фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында дайындалған әдістемелік нұсқауда толық көрсетілген.
- оқу үлгерімі және ойлау қабілетіне байланысты студенттердің топтары теңдей екі немесе үш шағын топтарға бөлінеді.
- әрбір топ сабақ тақырыбы бойынша тапсырмалар алады:
1 топ дәрілік субстанцияның немесе дәрілік түрдің сыртқы көрінісі, ерігіштігі, өзі екендігі бойынша теориялық сұрақтарды және зертханалық тапсырмаларды орындайды;
2 топ дәрілік субстанцияның немесе дәрілік түрдің тазалығы (қышқылдылығы немесе негізділігі, мөлдірлігі және түстілігі, жалпы технологиялық және өзіне тән қоспалары, кейбір физикалық канстанталары) бойынша теориялық сұрақтарды және зертханалық тапсырмаларды орындайды;
3 топ дәрілік препараттың сандық мөлшерін анықтау бойынша теориялық сұрақтарымен зертханалық тапсырмаларды орындайды;
- бастапқы білім деңгейін бақылау шағын топтар арасында сұрақ-жауапқа жауап беру арқылы жүргізіледі;
- студенттердің өзіндік жұмысы алған тапсырмалары бойынша зертханалық жұмыспен орындалады;
- шағын топтарда орындалған зертханалық жұмыстардың сапалық көрсеткіштерінің нәтижесін талдап және нормативті құжат талабына сай екендігін қорытындылайды;
- шағын топтар бірігіп жасалған жұмысқа презентация жасап, оның нәтижелерін бүкіл академиялық топ бойынша талқылайды;
- сабақты қорытындылау кезінде және студенттің білімі мен іскерлігін бақылағанда, оның зертханалық жұмысты орындауда және нәтижелерін талқылауда белсенді қатысқандығын ескереді;
- шағын топтардағы жұмысты студенттер өздері бағалап, әрбір студентке бағаны өздері қояды;
Әрбір тақырыпты өткенде студенттердің алған тапсырмалары өзгеріп тұрады. Апта сайын шағын топтардағы студенттер құрамы да фармацевтикалық талдаудың барлық этаптарындағы тапсырмаларды орындау үшін өзгеріп отырады.
2.10.3. Студенттердің өзіндік жұмысы(СӨЖ) - әдебиеттермен жұмыс жасау, компъютерлік бағдарламалар мен электрондық база жүйелерімен жұмыс жасау, рефераттар дайындау және қорғау, дәріс, лабораториялық сабақ, ОСӨЖ-де өтпеген типтік бағдарламадағы кейбір тақырыптар бойынша презентация өткізу, тест тапсырмаларын құрастыру, белгісіз формулалар және дәрілік зат сапасының спецификациялары берілген банк қорын дайындау,кроссворд құрастыру. Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы (СӨЖ) орындау фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында дайындалған студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы (СӨЖ) әдістемелік нұсқауы бойынша орындалады.
Академиялық периодтың басында, әрбір студентке СӨЖ тақырыптары әр кредитке бір тақырып есебі бойынша СӨЖ тапсырмалары бөлінеді.
СӨЖ дайындау түрлері:
-реферат дайындау және қорғау
-рефератқа пікір жазу
-презантация
-презентацияға пікір жазу
-тест тапсырмаларын дайындау
- дәрілік заттарға «белгісіз формула» және олардың сапалық көрсеткіштері бойынша банк қорын дайындау
-кроссворд дайындау
2.10.4. Оқытушы жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) кафедрада жасалынған кесте бойынша оқу бағдарламасының ауыр тақырыптары бойынша , түсініксіз сұрақтар бойынша кеңес жүргізіледі.
