Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус 4к каз 2015-16.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
635.9 Кб
Скачать

1.9 Пәннің саясаты:

  • Бастапқы білім деңгейлерін тексеруде базалық химиялық пәндер бойынша (бейорганикалық, органикалық, аналитикалық, физикалық және коллоидты химиялар) теориялық білімдерін және іс-тәжірибелік дағдыларын көрсету және оларды дәрілік заттар талдауында қолдана білу;

  • Дәрілік заттардың сапасын бақылау бойынша лабораториялық жұмыстарды жеке, жұппен және шағын топтарда орындауға дайын болып келу;

  • Лабораториялық сабақтарда `(экспериментальды жұмыстарды) орындауға белсене қатысу ;

  • Тапсырмаларды орындауға ынтасы жоқ немесе толық орындамаған жағдайда айыптау шаралары қолданылады, тәжірибелік сабаққа қойылатын балл азаяды, ол «Зертханалық жұмысты бағалау критерилері» кестесінде көрсетілген;

  • Командамен жұмыс жасай білу;

  • СӨЖ кестеге сәйкес орындау;

  • ОСӨЖ сабақтарына қатысу, әр апта сайын сабаққа қатысу журналда белгіленеді және қалдырылған сабақтар үшін штрафтық санкциялар қолданылады;

  • Келесі дәріс тақырыбымен алдын-ала танысып, дәріс тақырыбы бойынша оқытушымен кері байланысқа түсуге дайын болу;

  • Ғылыми жұмыстарға белсене қатысу;

  • Лабораторияда техника қауіпсіздігін сақтау;

  • Лабораториялық ыдыстарға, құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарау;

  • Жұмыс орнын таза ұстау;

  • Себепсіз жіберілген 1 дәріс сабағының айыптау шарасы 0,66 балды, ал әрбір ОСӨЖ сабағын қалдырғаны үшін - 1,33 балды құрайды;

  • Пән бойынша емтиханға жіберілу рейтингісі – зертханалық сабақтың,СӨЖ,аралық бақылау,дәріс сабағының рейтингілерінің орташа балынан тұрады;

  • Пән бойынша қорытынды бақылауға – емтиханға жіберілу рейтінгісі 30 баллдан кем болмауы тиіс (50% ).

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе:

Фармацевтикалық химияжалпы химия заңдарына негізделген және дәрілік заттарды талдау әдістерін, химиялық құрамы мен фармакологиялық әсері арасындағы өзара байланысын, физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, алу жолдарын зерттейтін, қолданбалы ғылым.

ҚР 3.08.390-2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес фармацевтикалық химия 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Дәрілік заттарды зерттеудің және талдаудың жалпы әдістері» пәні ретінде ұсынылған, ол жалпы фармацевтикалық химия сұрақтарын (дәрілік заттар сапасын реттейтін мемлекеттік заңдар, принциптер мен жағдайлар, дәрілік заттарды стандарттау және сертификаттау, дәрілік заттар сапасын зерттейтін жалпы фармакопеялық талдау әдістері) және арнайы фармацевтикалық химия ғылымының негіздерін (бейорганикалық дәрілік заттарды, органикалық тұрғыдағы алифатты, циклды және алициклды қосылыстарды талдау) қамтиды.

Екінші бөлім «Фармацевтикалық химия» пәні, бірінші бөлімнің жалғасы болып табылады, ол арнайы фармацевтикалық химияның сұрақтары бойынша ароматты және гетероциклды қосылыстар тобындағы дәрілік заттарды талдау тәсілдерін қамтиды.

Бағдарлама болашақ мамандардың кәсіптік міндетін орындауда қауіпсіз және эффективті дәрілік заттардың сапасын бақылауды, дәрілік заттардың сапасын және қауіпсіздігін нормативті-техникалық құжаттар талабына сай талдау әдістерін меңгергенін бақылау үшін білім алушылардың аналитикалық ойлау қабілеттерін күшейту жолдарын қарастырады.

2.2 Пәннің мақсаты: дәрілік заттардың алыну, сақталу, қолдану, сатыларында фармацевтикалық талдауды меңгеруді дағдыға алу, дәрілік заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін, олардың фармакопеялық талдау әдістері бойынша білім негіздерін қалыптастыру.