9. Жапон тамақтары
Жапон
тағамдарының басты бөлігі күріш пен
балықтан тұрады. Әрине күрішті өте жеңіл
тағам деп атауға болмайды, алайда ол
картоп пен макарондардан пайдалырақ
екені түсінікті. Суши,
сашими, роллдар ұзаққа
тойған сезімді сақтап, зат алмасуға
әсер етпей, асқазанда ауыр сезімді
қалдырмайды. Қазірде суши сынды тағамдар
бізде үлкен сұранысқа ие екені қуантады,
алайда суши әзірлейтін мейрамханалардың
арасынан ең кәсіби жерлерді таңдағаныңыз
дұрыс. Балық пен теңіз өнімдерінің
сапалылығы сіз үшін маңызды болуы керек.
Сондай-ақ қарапайым жапондық кісі
тамақтанғанда 5-6 суши жесе, біз аямай
10-15 талын жеп қоямыз.
10. Бөліп тамақтану
Бұндай
тамақтану принципі шынымен арықтауға
көмектесіп, жеңілдік сезімін береді.
Бұл диета бойынша кейбір тағамдарды
бірге жеуге мүлдем болмайды. Балық, құс
етін жасыл көкөністермен, ірімшік және
басқа да қышқыл сүтті өнімдермен және
жемістер мен жаңғақтармен жеуге болады.
Ал сүт, қант, кондитерлі және нан өнімдерін
өзінен басқа ештеңемен жеуге болмайды.
Қысқасы ақуыздар мен көмірсуларды бір
уақытта қабылдауға болмайды. Бұның
себебі мынада: олардың шығаратын
ферменттері бір-бірімен кереғар реакцияға
түсіп, пайдалы қасиеттерінен арылтып,
бір уақытта қорытылуы қиын болады екен.
Арулар,
ал сіз тамақтануда қандай ережелер
қолданып, қандай диета ұстанасыздар?
Дайындаған:
6 «А» класс оқушылары