2. Грейзинг - бөлшектеп 5 рет тамақтану
Міне қызық: күнініе 1-2 рет қана тамақтанғанда сіз көбірек жейді екенсіз. Сондықтан грейзинг, яғни бөлшектеп тамақтану ережесін ұстанып, күніне бірнеше рет, араға 3 сағат салып тамақтанып көріңіз. Бұндай тамақтану режимі ағзаны сергітіп, күш жоғалтуға бермейді. Сондай-ақ жиі тамақтанған сайын, азырақ тағамға тоя бастайсыз. Әрине бұндай "диетаға" да үйрену керек. Таңғы ас пен кешкі асты үйде, түскі асты жұмыста жеп, екінші таңғы ас пен түстен кейінге тіскебасар ретінде жеміс, айран ұстап жүріңіз.
3. Ананас майға қарсы
Бұл керемет жемістің құрамында бромелайн атты фермент бар. Ол майлардың ажырап, бөлшектеніп кетуіне ықпал жасайды. Ол әсіресе ананастың қатты ортасында көп болады, сол себепті ананастың ортасын лақтырмай, жеп қойыңыз. Сондай-ақ бұл тропикалық жемісте клетчатка өте көп, ал ол өз кезегінде асқорытуға көмектесіп, зат алмасуды жақсартады.
БІРАҚ консервіленген ананас пен ананас шырыны жеміс сияқты әсер бермейді. Алайда кептірілген жеміс кесектері бұл жолда көмектесе алады.
4. Дәнді дақылдар
Рационыңызға өңделмеген дәнді дақылдарды қосу арқылы салмақты қадағалай аласыз. Ботқалар, астық дәндерінен нан, мюсли, қоңыр күріш сынды тағамдардың құрамында көптеген дәрумендер мен пайдалы заттар болады. Ағзаңыз осындай тамақ үшін сізге риза болып, іштің қабынуы, артық салмақ, тері кемшіліктері, асқорытудағы қиындықтардан аман қалады.
5. Су
Су аштық сезімін қадағалап, зат алмасуды ретке келтіреді. Қажетті мөлшерде су ішіп жүру арықтауға өз септігін тигізеді. Күніне 1,5 литр су ішу сіз үшін тұрақты ереже болсын. Бұл мөлшерге шай мен түрлі шырындарды қоспаңыз. Адамның денесінің 55-70 пайызы судан тұратынын есептесек, ол барлық алмасу, қышқылдану, термо реттеу және басқа да процестерге қатысады. Физикалық жаттығулар, ыстық кезде немесе ауырғанда адам ағзасына одан да көп су қажет.
6. Тамақтану күнделігін жүргізу
Кезінде медицинада ғана қолданылған бұл әдіс қазірде диетологтардың айтуынша, салмақ реттеудің бірден-бір жолы. Тамақтанған сайын күнделікке не және қандай мөлшерде жегеніңізді жазып отырыңыз. Бір аптадан кейін өзіңіздің рационыңызды түсініп, ол жерде не артық, не жетіспей тұрғанына объективті баға бере аласыз. Сондай-ақ түнгі 2-де торт, бәліш, не шоколад жегеніңіз жайлы күнделікке жазудан ұялып, өзіңізді ұстап қаларсыз.
7. Пайдалы емес жемістер
Жемістің бәрі бірдей пайдалы емес екен. Жеміс-жидектің құрамындағы қанттар дене бітіміңізге зиянын тигізбей қоймайды деп ойламаңыз. Мысалға, жүзім мен банан тәтті бәліш немесе тортпен пара-пар екен! Егер сіз арықтауды мақсат етсеңіз, қарбыз, грейпфрут, ананас, құлпынай, қара өрікті таңдағаныңыз жөн. Бұл жеміс-жидектер арықтауда пайдалы.
8. Асықпай шайнау. Жалпы тамақтануға көбірек уақыт бөліңіз. Миға тойғанымыз жайлы белгі жеткенше, біз тойып та, артық жеп те үлгереміз. Сондықтан барынша ақырын, асықпай тамақтаныңыз. Сондай-ақ тамақ жегенде теледидар қарау әдетінен арылыңыз. Ми фильмді түсінуден босамай, не, қандай мөлшерде жегеніңізді байқамайды. Артық жеп қоймау үшін асыңызды кішкентай тәрелкеге салып жеуге болады.
