Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дұрыс тамақтану негіздері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.11 Mб
Скачать

Дұрыс тамақтану

Ішкен тағамдар асқорыту органдарында механикалық және химиялық өңдеуден өткеннен кейін, ол сулы сұйықтыққа айналып, ішекке өтеді. Ішекте тағам ар қарай қорытылады, ішектің сору қасиетіне байланысты, қанға және лимфаға түседі. Тамақ қанға және лимфаға түскеннен соң — белоктардан-амин қышқыддары, майлардан-глицерин және май қышқыддары, гликогеннен-канттар бөлініп шығып отырғанда ағзада қажетті пластикалық және энер-гетикалық заттар синтезделіп отырады. Тағамның құрамында 650 әр түрлі қосылыстар бар. Олардың ең бастысы белок, май. көмірсу, микро- және макроэлементтер фосфор, кальций. натрий, йод, кобальт, қалайы, марганец, калий және т.б. Сонымен бірге тағамдық заттар құрамында витаминдер,органикалық қышқылдар, неше түрлі фитонцидтер, крахмал бар, хлетчаткалар болады.Ұтымды тамақтану — ол клеткалар (жасушылар) қазақша құ-рамына қажетті заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат, қимыл және тағы басқа қажеттігін өтейтін, заттар алмасуын қажетті деңгейге ұстайтын тағамдарды пайдалану. Жүйелі түрде тамақтанудың негізгі элементтері мына төмендегідей: 1) тәуліктік қоректік заттардың ара қатасының үйлесімді балансасын сақтау; 2) дұрыс тамақ ішудің тәртібі, рационалды (тамақ сбаланцир-ленген) тамақтану — ол тамақтың қуаты мен сапалық химиялық құрамын, қоректік заттардың деңгейлік арақатынастарының тұрақтылығын, қортылуын және гигиеналық жағынан тазалығын ескертуді қажет етеді. Сондай-ақ тамақтану режимін, ұзақтығын, сапалық шамасына, химиялық құрамын анықтауды керек етеді.Академик А.А. Покровскийдің жасаған классификациясы бойынша теңестірілген (сбалансирленген) дегеніміз — энергети-калық жағынан бағалы, тағамдағы энергия адам ағзасының жұмсаған энергиясына сайма-сай келуі;Тәуліктік тағам құрамында қоректік заттар (нутрценттер) теңестірілген түрде болуы керек. Тағам құрамындағы белоктардың, майлардың және көмірсулардың арақатынасы (1:1:4) болуы керек. Айырбасталмайтын амин қышқылдарының витаминдердің арақатынасы теңестірілгені жөн. Тағам ішіндсгі компоненттердің ағзаларға сіңірілуі, тамақ ішу режиміне байланысты болуы керек. Ішілетін тамақтың мөлшері адамның бойына және массасына сай келуі керек. Балалардың массасын төменгі таблицадан байқауға болады

Дұрыс тамақтанудың алтын ережелері

Салмақ тастап, арықтап, өзін көрікті әрі сау сезіну – әр арудың арманы. Назарларыңызда тексерілген, ғылыми дәлелденген арықтау жолындағы дұрыс тамақтану жайлы кеңестер.

1. Кешкі 6-дан кейін тамақтанбаған дұрыс

Бұл ақиқат ешкімге де жаңалық емес, алайда біз оны қайталаудан шаршамаймыз. Диетолог мамандар бұл заңды арықтаудың алтын ережесі деп атайды. Ал жан мен тән гармониясына жетуді аңсайтын және салауатты өмір салтын ұстанатын йогтар тамақты тек күндіз жеу керек дейді. Кешкі тамақтан бас тарту, не оны ертерек ішу шынымен арықтауға көмектеседі, жалпы ағза саулығына пайдалы.

БІРАҚ қазіргі қарбалас заманда бұл ережені ұстану өте қиын. Көбіміздің басты тағамымыз кешкі ас болып табылады. Бұл ережені ұстанамын десеңіз, сіз толыққанды таңғы ас пен түскі ас ішуіңіз керек. Кешкі тамақ ішпей мүлдем аш қалмаңыз. Бұл ережені өзіңіздің ыңғайыңызға лайықтап, 6-ға дейін емес, жалпы ұйқыға 3-4 сағатқа дейін тамақтанып үлгеріңіз. Әрине күнделікті рационның жартысынан көп бөлігін күннің бірінші жартысында жеу керек, ал кешке жеңіл, майсыз тағамдарды таңдаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]