- •6. Дәріс сабақтарының тезистері
- •1 Тақырып. Операциялық жүйелердің негізгі ұғымдары. Операциялық жүйелердің қызметі.
- •1. Операциялық жүйелердің даму тарихы.
- •2. Операциялық жүйелердің мақсаты мен міндеттері.
- •3. Операциялық жүйелердің функциялары мен сипаттамалары.
- •2 Тақырып. Операциялық орта ұғымы. Үзіліс.
- •1. Үзіліс дегеніміз не?
- •2. Үзілу механизмі.
- •3. Ішкі үзіліске түсінік беру.
- •3 Тақырып. Операциялық жүйелер классификациясы. Есептеу процесі және ресурс ұғымы.
- •1. Бірмақсатты операциялық жүйелер.
- •2. Көпмақсатты операциялық жүйелер.
- •3. Қолданушылар режимі.
- •4 Тақырып. Процесті басқару. Процесс контексті және дескрипторы.
- •5 Тақырып. Операциялық жүйелерде жадыны басқару.
- •6 Тақырып. Жадыны статистикалық және динамикалық бөліктерге бөлу
- •Қорытынды
- •Дәріске әдістемелік нұсқау:
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •7 Тақырып. Сегменттік, беттік жадыны ұйымдастыру
- •9 Тақырып. Операциялық жүйелерде енгізу-шығаруды ұйымдастыру. Негізгі концепциялары, енгізу шығаруды басқару режимдері.
- •10 Тақырып. Магниттік дискілерде сыртқы жадыны ұйымдастыру.
- •11 Тақырып. Файлдық жүйелер, олардың функциялары және берілгендер иерархиясы. Fat файлдық жүйесі.
- •12 Тақырып. Hpfs файлдық жүйесі.
- •13 Тақырып. Ntfs файлдық жүйесі.
- •15 Тақырып. Операциялық жүйелерді құрудың негізгі принциптері.
- •16 Тақырып. Микроядролық және макроядролық жүйелер.
- •22 Тақырып. Тұйықтармен күресу әдістері
- •26 Тақырып. Os/2 warp операциялық жүйесі
- •28 Тақырып. Windows nt желілік операциялық жүйесі
- •29 Тақырып. Жедел жадыны тарату
- •30 Тақырып. Linux операциялық жүйесі.
- •Қорытынды
- •Дәріске әдістемелік нұсқау:
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
1. Үзіліс дегеніміз не?
2. Үзілу механизмі.
3. Ішкі үзіліске түсінік беру.
4. Сыртқы үзіліске түсінік беру.
3 Тақырып. Операциялық жүйелер классификациясы. Есептеу процесі және ресурс ұғымы.
Дәріс мақсаты: ОЖ классификациясы. Есептеу процесі және ресурс ұғымы.
Негізгі қарастырылатын сөздер: Операциялық жүйелердің түрлері. Есептеу процесі, ресурс ұғымы.
Дәріс сұрақтары:
Операциялық жүйелердің түрлері.
Есептеу процесі, процесс күйлері.
Ресурс ұғымы.
Дәріс мазмұны
Операциялық жүйелер ішкі басқару алгоритмдерінің, яғни командаларының негізгі ресурстарымен (процессорлармен, жадылармен, құрылғылармен) және олардың қолданылу әдістерімен ерекшеленеді. Операциялық жүйелер классификациясы ресурстарды басқарудың алгоритмдік ерекшеліктері арқылы бөлінеді.
Компьютердің локальді ресурстарды басқару алгоритмінің негізі көбінесе желілік операциялық жүйелерге байланысты болады. Мысалы процессорлды басқару алгоритмі қолданудың айырмашылығына байланысты бірмақсатты және көпмақсатты, бірқолданушылық және көпқолданушылы, бірпроцессорлы және көппроцессорлы болып бөлінеді.
1. Көпмақсатты көмек
Операциялық жүйелер біруақытта орындалуына байланысты мынадай 2 класқа бөлінеді: бірмақсатты (MS DOS, MSX және т.б.), көпмақсатты (OS/2, UNIX, WINDOWS 95,98,2000, және т.б.).
Бірмақсатты операциялық жүйелер – көбінесе командаларды пайдаланушыларға қарапайым және ыңғайлы процестерді орындаудың функцияларын көрсетеді. Бірмақсатты операциялық жүйелер перифериялық құрылғыларды басқарудың қасиеттерін, файлдарды басқарудың қасиеттерін, пайдаланушылармен интерфейстік қасиеттерді орындайды.
Көпмақсатты операциялық жүйелер – жоғарыда көрсетілген функциялардан басқа қолданушы ресурстарына бөлінген процессор сияқты, жедел жадыны және файлдармен сыртқы құрылғыларды басқарады.
2. Көпқолданушылар режимі
Біруақытта жұмыс істейтін қолданушылардың операциялық жүйелері мынадай түрлерге бөлінеді: Бірқолданбалы (MS DOS, WINDOWS3х ,OS/2 алдыңғы нұсқалары), көпқолданбалы (UNIX, WINDOWS NET, серверлік операциялық жүйе). Көпқолданбалы операциялық жүйелердің бірқолданбалы жүйеден айырмашылығы ақпаратты сақтаудың басқа қолданушыларға рұқсат етілуінде.
Процесс дегеніміз процессорда тізбектей орындалатын іс-әрекеттердің ұйымдасқан жиыны және процессор күйінің сипаттамасы. Операциялық жүйелер процестермен байланысты төмендегідей әрекеттерді бақылайды:
Процестерді құру және өшіру;
Процестерді жоспарлау;
Процестерді синхронизациялау;
Процестерді коммуникациялау;
Тұйықталған жағдайларды шешу.
“Процесс” пен “программа” ұғымын шатастыруға болмайды. Себебі, программа дегеніміз іс-әрекеттер жоспары, ал процесс – сол іс-әрекеттердің өзі. Процесс ұғымына программалық код, программа берілгендері, жады стекінің мазмұны, процессордың адрестік және басқа регистрлері ұғымдары кіреді. Бір программа үшін бірнеше процестің құрылуы мүмкін. Өмірлік циклының ішінде процесс өз күйін бірнеше рет өзгертуі мүмкін.
Процесс күйлерін былайша бөлуге болады:
Жаңа (new, жаңадан құрылған процесс)
орындалатын (running, программа командалары процессорда орындалуда)
күтілулі (waiting, процесс қандай да бір оқиғаның аяқталуын күтуде, көбінесе бұл енгізу-шығару амалы болуы мүмкін)
дайын (ready, процесс процессордың босауын күтеді)
аяқталған (terminated, процесс өз жұмысын аяқтады).
Процестің бір күйден екінші күйге өтуі өз бетінше жүргізілмейді. Процессордың күйінің өзгеруінің типтік диаграммасы төменде көрсетілген.
Қорытынды
Бірмақсатты операциялық жүйелер – көбінесе командаларды пайдаланушыларға қарапайым және ыңғайлы процестерді орындаудың функцияларын көрсетеді. Бірмақсатты операциялық жүйелер перифериялық құрылғыларды басқарудың қасиеттерін, файлдарды басқарудың қасиеттерін, пайдаланушылармен интерфейстік қасиеттерді орындайды.
Көпмақсатты операциялық жүйелер – жоғарыда көрсетілген функциялардан басқа қолданушы ресурстарына бөлінген процессор сияқты, жедел жадыны және файлдармен сыртқы құрылғыларды басқарады.
Дәріске әдістемелік нұсқау:
Кез келген пәнді білу үшін, оның теориясын терең меңгеру керек. Сондықтан дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, МӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі:
1. Балақаева Г. Операциялық жүйелер=Operating systems: Оқу құралы./Г.Балаќаева; Қазақ тіліне ауд. Б.Яғалиева.- Алматы: Print-S, 2004.-
2. Освоение операционной системы UNІX / К.и., Пупков.; Авт.
:К.А.Пупков, А.С.Черников, Н.М.Якушева.- Москва, 2005- 112 с.
3. Операционные системы: разработка и реализация (+CD)
/ Э. Таненбаум, А.Вудхалл.- Санкт-Петербург, 2006.- 576 с.
Қосымша:
1. Жүйелік бағдарламалық қамтама Әйтімова, Ұ.Ж. Қызылорда 2012
2. Операциялық жүйелер. Явровский В. Астана 2008
3. Реестр Windows Vista Трюки и эффекты (+CD-ROM) Гладкий, А. Санкт – Петербург 2008
Бақылау сұрақтары
