Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать

28 Тақырып. Windows nt желілік операциялық жүйесі

Дәріс мақсаты: Windows NT желілік операциялық жүйесімен таныстыру.

Негізгі қарастырылатын сөздер: Windows NT, RISC жүйесі MIPS R4000, Didital Alpha AXP және Pentiun P54 сериялы процессорлары.

Дәріс сұрақтары:

1.1 Windows NT желілік операциялық жүйесі

1.2 Архитектураның сенімділігі мен мықтылығы

Дәріс мазмұны

Windows NT жүйесі бұрыннан келе жатқан өнімнің әрі қарай жетілдірілген жалғасы емес. Оның архитектурасы қазіргі заманғы операциялық жүйелерге қойылатын талаптарға сәйкес нольден бастап жасалған. Осы талаптар негізінде жасалған жаңа жүйенің ерекшеліктері төмендегідей.

Жаңа операциялық жүйелердің сәйкестілігін сақтау үшін Windows NT - ні жасаушылар үйреншікті Windows интерфейсін сақтап қалған және бұрыннан келе жатқан (FAT сияқты) файлдық жүйелердің қолдауын жүзеге асырған және де кейбір (MS –DOS, OS/2 1.x, Windows 3.x және POSIX) қосымшаларды қалдырған. Жасаушылар Windows NT құрылғыларының әр түрлі желілік жүйелерімен жұмыс істейтін құрылғыларды енгізген.

CISC , сондай – ақ RISC процессорларда жұмыс істей алатын жүйе жүзеге асырылды. CISC жүйесіне INTEL 80386 және одан жоғарыларымен бірге жұмыс істей алатын процессорлар жатады; RISC жүйесі MIPS R4000, Didital Alpha AXP және Pentiun P54 сериялы процессор түрінде келтірілген.

Windows NT бір процесорлық компьютерлік архитектурасына ғана тәуелді болмай, симметриялық мультипроцессорлық жүйенің мүмкіндігін пайдалану жүзеге асыра алатындығы масштабтау болып табылады. Қазіргі кезде Windows NT процессорлары саны 1 – ден 32 – ге дейінгі компьютерлерде жұмыс істей алады. Сонымен қатар тұтынушылардың күрделі талаптарына қарай және Windows NT-ға әлдеқайда қуатты және өнімді серверлер мен жұмыс станциясын корпоративтік желіге қосуға мүмкіндік береді. Осы қосымша артықшылықтары серверлер мен жұмыс станцияларына ортақ жұмыс істеу мүмкіндігін береді.

Windows NT АҚШ үкіметінің ерекшеліктерін қанағаттандыратын және қауіпсіздік стандартыВ2 - ге сәйкес біртекті қауіпсіздік ережесін сақтауға мүмкіндік береді. Корпоративтік ортада шекті қосымшалар арқылы толық оқшаулау мүмкіндік береді.

Бұл дегеніміз Windows NT желілік жүйелерге ену мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді.

Windows NT әр түрлі транспорттық протоколдармен, «клиент - сервердің» жоғарғы деңгейлі қызметін пайдалана отырып, оның ішінде жойылған шақыру каналдар процедурасын (RPC – remote procedure call) енгізу арқылы және Windows – сокетті қолдана отырып, хост – компьютердің әр түрлі типімен байланыс жасауды қамтамасыз етеді.

Архитектураның сенімділігі мен мықтылығы арқасында қолданбалы программалар бір – бірімен және операциялық жүйелермен өзара зақымданудан сақтайды. Құрылымның біріктілігінің арқасында Windows NT ерекше жағдайларда барлық деңгейде NTFS файлдық жүйесінің қайтадан қалпына келтіруін және ендірілген қауіпсіздік жүйесінің сақталуын және жадқа сақтау әдісін жетідіруге мүмкіндік береді.

ISO Unicod халықаралық (стандарттау ұйымымен жасалған) стандартын қолдану арқылы көптеген елдерде ұлттық тілдерде жұмыс істеуге, белгілі бір аймақта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жүйе модульдік құрылымы арқылы Windows NT - ге енгізіп, оның мүмкіндіктерін арттырып операциялық жүйенің әр түрлі деңгейіне жаңа модульдерді енгізуге болады.

Қорытынды

Windows NT бір процесорлық компьютерлік архитектурасына ғана тәуелді болмай, симметриялық мультипроцессорлық жүйенің мүмкіндігін пайдалану жүзеге асыра алатындығы масштабтау болып табылады. Қазіргі кезде Windows NT процессорлары саны 1 – ден 32 – ге дейінгі компьютерлерде жұмыс істей алады. Сонымен қатар тұтынушылардың күрделі талаптарына қарай және Windows NT-ға әлдеқайда қуатты және өнімді серверлер мен жұмыс станциясын корпоративтік желіге қосуға мүмкіндік береді.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Кез келген пәнді білу үшін, оның теориясын терең меңгеру керек. Сондықтан дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, МӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Балақаева Г. Операциялық жүйелер=Operating systems: Оқу құралы./Г.Балаќаева; Қазақ тіліне ауд. Б.Яғалиева.- Алматы: Print-S, 2004.-

2. Освоение операционной системы UNІX / К.и., Пупков.; Авт.

:К.А.Пупков, А.С.Черников, Н.М.Якушева.- Москва, 2005- 112 с.

3. Операционные системы: разработка и реализация (+CD)

/ Э. Таненбаум, А.Вудхалл.- Санкт-Петербург, 2006.- 576 с.

Қосымша:

1. Жүйелік бағдарламалық қамтама  Әйтімова, Ұ.Ж.  Қызылорда 2012

2. Операциялық жүйелер. Явровский В. Астана 2008

3. Реестр Windows Vista Трюки и эффекты (+CD-ROM)  Гладкий, А.  Санкт – Петербург 2008

Бақылау сұрақтары

1. Жаңа операциялық жүйелердің сәйкестілігін сақтау.

2. Windows NT процессорлары