Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать

15 Тақырып. Операциялық жүйелерді құрудың негізгі принциптері.

Дәріс мақсаты: ОЖ құрудың негізгі принциптері.

Негізгі қарастырылатын сөздер: Мобильдік немесе жылдам ауысушылық принципі.

Дәріс сұрақтары:

1.1 Операциялық жүйелерді құрудың негізгі принциптері.

1.2 Виртуалдау принципі. Мобильдік немесе жылдам ауысушылық принципі.

Дәріс мазмұны

Виртуалдау принципі қазіргі кездегі барлық операциялық жүйелерде қолданылады. Бұл принцип нақты ресурстарды абстракциялауға, олардың қасиеттерін максимальды жалпылауға мүмкіндік береді. Бұл принцип жүйе құрылымын процестерді жоспарлаушылар және ресурстарды бөлушілер жиыны түрінде көрсетеді және ресурстарды бөлудің орталықтандырылған сұлбасын пайдалануға мүмкіндік береді. Windows жүйесінде барлық аппараттық қорек көздері виртуалданған.

Мобильділік немесе жылдам ауысушылық принципі операциялық жүйелердің басқа аппараттық платформаға жылдам және жеңіл көшуіне мүмкіндік береді. Мобильді операциялық жүйелер арнайы жоғарғы деңгейдегі жүйелік программалық жабдықтауды құруға арналған тілдер арқылы өңделеді. Мұндай тілдер жоғарғы деңгейлі операторлар арқылы берілгендер тілдері арқылы және модульдік құрастырушылар арқылы процессордың барлық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін мейілінше пайдалануды талап етеді. Мұндай тілдер өте кең тараған және жүйелік программалауда көп қолданылады. Осындай тілдердің бірі ретінде Си және С++ программалау тілдерін айтуға болады.

Анықтылық принципі – ашық операциялық жүйелерді мамандармен қатар пайдаланушыларға да түсінікті болуы керек. Басқаша айтқанда мұндай операциялық жүйелерге өзгерістер мен қосымшалар енгізу жүйенің бүтіндігін сақтай отырып, жүргізуге болады.

Программалық компоненттерден операциялық жүйелерді генерациялау принципі. Операциялық жүйелерді генерациялау дегеніміз оны жеке программалық модульдерден жинақтау. Нәтижесінде операциялық жүйенің жинақталған екілік кодтарын және нақты компьютердің конфигурациясын бейнелейтін жүйелік кестелерді алуға болады. Генерациялау процесі арнайы генератор-программасының көмегімен жүзеге асырылады. Генерациялаудың нәтижесінде операциялық жүйенің толық нұсқасы алынады.

Қорытынды

Мобильділік немесе жылдам ауысушылық принципі операциялық жүйелердің басқа аппараттық платформаға жылдам және жеңіл көшуіне мүмкіндік береді. Мобильді операциялық жүйелер арнайы жоғарғы деңгейдегі жүйелік программалық жабдықтауды құруға арналған тілдер арқылы өңделеді. Мұндай тілдер жоғарғы деңгейлі операторлар арқылы берілгендер тілдері арқылы және модульдік құрастырушылар арқылы процессордың барлық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін мейілінше пайдалануды талап етеді. Мұндай тілдер өте кең тараған және жүйелік программалауда көп қолданылады. Осындай тілдердің бірі ретінде Си және С++ программалау тілдерін айтуға болады.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Кез келген пәнді білу үшін, оның теориясын терең меңгеру керек. Сондықтан дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, МӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Балақаева Г. Операциялық жүйелер=Operating systems: Оқу құралы./Г.Балаќаева; Қазақ тіліне ауд. Б.Яғалиева.- Алматы: Print-S, 2004.-

2. Освоение операционной системы UNІX / К.и., Пупков.; Авт.

:К.А.Пупков, А.С.Черников, Н.М.Якушева.- Москва, 2005- 112 с.

3. Операционные системы: разработка и реализация (+CD)

/ Э. Таненбаум, А.Вудхалл.- Санкт-Петербург, 2006.- 576 с.

Қосымша:

1. Жүйелік бағдарламалық қамтама  Әйтімова, Ұ.Ж.  Қызылорда 2012

2. Операциялық жүйелер. Явровский В. Астана 2008

3. Реестр Windows Vista Трюки и эффекты (+CD-ROM)  Гладкий, А.  Санкт – Петербург 2008

Бақылау сұрақтары

1. Виртуалдау принципі.

2. Анықтылық принципі.