Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать

13 Тақырып. Ntfs файлдық жүйесі.

Дәріс мақсаты: Файлдарды басқару жүйесі. Берілгендер аумағын анықтау.

Негізгі қарастырылатын сөздер: NTFS файлдық жүйесі.

Дәріс сұрақтары:

1.1 NTFS файлдық жүйесі.

1.2 NTFS файлдық жүйесінің сенімділігі, кеңейтілген функционалы, үлкен көлемді дискілердің қамтылуы.

Дәріс мазмұны

NTFS файлдық жүйесінің атауына “жаңа технология” деген сөз кіреді. New Technology File System – жаңа технологиялардың файлдық жүйесі. Шыныда да NTFS файлдық жүйесі FAT16 және FAT32 файлдық жүйелеріне қарағанда мейілінше жаңартылған, өзгерген файлдық жүйе. Оның негізгі жетістіктеріне тоқталайық:

  1. Сенімділігі, яғни жоғарғы өнімділікті командалар және өнімдер NTFS файлдық жүйесінің арқасында жоғарғы сенімділікке ие. Себебі NTFS файлдық жүйесінің бұзылған аумақты қалыпына келтіру мүмкіндігі бар;

  2. Файлдар мен каталогтарға қол жеткізудің шектеулілігі. Қауіпсіздікті қамтамассыз ету мақсатында NTFS файлдық жүйесі файлдар мен каталогтардың қауіпсіздігін қамтамассыз етеді.

  3. Қызметінің кеңдігі. Оған орнықтылық, қауіпсіздіктің қуатты моделі, мәліметтер тасқынын параллель өңдеу және файлдық атрибуттарды құру және т.б. жатады. Мұндай файлдық жүйелерге Windows 2000 және XP жатады.

  4. Үлкен көлемді дискілерге қолдау көрсету мүмкіндігі. Осы уақыттағы файлдық жүйелер 300-400 Мбайт көлемде жұмыс істесе, NTFS файлдық жүйесінің ең үлкен мүмкіндігі 16 Экзабайт.

1Эбайт=264 байтқа тең.

NTFS-ті жобалау негізінде барлық назар файлдар мен каталогтарда енуді шектеумен механизміне аударылды. Бұл жүйе OS/2 V.3 жобасы негізінде жасалды.

Сенімділік

Жоғары өнімділікті компьютерлер мен жүйелер жоғары сенімділікке иеленуі мүмкін. NTFS жүйесі өзін өзі басқарудың белгілі бір қасиеттеріне ие. Ол жүйенің тұтастығын тексеретін әртүрлі механизмдерден, транзакция журналдарын жүргізуден тұрады. Файлдық операторларды протоколдау кезінде файлдарды басқару жүйесі өзгеріс болатын арнайы қызметтік файлда белгіленеді. Операциялардың басталуы кезінде қажетті белгімен жүргізіледі. Егер файлдық операциялар кезінде қандайда бір ақаулық болса белгілену бойынша операция аяқталмаған күйде қалады. Файлдық жүйенің тұтастығын тексеру процедурасы кезінде машинаны жүктеген соң бұл аяқталмаған операциялар қайтарылады және файлдар бастапқы мәнге қойылады. Егер де деректерді өзгерту операциясы файлдарды қалыпты жағдайда аяқталса, онда файл журналында бұл оперция аяқталмаған болып белгіленеді.

NTFS сервер үшін файлдық жүйе ретінде дайындалған соң онда НРFS –дей ақаулы секторларды резервтік көшірмелермен алмастыру енгізілген. Басқаша айтқанда, егер деректерді оқу кезінде ақау табылса, онда жүйе ол деректерді оқуға, арнайы дискі кеңістігіне көшіруге тырысады, ал ақауларды секторлады жарамсыз етіп белгілеп оларға енбейтіндей етеді.

NTFS файлдық жүйесі Windows NT операциялық жүйенің қауіпсіздігінің объектілік моделін қолданады және барлық томдарды, каталогтарды және файлдарды өздігінше объектілер секілді қарастырады. NTFS жүйесі файлдар мен каталогтар деңгейінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз- томдарға, каталогтарға және файлдарға ену мүмкіндігі қолданушының есептік жазбасына тәуелді болады деген сөз. Қолданушы файлдық жүйеге енген сайын оның енуге құқығы енуді басқару тізімімен тексеріп отырады. Егер қолданушыда қажетті мүмкіндік болса, оның сұранысы қанағаттандырады. Олай болған жағдайда сұраныс қайтарылады. Бұл қауіпсіздік моделі Windows NT бар компьютерлерде қолданушыларда желілік тіркеу кезінде де, жойылған желілік сұраныстары да оналасады.

Кеңейтілген функционал

NTFS жүйесі мүмкін кеңейтілімін есепке ала отырып жобаланған. Мұнда- жоғары деңгейлі қайтару тұрақтылығы, басқа файлдық жүйенің эмуляциясы, қауіпсіздіктің қуатты моделі, атрибуттарды құру секілді қосымша мүмкіндіктер бар. Бұл жүе сонымен қатар жеке файлдармен қатар бүтін, топ каталогтарды сығымдауға мүмкіндік береді. NTFS-тің соңғы бесінші версиясында сақталатын файлдардың шифрлену мүмкіндіктері ұсынылған.

Үлкен көлемді дискілердің қамтылуы

NTFS жүйесі үлкен көлемді дискілермен жұмыс істеу үшін арналып жасалды. Ол 300-400 Мбайт және одан да үлкен көлемді томдармен жұмыс жасай алады. Дискі көлемі үлкен болған сайын және онда файлдар да көп болған сайын біз NTFS жүйесін FAT16 және FAT32-мен бірге қолдансақ бізге тиімдірек болады. Томның максималды мүмкін көлемі 16 Эбайтқа тең (1 Эбайт 264 байт немесе 16000 млрд Гбайт болады). Ал Windows NT/2000 /ХР жұмыс кезінде FAT16 дискінің көлемі 4 Гбайттан аспауы тиіс, ал FAT32 мен жұмыс жасағанда 32 Гбайттан аспауы қажет. Түбірлі және түбірлі емес файлдарда файлдар көлемі NTFS қолданылуында щексіз болады. Себебі NTFS каталогтары құрылымы негізінде «екілік ағаш» деп айтатын деректердің тиімді құрылымы жатыр. Сонымен қатар файлдардың және томдардың шексіз көлемінен басқа NTFS жүйесі сығудың құрылымдық құрылғысына да ие.ол дискінің кеңістігін үнемдеп, оған көбірек файлдарды орнатуға мүмкіндік береді

Қорытынды

NTFS жүйесі өзін өзі басқарудың белгілі бір қасиеттеріне ие. Ол жүйенің тұтастығын тексеретін әртүрлі механизмдерден, транзакция журналдарын жүргізуден тұрады. Файлдық операторларды протоколдау кезінде файлдарды басқару жүйесі өзгеріс болатын арнайы қызметтік файлда белгіленеді. Операциялардың басталуы кезінде қажетті белгімен жүргізіледі.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Кез келген пәнді білу үшін, оның теориясын терең меңгеру керек. Сондықтан дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, МӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Балақаева Г. Операциялық жүйелер=Operating systems: Оқу құралы./Г.Балаќаева; Қазақ тіліне ауд. Б.Яғалиева.- Алматы: Print-S, 2004.-

2. Освоение операционной системы UNІX / К.и., Пупков.; Авт.

:К.А.Пупков, А.С.Черников, Н.М.Якушева.- Москва, 2005- 112 с.

3. Операционные системы: разработка и реализация (+CD)

/ Э. Таненбаум, А.Вудхалл.- Санкт-Петербург, 2006.- 576 с.

Қосымша:

1. Жүйелік бағдарламалық қамтама  Әйтімова, Ұ.Ж.  Қызылорда 2012

2. Операциялық жүйелер. Явровский В. Астана 2008

3. Реестр Windows Vista Трюки и эффекты (+CD-ROM)  Гладкий, А.  Санкт – Петербург 2008

Бақылау сұрақтары

1. NTFS файлдық жүйесінің сенімділігі дегеніміз не?

2.Кеңейтілген функционалы дегеніміз не?

3.Үлкен көлемді дискілердің қамтылуы дегеніміз не?

14 Тақырып. Операциялық жүйелер архитектурасы.

Дәріс мақсаты: ОЖ архитектурасын зерттеу.

Негізгі қарастырылатын сөздер: Операциялық жүйелер архитектурасы.

Дәріс сұрақтары:

1.1 Операциялық жүйелер архитектурасы.

1.2 Жүйе архитектурасы. ОЖ құрудың негізгі принциптері.

Дәріс мазмұны

Жүйелік басқарушы және өңдеуші программалар кешені ретінде операциялық жүйелер өзара байланысқан программалық модульдер мен құрылымдық белгілерді көрсетеді. Олар тиімді және сенімді есептеулерді жүргізуге мүмкіндік береді. Операциялық жүйелердің көптеген потенциалды мүмкіндіктері оның техникалық және пайдаланушылық параметрлері жүйе архитектурасымен анықталады. Жүйе архитектурасы деп оның құрылымын және оны құрудың негізгі принциптерін айтамыз.

Операциялық жүйелерді құрудың негізгі принциптеріне тоқталайық. Олар:

  • Модульділік принципі;

  • Виртуалдау принципі;

  • Мобильділік принципі;

  • Анықтылық принципі;

  • Программалық компоненттерден операциялық жүйелерді генерациялау принципі.

Модульділік принципі – операциялық жүйелер көптеген программалық модульдерден тұрады. Модуль деп жалпы жағдайда модуль аралық интерфейске сәйкес орындалатын функциональді аяқталған жүйе элементін айтамыз. Операциялық жүйелерді жеке модульдерге бөлу көбінесе олардың функцияналдық қасиеттеріне сәйкес жүргізіледі. Операциялық жүйелерді құруда жеңілдікті, қайта енетін жән рентабельді модульдер ерекше орын алады. Олар есептеу жүйелерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Модульділік принципі жүйенің техникалық және эксплуатациялық қасиеттерін бейнелейді. UNIX операциялық жүйесінде модульділік принципі негізгі принциптердің бірі болып табылады. Барлық операциялық жүйелерде модульдердің ішінен белгілі бір бөлігін басқарушы модульдер есебінде бөліп алуға болады. Олар үнемпі жедел жадыда орналасып, есептеу процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл модульдер кейбір жүйелік құрылымдық берілгендермен бірігіп операциялық жүйенің ядросын құрайды. Ядро құрамын құруда екі жағдай орындалуы керек:

  1. ядро құрамына өте жиі орындалатын жүйелік модульдер кіруі керек;

  2. ядроға кіретін модульдер көлемі жадыдан көп орын алмайтын болуы керек.

Ядро құрамына кіретін модульдерден басқа транзитті деп аталатын жүйелік программалық модульдер де болады. Транзитті программалық модульдер жедел жадыға тек қажетті жағдайда ғана жүктеледі.

Қорытынды

Жүйелік басқарушы және өңдеуші программалар кешені ретінде операциялық жүйелер өзара байланысқан программалық модульдер мен құрылымдық белгілерді көрсетеді. Олар тиімді және сенімді есептеулерді жүргізуге мүмкіндік береді. Операциялық жүйелердің көптеген потенциалды мүмкіндіктері оның техникалық және пайдаланушылық параметрлері жүйе архитектурасымен анықталады. Жүйе архитектурасы деп оның құрылымын және оны құрудың негізгі принциптерін айтамыз.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Кез келген пәнді білу үшін, оның теориясын терең меңгеру керек. Сондықтан дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, МӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Балақаева Г. Операциялық жүйелер=Operating systems: Оқу құралы./Г.Балаќаева; Қазақ тіліне ауд. Б.Яғалиева.- Алматы: Print-S, 2004.-

2. Освоение операционной системы UNІX / К.и., Пупков.; Авт.

:К.А.Пупков, А.С.Черников, Н.М.Якушева.- Москва, 2005- 112 с.

3. Операционные системы: разработка и реализация (+CD)

/ Э. Таненбаум, А.Вудхалл.- Санкт-Петербург, 2006.- 576 с.

Қосымша:

1. Жүйелік бағдарламалық қамтама  Әйтімова, Ұ.Ж.  Қызылорда 2012

2. Операциялық жүйелер. Явровский В. Астана 2008

3. Реестр Windows Vista Трюки и эффекты (+CD-ROM)  Гладкий, А.  Санкт – Петербург 2008

Бақылау сұрақтары

1. Операциялық жүйелерді генерациялау дегеніміз не?

2. Операциялық жүйелерді құрудың негізгі принциптері.