Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать

12 Тақырып. Hpfs файлдық жүйесі.

Дәріс мақсаты: HPFS файлдық жүйесімен жұмыс.

Негізгі қарастырылатын сөздер: High Performance File System –жоғарғы өнімділікті файлдық жүйе.

Дәріс сұрақтары:

1.1 Файлдарды басқару жүйесі

1.2 HPFS файлдық жүйесі.

Дәріс мазмұны

Файлдарды басқару жүйесі заманауи операциялық жүйелердің фундаменталды ұғымы болып табылады. Атап айтар болсақ UNIX операциялық жүйесі файлдық жүйесіз қызмет істей алмайды. Себебі, біріншіден, файлдық жүйе арқылы берілгендері бойынша көптеген жүйелік программалар байланысады. Екіншіден, осы жүйе арқылы дискі кеңістігін орталықтандырылған бөлу мәселесі шешіледі.

Файл дегеніміз бірдей құрылымды жазбалардың ат беріліп сақталған, дискіден белгілі бір орын алатын берілгендер тізімі. Осы берілгендерді басқару үшін файлдық жүйелер құрылады. Файлдық жүйелер берілгендердің логикалық құрылымымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Файлдарды басқару жүйесі арқылы файлдық ақпараттарды құру, жою, басқару, жүзеге асырылады. Сондай-ақ файлдарды басқару жүйелері арқылы пайдаланушылар

  1. файлдарды құру, өшіру, атын өзгерту;

  2. дискілік емес перифериалық құрылғылармен файлдар сияқты жұмыс істеу;

  3. файлдар, құрылғылар, файл мен құрылғы арасында берілгендерді алмастыру;

  4. бағдарламалық модульдер арқылы файлдармен жұмыс істеу;

  5. файлдарды қорғау мүмкіндігіне ие бола алды.

HPFS файлдық жүйесі.

High Performance File System –жоғарғы өнімділікті файлдық жүйе. Алғаш рет OS/2 және LAN Manager екі операциялық жүйесінде пайда болды. Бұл файлдық жүйе IBM және Microsoft компанияларының жетекші мамандарының күшімен құрылды. HPFS архитектурасы көп есепті режимге арналып жасалған. Бұл файлдық жүйе дербес компьютерге арналған алғашқы файлдық жүйе болып табылады. Бұл жүйенің FAT файлдық жүйесіне қарағанда жетістіктері:

  1. Жоғарғы өнімділіктілігі;

  2. Файлды немесе каталогты икемді басқаруға мүмкіндік беретін кеңейтілген атрибуттарды қолдау мүмкіндігі;

  3. Сенімділігі;

  4. Дискілік кеңістікті тиімді басқару мүмкіндігі.

Қорытынды

High Performance File System –жоғарғы өнімділікті файлдық жүйе. Дәрісте HPFS файлдық жүйесінің FAT файлдық жүйесіне қарағандағы жетістіктері айқындалды.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Кез келген пәнді білу үшін, оның теориясын терең меңгеру керек. Сондықтан дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, МӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Балақаева Г. Операциялық жүйелер=Operating systems: Оқу құралы./Г.Балаќаева; Қазақ тіліне ауд. Б.Яғалиева.- Алматы: Print-S, 2004.-

2. Освоение операционной системы UNІX / К.и., Пупков.; Авт.

:К.А.Пупков, А.С.Черников, Н.М.Якушева.- Москва, 2005- 112 с.

3. Операционные системы: разработка и реализация (+CD)

/ Э. Таненбаум, А.Вудхалл.- Санкт-Петербург, 2006.- 576 с.

Қосымша:

1. Жүйелік бағдарламалық қамтама  Әйтімова, Ұ.Ж.  Қызылорда 2012

2. Операциялық жүйелер. Явровский В. Астана 2008

3. Реестр Windows Vista Трюки и эффекты (+CD-ROM)  Гладкий, А.  Санкт – Петербург 2008

Бақылау сұрақтары

1. HPFS файлдық жүйесі туралы.

2. HPFS файлдық жүйесінің жетістіктері.