Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать

11 Тақырып. Файлдық жүйелер, олардың функциялары және берілгендер иерархиясы. Fat файлдық жүйесі.

Дәріс мақсаты: Файлдық жүйелер, файлдық жүйелер функциялары және берілгендер иерархиясын таныстыру .

Негізгі қарастырылатын сөздер: Магниттік дискінің логикалық құрылымы.

Дәріс сұрақтары:

1.1 Файлдық жүйелер функциялары.

1.2 Берілгендер иерархиясын таныстыру .

Дәріс мазмұны

Файлдарды басқару жүйесі заманауи операциялық жүйелердің фундаментальді ұғымы болып табылады. Атап айтар болсақ UNIX операциялық жүйесі файлдық жүйесіз қызмет істей алмайды. Себебі, біріншіден, файлдық жүйе арқылы берілгендері бойынша көптеген жүйелік программалар байланысады. Екіншіден, осы жүйе арқылы дискі кеңістігін орталықтандырылған бөлу мәселесі шешіледі.

Файл дегеніміз бірдей құрылымды жазбалардың ат беріліп сақталған, дискіден белгілі бір орын алатын берілгендер тізімі. Осы берілгендерді басқару үшін файлдық жүйелер құрылады. Файлдық жүйелер берілгендердің логикалық құрылымымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Файлдарды басқару жүйесі арқылы файлдық ақпараттарды құру, жою, басқару, жүзеге асырылады. Сондай-ақ файлдарды басқару жүйелері арқылы пайдаланушылар

  1. файлдарды құру, өшіру, атын өзгерту;

  2. дискілік емес перифериалық құрылғылармен файлдар сияқты жұмыс істеу;

  3. файлдар, құрылғылар, файл мен құрылғы арасында берілгендерді алмастыру;

  4. программалық модульдер арқылы файлдармен жұмыс істеу;

  5. файлдарды қорғау мүмкіндігіне ие бола алды.

FAT файлдық жүйесі (File Allocation Table- файлдарды орналастыру кестесі) өз атауын қарапайым кестеге байланысты алды. Ол кестеде:

  1. Файлдарды немесе олардың фрагменттерін орналастыруға арналған дискінің логикалық аумағының мекен-жайы көрсетіледі.

  2. Дискілік кеңістіктің бос аумағы көрсетіледі.

  3. Дискінің ақаулы аумағы көрсетіледі.

FAT файлдық жүйесінде кезкелген логикалық дискінің дискілік кеңістігі 2 аумаққа: жүйелік және берілгендер болып бөлінеді.

Жүйелік аумағы оны форматтау барысында құрылады, сонан соң файлдық құрылыммен жұмыс істеу барысында жаңартылып отырады.

Берілгендер аумағы – кәдімгі файлдардан және каталогтардан тұрады. Берілгендер аумағына кәдімгі пайдаланушылар интерфейсі арқылы қол жеткізуге болады.

Жүйелік аумақ келесі компоненттерден тұрады:

  1. Жүктелуші жазбалар (Boot Record, BR);

  2. Резервтік секторлар (Reservist Sectors, ResSec);

  3. Файлдарды орналастыру кестесі (File Allocation Table, FAT);

  4. Түпкі каталог (Rost Directoty, RDir).

Қорытынды

Файлдарды басқару жүйесі заманауи операциялық жүйелердің фундаментальді ұғымы болып табылады. Файлдарды басқару жүйесі арқылы файлдық ақпараттарды құру, жою, басқару, жүзеге асырылады. FAT файлдық жүйесіне тоқталамыз.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Кез келген пәнді білу үшін, оның теориясын терең меңгеру керек. Сондықтан дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, МӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Балақаева Г. Операциялық жүйелер=Operating systems: Оқу құралы./Г.Балаќаева; Қазақ тіліне ауд. Б.Яғалиева.- Алматы: Print-S, 2004.-

2. Освоение операционной системы UNІX / К.и., Пупков.; Авт.

:К.А.Пупков, А.С.Черников, Н.М.Якушева.- Москва, 2005- 112 с.

3. Операционные системы: разработка и реализация (+CD)

/ Э. Таненбаум, А.Вудхалл.- Санкт-Петербург, 2006.- 576 с.

Қосымша:

1. Жүйелік бағдарламалық қамтама  Әйтімова, Ұ.Ж.  Қызылорда 2012

2. Операциялық жүйелер. Явровский В. Астана 2008

3. Реестр Windows Vista Трюки и эффекты (+CD-ROM)  Гладкий, А.  Санкт – Петербург 2008

Бақылау сұрақтары

1. Файлдарды басқару жүйесі туралы.

2. FAT файлдық жүйесінің қызметі.