- •2007Ж. 14 маусымдағы №6 нх Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
- •Қарағанды 2014ж
- •Клиникалық көрінісі
- •Патогенезі
- •Лечение поверхностного кариеса
- •Причины возникновения кариеса
- •Симптомы поверхностного кариеса
- •Диагностика поверхностного кариеса
- •Лечение поверхностного кариеса
- •Профилактика кариеса
- •Бастапқы кариестің клиникалық көрінісі
- •Беттік кариестің клиникалық көрінісі
- •Кариестің диагностикасы мен салыстырмалы диагностикасы
Клиникалық көрінісі
Дақ сатысындағы кариес
Дақ сатысы немесе кариозды деминерализация. Эмальдың деминерализациясын қараған кезде қалыпты жағдайдағы түсі шектеулі аймақта: бүлынғыр, ақ, ақшыл-қоңыр, қара-қоңыр жэне де қара түсті дақтар
өзгерістерін көруге болады. Үрдіс шектеулі аймақтағы эмальдың табиғи жылтырының кетуімен басталады. Көбінесе бүл тіс мойнында қызыл иекке жақын жерде болады. Зақымдану ошағы бастапқыда кішкентай болып, уақыт өте зақымдану аймағы үлкейе бастайды. Одан кейін дақтар барлық немесе кішкене бөлігін эр түрлі түстерге бояйды. Деминерализация ошағы түсінің өзгеруі микрокеңістіктердің көлемінің үлкейіп жэне органикалық бояғыш заттардың еңуінен болады деп санайды. Клиникалық бақылаулар -кариозды ақ дақтар (қарқынды деминерализация) беткей кариеске айналуы беткей жатқан эмальдың бүтіндігінің бүзылуынан немесе пигменттелген дақ дкминерапизация үрдісінің азаюынан болады-осыны стабилизация үрдісі деп атайды. Айта кететің жэйіт, стабилизация уақытша болады жэне ерте немесе кеш пигментация орнында тіннің ақауы пайда болады. Дақ беттері тегіс зонд үшы тірелмейді, метилен көгі ерітіндісімен боялады. Тіс үлпасы 2-6 мкА ток күшіне жауап қайтарады. Трансиллюминиацияда орналасуынан, көлемінен жэне пигменттелуінен тэуелсіз анықталады. Утракүлгін сэулелер эсерінен тістердің қатты тіндеріне қалыпты дақ аймағында люминисцентті өшуі анықталады.
Беткей кариес
Беткей кариесте қысқа уақытта пацда болатын химиялық тітіркендіргіштерге (тәттіге, түздыға, қышқылға) шағымдары негізгі болып саналады. Қысқа уақытта температуралық тітіркендіргіштерге ауыруы мүмкін, ол жиі ақау тістің мойын аймағында, эмальдың ең жүқа аймағында жэне тісті қатты тіс щеткасымен жуған кезде болады Тістің зақымданған ошағын қараған кезде, эмаль деңгейінде терең емес ақаулар анықталады. Ол көбінесе эмаль бетіндегі кедір-бүдырлықты зондпен тексергенде анықталады. Кедір-бүдырлық жиі ақ немесе пигменттелген дақтың ортасында байқалады. Қуыс тістердің жанасу беттерінде орналасса - онда ас қалдықтары түрып қалатың орын жэне тіс иек бүртіктерінің қабынуы
«ісінуі, қызаруы, зондпен тигенде қанауы) болады. Беткей кариес тістердің
таоиғи саиларында орналасса, диагностикалауы аитарлықтаи қиындыққа соғады. Бүндай жағдайларда динамикалық бақылау жүргізіледі - 3-6 айдан кейін қайта қаралу. Трансиллюминисцентті диагностикада ылғида анықталады. Тістің интакті тінінің айқын жарықтануында көлеңке көрінеді, бүл эмаль ақауына ұқсайды. Электроодонто диагностикада қалыпты жағдайда ауытқу анықталмайды. Тістердің жанасу беттерінде орналасқан ақауды рентгенографиямен тексереді.
Орта кариес
Орта кариесте науқастар шағым айтпауы мүмкін, кейде химиялық (қышқылға, тэттіге, түщыға), механикалық (ас қалдықтарына), температуралық (суық, ыстық) қысқа мерзімде ауырсынудың болуына, оның тез басылуына шағымдануы мүмкін. Бүл кариестік үрдістің түрінде эмаль-дентин қосылысының бүтіндігі бұзылады, бірақта тіс қуысы үстінде дентиннің қалың қабаты сақталады. Тісті қараған кезде терең емес кариес қуысы анықталады, іші жү_мсарған жэне пигменттелген дентинге толы, ол зондпен анықталады. Кариестің созылмалы ағымында зондпен тексергенде қабырғасы мен түбі тығыз, кіретің қуысы кең, ал ткз ағымды кариесте-жүмсарған жэне пигменттелген дентин тіс табаны мен қабырғаларында толы, кариес қуысы тар, эмаль шеттері үшкір жэне жұқа. Зондпен тексергенде эмаль-дентин шекарасында ауру сезімі бар. Тіс үлпасы 2-6 мкА тоқ күшіне жауап қайтарады.
Терең кариес
Науқастар қысқа уақытта ауыратың механикалық, термиялық, химиялық тітіркендіргіштерге ауырады, тітіркендіргіштерді жойғаннан кейін ауыру сезімі болмайды. Тісті қараған кезде терең кариес қуысы анықталады. Кариес қуысында эмаль қырлары жү_қа, іші жүмсарған, пигменттелген дентинге толы. Зондпен тексергенде қуыс табанының барлық аймақтарында
ауыру сезімі бар. Тіс үлпасы қалыпты тоқ күшіне 2-6 мкА жауап қайтарады, кейде 10-12мкА-ге дейін түседі. Тістің перкусиясы ауырмайды.
