Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кариесс 969696.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.13 Кб
Скачать

ҚММУ Ф 4/3-04/03

2007Ж. 14 маусымдағы №6 нх Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасы

ДӘРІС

Тақырып: Тісжегін оперативті емдеудің негізгі қағидалары және кезеңдері. . Қателіктер мен асқынулар, оларды жою және алдын алу.

Пәні TSP 4301 «Терапиялық стоматология пропедевтикасы»

Мамандығы: 5В130200 «Стоматология»

Курс 4

Уақыты ( ұзақтығы ) – 1 сағат

Қарағанды 2014ж

Терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасының отырысында талқыланып бекітілді

Хаттама № 1 02.09.2014

Терапиялық және ортопедиялық стоматология

кафедрасының меңгерушісі Танкибаева Ж.Г.

Тақырып: Тісжегін оперативті емдеудің негізгі қағидалары және кезеңдері. . Қателіктер мен асқынулар, оларды жою және алдын алу

Мақсаты; Кариестің Тісжегін оперативті емдеудің негізгі қағидалары және кезеңдеріне түсінік беру.

Дәріс жоспары :

  1. Бастапқы кариестің клиникалық көрінісі

  2. Беттік кариестің клиникалық көрінісі

  3. Орташа кариестің клиникалық көрінісі

  4. Терең кариестің клиникалық көрінісі

  5. Кариестің диагностикасы мен салыстырмалы диагностикасы

Кіріспе

Кариес — дегеніміз тіс жарып шыққанан кейін пайда болатын патологиялыь үрдіс. Бүл кезде тістің қатты тіндерінің деминерализациясы мен жұмсаруы, кейіннен ақаудың қуыс түрінде пайда болуымен жүреді. Кариес бүрыннан белгілі патология. Тістердің кариестен зақымдануы туралы көне әдебиеттерде жазбалар бар, олар 2500-3000 жыл б.э.д. кезендерге жатады. Заманауй жағдайларда кариес жер шарының эр түрлі аймақтарында жайылу мен қарқындылығы бірдей емес. Бүл фактордың эр аймақта эр түрлі болуымен түсіндіріледі. Ағзаға фтордың жеткілікті түсуі кезінде, тістердің кариеспен зақымданулары айтарлықтай төмен болуымен дэлэлденген.

Кариестің патологиялық гистологиясы

Кариестің клиникалық ағымы екі түрін ажыратады: біріншісі - түсінің өзгерілуімен міңезделеді жэне зақымданбаған эмаль беттері көрінеді. Екіншісі - тіннің ақауы пайда болады (кариес қуысы) тіннің морфологиялық өзгерістерін бағалаудың көп көлемде эр түрлі эдістері бар. Кариестің дақ сатысын зерттеудің сезімтал эдісі - поляризациялық микроскопия, бүл кезде

г

50-60 мкМ қалыңдықтағы тіс шлифы зерттеледі.

Эмальдың дақ сатысында поляризациялық микроскопиядан зақымдағаі ошақтың үшбүрыш түрлі бүрышы эмаль беткейіне қараған көріністе көресін. Зақымданған аймақтағы өзгерістер дақ өлшеміне сэйкес келеді. Зақымданған кезде Імм квадраттан аспайды, тістін шлифтарында мөлдір және қара аймақтар пайда болады. Кариес дақтарының көлемдерін үлкейтуде 3-аймақ шығады - зақымдану денесі, қара жэне мөлдір аймақ.

жерде эмаль асты қабатында дентинэмаль қосылысында жэне де дентинде өзгерістер анықталады. Өзгерістер ошақтың сыртқы қабатында элсіз айқындалмаған болады. Көрсетілген өзгерістер міңездемесі поляризационды жарық зерттеулері түсірілген, бүл жерде микрокеңістіктер үйкелген эмаль қалыпты жағдайда 1% микрокеңістікте болса, онда кариестің ақ дақты түрінде микрокеңістік пайыздық өлшемі айтарлықтай үлкейеді: сыртқы қабатында ошақ 3-5, ал зақымданған денеде 20% үлкейеді.

Дақ сатысындағы кариозды зақымдану ошақтарындағы үрдісті анықтауүшін микрорентгенографиялық шлифтердің зерттеуін жүргізеді. Кариозды үрдістің барлық даму сатысында белгілі бір тығыздығы эмаль аймақтарында кішіреюі анықталған, бүл деминерализация белгісін береді. Электронды микрозондылау эдісімен ақ жэне пигменттелген дақтардың эр түрлі аймақтарында - кальций, фосфор, фтор және т.б. минералды заттардың қүрамының кішіреюі белгіленген. Кейбір авторлардың анықтамасы бойынша кариозды зақымданулар ошақтарының орталықтарында кальций жоғалуы 20-30% жетеді.

Эмальдың химиялық құрамының өзгеруі оның механикалық резистенттілігімен өтеді. Эмальдың микромықтылығы ақ жэне пигменттелген дақтар аймағында жылдам төмендейді. Айта кететің маңызды жэйіт, эмальдың сыртқы бетінің микромықтылығы беткейінің астындағы қабатқа қарағанда кішірек. Зақымданған ошақта эмальдың механикалық беріктілігінің төмендеуімен қоса бір қатар заттардың өтуі тез жоғарылайды. Сонда қалыпты жағдайдағы эмаль бояуларды өткізбейді, ал ақ кариозды дақ метилен көгімен көк түске боялады. Бүлар клиникада деминерализация көріністерін анықтауға арналған диагностикалық тест. Сонымен қатар боялу қарқындылығының өзгеруіне байланысты өткізіліп жатқан реминерализа -ционды терапия эсерін бағалайды.

Эмаль бетінде кариозды дақтың әр түрлі сатысындағы көптеген электронды микроскопиялық зерттеулер нэтижесінде кристалдағы өзгерістерді көрсетті: гидрооксиаппатиттегі кристалл қүрылысының

орналасуының өзгеруі, кристалл пішшшщ өзгеруі, көлемшщ өзгеруі, эмальға типиялық емес кристаллдардың пайда болуы. Кариозды зақымданулар белгілері кезіндегі үлпадағы өзгерістерді зерттеген Л.А. Иванчиков ғалымы. Ол электронды микроскоп астында кариестің ақ дақ сатысындағы үлпаның эр түрлі аймақтарының қүрылысының жэне одонтобластардың жағдайынан, қан тамырлар мен жүйке шоғырларынан өзгерістер таппады. Деминерали-зация ошағы қалыптасқаннан кейін, клиникалық кариозды ақ дақ болуымен міңезделетінің айтты. Үрдіс ары қарай екі жолмен өтеді:

Бірінші жағдайда деминерализация үрдісі қарқынды жүрсе, беткі қабаты кейбір факторлар эсерінен көп уақыт бойы өзгеріске ұшырайды, бүл жерде ақау эмаль деңгейінде зақымданады. Айта кететін жэйіт, бұл қабатта эмаль мен детин шекарасында морфологиялық өзгерістер болмауы мүмкін.

Екінші жағдайда үрдіс ұзақ ағымда болады. Бүл жағдайда поляризационды микроскопияда эмальдың барлық қабатының өзгеруі болады - беткі қабаты сақталған қабаттан зақымданған ошақтар жақсы көрінеді. Зақымданған кариозды ошақтарда зақымданған дене қара және мөлдір аймақ. Бүл жерде дентин мен эмаль қосылысында өзгерістер байқалмайды. Клиникалық бүл морфологиялық фазаның өзгерген міңездемесі - ақшыл-қоңыр пигменттелген дақтың болуы. Бүл үрдістердің кеш сатыларында дентин-эмаль байланыстары мен дентин қабаттарында өзгерістер анықталады. Бүл кезде айтарлықтай зақымдану ошақтарының аймақтары үлкейеді (кейбірде тіс төмпешігінен мойнына дейін), ал дақ қара-қоңыр немесе қара түсті болады. Бүндай дақтар үзақ уақыт түруы мүмкін (жылдар бойы). Бірақта белгілі бір кезеңде деструкция пайда болып, дентинге өтеді. Қазіргі уақытқа дейін деминерализация қшақтарының қоңырға немесе қараға боялуы туралы айқын мәлэметтер жоқ. Кейбір авторлар эмальға өткен органикалық заттар қышқылды қайта қалпына келу үрдістері кезінде меланин тэріздіге айналып, түстерін өзгертеді дейді. Р.Г. Синицын деминерализация ошағына тирозиннің амин қышқылының жиналып, ары

қарай меланин пигментіне айналатының түсіндірді.

Келтірілген болжамдарға қарап, кариестің ақ жэне пигменттелген дақ сатылары - беткей деминерализациялары. Бүлар басында эмальдың жэне дентин-эмаль қосылыстарындағы зақымданбаған терең қабаттарында өтеді. Эмальдың беткі қабатының үзақ уақыт бойы сақталуы екі себеппен түсіндіріледі - бастапқы қабатының қүрылысының ерекшклігімен. Деминерализация эрі қарай дентин-эмаль байланыстарының деңгейіндегі өзгеруіне алып келеді. Кейіннен деминерализация орнында кариозды қуыс пайда болады, ол дентинді жаулайды. Кариес қуысы кезінде тіс тініндегі морфологиялық өзгерістердің бар, оларды жарықты микроскоп астында көруге болады:

Беткей кариесте - эмальда деструкция аймағы микроорганизмдермен бірге кездеседі, бірақта дентин-эмаль байланысы өзгеріссіз жэне дентинде өзгерістер бастапқы кезде кездеспейді. Үрдіс ары қарай қарқынды жүрсе, деминерализация дентин-эмаль қосылысында өтіп, келесі кезең басталады. Орта кариесте жарық микроскоптан 3 аймақ анықталады:

  1. - Бүзылу мен деминерализация.

  2. - Мөлдір және интакті дентин.

  3. — Орын басушы дентин жэне улпадағы өзгерістер.

Бірінші аймақта үлкен көлемдегі микроорганизмдер мен эмаль-дентин бүзылыстарының қалдықтары көрінеді. Тереңірек дентиннің жү_мсарған құрылысы ажыратылады дентин түтіктері кеңейген жіне орындарында микро сызықтармен қосылған (каверналар), олар бактерияларға толы. Терең қабаттарында микроорганизмдер саны аз болады. Одонтобластардың дентин өсінділері майлы дистрофияға үшырайды. Айта кететің жэйіт, дентиннің бұзылуы мен жүмсаруы дентин-эмаль байланысы аймағына қарай қарқындылай түседі. Сондықтан кариозды қуыста эмальдың сақталған қырлары жиі кездеседі.

Екінші аймақта мөлдір жэне интакті дентин қабаттары бар. Кариес

қуысындағы үрдістің қарқындылығына байланысты (тереңдеуіне) үлпа

үрдісіндегі өзгермеген дентин (интакты) қабат жүқарады. Дентиннің деминерализациясы одонтобласттардың дентин өсінділерінің өзгеруімен жүреді (Томсон талшықтары), осылардың орнында микроорганизмдер жиналады. Микроорганизмдердің ферменттер шығаруымен, органикалық заттарды ерітіп (негізінде коллагенді) дентинді деминерализацияға үшыратады. Кариозды қуыстың перифириясы жағынан үлпаға қарайтың бағыттағы түтіктер кеңейіп деформацияға ұшырайды, тереңірек дентиннің мөлдір тығызданған қабаты орналасады (гиперминерализация аймағы), онда дентин түтіктері тар болады, бүлар біртіндеп өзгермеген (интакты) дентин қабатына өтеді, үлпаның бетінде орналасқан.

Үшінші аймақта (үлпаның өзгерген аймағы) кариозды зақымдану ошағына - байланысты орын басушы дентин түзіледі, олар дентинді түтіктердің дүрыс орналаспауымен ерекшеленеді, осы негізде кейбір авторлар оларды иррегулярлы дентин деп атайды.

Кариес кезінде тіс үлпасында біраз өзгерістер анықталады. Беткей кариестің жарық микроскоп астында орын басушы дентиндер анықталады жэне зақымдану ошағында одонтобластар мөлшері азаяды. ¥лпаның қан тамырлары мен жүйке талшықтарында морфологиялық өзгерістер анықталады.

Терең кариестің үлпа қан тамырларында жедел жэне қабынған үлпадағы өзгерістерге үқсас өзгерістер кездеседі. Үлпаның жүйке талшықтарында дегенеративтік өзгерістер үлкейеді жэне негізгі цилиндр осьтері ыдырайды.