Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 класс Қазақстан тарихы ҰБТ Поб.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
859.44 Кб
Скачать

11 Класс Қазақстан тарихы ұбт

Тақырыбы: Кейінгі орта ғасырдағы Қазақстан (ХV- ХVІІ ғ.ғ)

5 сағат

Мақсаты:

- Қазақ мемлекетін құрудың негізгісебептнрі мен алғышарттары, тарихи маңыздылығы, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері туралы баяндай келіп, оқушылардың өз халқының тарихын толық меңгеруіне ықпал ету

- Оқушыларды өздігінен мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

- Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Құрал – жабдықтар: карта, атлос, оқулық, анықтама.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыр

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тест түрінде

ІІІ. Жаңа тақырыпты оқып-үйрену жоспары:

  1. Қазақ хандығы

  2. Қазақстан аумағындағы этникалық өзгерістер.

  3. Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы және шаруашылығы

  4. ХV- ХVІІ ғ.ғ қазақ мәдениеті

  5. ХV- ХVІІ ғ.ғ Қазақ хандығының сыртқы саясаты.

IV. Жаңа тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Қазақ хандығының құрылу қарсаңында қазақ жерінде қандай мемлекеттер өмір сүрді?

  2. Қазақ халқын құраған ру-тайпалар бір-бірімен қандай қарым-қатынаста болды?

  3. Оқулықтың 144-145 бетіндегі барлық тапсырмаларды орындаңда

  4. Оқулықтың 149 бетіндегі сұрақтарға жауап беріңдер.

  5. Оқулықтың 154 бетіндегі 1-9 сұрақтарға жауап беріңдер..

V. Бекітуге берілген тапсырмаларды тексеру, талдау, қорытынды шығару.

VI. Оқушыларды бағалау.

VII. Үйге: Пара. 30- 33 7 класс

Қазақ хандығы (XV-xviIғ.Ғ)

«қазақ»- сөзі; хандар; жоңғар шапқыншылығы

«Алаш» сөзі шамамен алғаш рет қолданыла бастады: ІХ-Х ғасырларда.

Алаша хан кесенесінің қабырғалары: Сыртқы жағынан кереге көзді кілем тәрізді.

Абдаллах өлген соң Тәуекел ханның Мауаранннахрға басып кірген жыл. 1598 жыл.

«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылы. 1723 жыл.

Аягөз маңында қазақтар мен жоңғарлар арасында үш күнге созылған күрес болған жыл. 1718 жыл.

«Аңырақай шайқасы» өткен жылдар. 1729-1730 жылдар.

Аңырақай шайқасынан кейін жоңғарларды толығымен талқандауға кесірін тигізген жағдай: Әбілқайыр мен Сәмекенің хан тағына таласуы.

Абылай хан жерленді: Түркістанда. (Ахмед Йасауи кесенесінде)

Әбілқайыр ханның өмір сүрген жылдары: 1680-1748 жылдар.

Әбілқайыр ханның Ресей империясына үміт артудағы ең басты мақсаты: Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті ойраттарға қарсы жұмылдыру.

Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы ұсыныспен жіберген елшілерін Анна Иоанновна қабыл алды: 1731 жылы ақпан айының 19-ы.

Әбілқайырдан ант алу үшін Қазақстанға жіберілген Анна Иоанновнаның елшілігін басқарған тілмаш, қабылетті елші. А.И.Тевкелев.

Әбілқайыр Ресейдің қоластына кіруге ант берді: 1731 жылы қазан айы.

Әбілқайырдың Ресеймен байланысын одан әрі нығайтуға мүдделі болуының себебі. Парсы әмірінің шабуылы.

Әбілқайырды Барақ сұлтан өлтірді: 1748 жылы.

Әбілмәмбет пен Абылайдың Орскіге келіп Ресейдің билігін мойындаған жыл. 1740 жыл.

Есім хан билік құрған жылдар. 1598-1628 жылдар.

Есім ханның алдына қойған мақсаты: Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет ету.

Есім ханның қалмақтарды талқандаған жыл. 1627 жыл.

Есім ханың баласы Жәңгірдің билік құрған жылдары. 1628-1652 жылдар.

Есім ханның Кіші жүздегі ел басқарушы биі, ескербасы, батыры болған жырау. Жиенбет жырау.

Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр хандығынан қазақ аталып жүрген тайпаларымен бөлініп көшкенде оларға алғаш рет тағылған ат. «Өзбек-қазақ».

Жоңғарларға қарсы күрестегі ерлігі үшін халықтың Жәңгірге берген атауы. Салқам Жәңгір.

Жәңгір ханның кезінде жоңғарлардың қалың қолының қазақ жеріне басып кірген жылы. 1643 жыл.

Жәңгір ханның санаулы сарбаздары Жоңғардың 50 мың әскерімен шайқасқан жер. Орбұлақ.

«Жеті жарғыны» жасауға қатысқан билер: Ұлы жүзден-Төле би, Орта жүзден Қазыбек би, Кіші жүзден Әйтеке би.

«Жеті жарғы» бойынша хан: Барлық ру бірлестігінің басшысы.

«Жеті жарғы» бойынша хан: Бас қолбасшы болды.

«Жеті жарғы» бойынша құрылтай кеңеске жіберілмей, дауыс беру құқығынан айырылған: Қарусыз келген адам.

«Жеті жарғы» заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай: Мойындамады.

Жоңғарлар 1680 жылы Оңтүстік Қазақстанға шабуылдаған кезде аман қалған қала. Түркістан.

Жоңғарияның Қазақстанға жорықтар ұйымдастырудағы мақсаты: Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, жерін өзіне қарату.

Жоңғардың қалың қолының қазақ жеріне тұтқиылдан баса көктеп кірген жылы. 1723 жыл.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан әйгілі ән. «Елім-ай».

Жоңғар шапқыншылығы кезінде қатты ойрандалған өңір. Жетісу.

Жоңғар шапқыншылығына қарсы қол бастаған батыр. Қабанбай, Бөгенбай, Саурық, Малайсары, Наурызбай, Баян, Қарасай, Жауғашар, Жәнібек, Райымбек.

Жоңғар қонтайшысы Қалдан-Сереннің Орта жүз бен Кіші жүзге ұйымдастырған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кем түспейтін шапқынышылық болған жылдар. 1741-1742 жылдар.

Жоңғар тағына таласып және Маньчжур-Цин әулетінен қашып Абылайды келіп паналаған: Әмірсана.

Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуына басты рөл атқарғандар. Ақ Орда тайпалары.

Қазақ халқының халық болып қалыптасу барысын бұзды: Монғол шапқыншылығы.

Қазақ хандығын құрды: Керей мен Жәнібек сұлтандар.

Қазақ хандығының құрылуына алғышарттардың бірі: Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайындағы оқиғалар

Қазақ хандығы құрылды: 1465-1466 жылдары.

Қазақ хандығының бастапқы кезде алып жатқан жері: Шу мен Талас өзендерінің аумағы.

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы мына жағдайларды тоқтатты: Ішкі феодалдық талас-тартыс.

Қазақ хандығының құрылуы жайындағы деректер: Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди».

Қазақ хандығының құрылу кезіндегі халықтың өмірінде маңызды мәселеге айналды: Сырдария бойындағы қалалармен қатынас жасау.

Қазақ хандарының Әбілқайырдың немересі Мұхамед Шайбани ханмен отыз жылдан астам уақытқа созылған соғысы: Сыр бойындағы қалалар үшін.

Қазақ хандығы үшін маңызды болған, Шайбан ұрпақтарымен талас-тартыстың негізі. Сыр бойындағы қалалар.

Қазақ хандығы мен Мұхаммед Шайбанидің арасындағы 30 жылдай уақыт жүргізген соғыстың нәтижесінде Қазақ хандығына қараған қалалар. Сығанақ, Созақ.

Қазақ хандығының беделін және күш-қуатын арттырып, Тәуекелдің беделін көтерген жеңіс. Ташкент түбінде Абдаллах әскерін жеңуі.

Қазақ хандары мен Өзбек хандығының арасында ұзақ жылдар жүргізілген соғыстың нәтижесі: Ташкенттің Қазақ хандығы қосылуы.

Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыруға айрықша көңіл бөлген Есім хан: Сұлтандар мен төрелерге еркіндік берді

Қазақ хандығының құрылымы: Жеті саты.

Қазақ хандығында ата-аймақты басқаратын адам. Ақсақал.

Қазақ хандығындағы он немесе он бес аймақтан құралған: Ру.

Қазақ хандығындағы ұлыстың билеушісі: Сұлтан.

Қазақ хандығындағы ұлыс: Бірнеше арыстан құралды.

Қазақтың ханын сайлауға барлық рудың: Атақты, сыйлы шонжарлары қатысты.

Қазақтардың қыста түйе мен қой-ешкілер үшін қыстық жайылымға таңдалған жер. Қызылқұм.

Қазақ жасағының Аңырақай маңында жоңғарларды жеңіліске ұшыратқан жыл. 1729 жыл.

Керей, Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған Моғолстан ханы. Есен-Бұға.

Қасым ханның таққа отырған (билікке келген) жылы. 1511 жыл.

Қасым ханның қол астындағы халықың саны. Бір миллионға жуық.

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы. Сығанақ қаласы.

Қасым ханның билігі жүрген жоқ: Қырғаздарға.

Қасым хан тұсында қазақтар өзі алдына тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде белгілі болды: Орта Азия мен Шығыс Еуропаға.

Қыпшақ тайпалар одағы мен үйсін тайпалар одағының бірігуі нәтижесінде құрылды. Қазақ халқы.

Кейбір шежірелерде қазақ атауының орнына қолданылды: «Алаш»

Орбұлақ шайқасында Жәңгірге көмекке келіп, 20 мың қолмен Жоңғар әскерінің ту сыртынан шабуыл жасайды: Алшын Жалаңтөс батыр.

Тәуке ханның билік құрған жылдары: 1680-1715 жылдар.

Тәуке хан тағына отырды: 1680 жылы.

Тәуке ханның кезіндегі Қазақ хандығының астанасы. Түркістан.

Тәуке ханның үш жүздің басын қосқан жиналысын (құрылтайын) шақырып отырған жер. Күлтөбе.

Тәуке ханның заңдар жинағы. «Жеті жарғы».

Тәуке ханның кезіндегі билердің міндеті: Сот билігі, атқарушы билік.

Тәуке ханның кезінде жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылын уақытша бәсеңдеткен жағдай: Тәуке ханның қырғыздар және қарақалпақтармен одақ құруы.

Тәуке ханның сыртқы саясаттағы әрекеті: Көрші мемлекеттермен одақтасудың, бейбіт қатынас орнатудың жолын іздеді

Тұрсын сұлтанның өзін хан, ташкент қаласының билеушісі деп жариялаған жыл. 1613 жыл.

Тұрсынның өзін хан жариялаумен қатар тағы бір антты бұзуы: Ақша шығаруы.

Тұрсын ханның бүлігі тарихта аталды: «Қатаған қырғыны».

Тәуекел ханның Құл-Мұхаммед бастаған елшілерінің Мәскеуге Федор патшаға достық келісім жасау үшін барған жыл. 1594 жыл.

Тәуекел хан билік құрды: 1582-1598 жылдар.

Тәуекел ханның тұсында берік қамал, ірі сауда орталығына айналған қала. Сауран.

Ташкент қаласы 200 жылдан астам уақыт қазақтардың билігінде болды: Есім ханның кезінен.

Хақназар ханның билік құрған жылдары. 1538-1580 жылдар.

Хақназар хан қайтыс болғаннан кейін хан тағына сексенге келген: Шығай отырды.

Хан сайлағанда жиналғандар ханның бар малын бөлісіп алатын дәстүр: «Ханталапай».

Ханды қорғайтын, малын бағатын іріктеп алған жасақ. Төлеңгіт.

Хан тағына отыратын адамға қойылатын басты талап: Шыңғыс ұрпағы, ақсүйек болу.