Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 класс Қазақстан тарихы ҰБТ Поб.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
859.44 Кб
Скачать

11 Класс Қазақстан тарихы ұбт

Тақырыбы: Орта ғасырдағы Қазақстан (ХІІІ-ХV ғ.ғ)

3 сағат

Мақсаты:

- ХІІІ ғасыр басында Монғол империясының құрылуы, Монгол империясының қоғамдық құрылысы туралы баяндау.

- Оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру

- Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Құрал – жабдықтар: карта, атлос, оқулық, анықтама.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыр

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тест түрінде

ІІІ. Жаңа тақырыпты оқып-үйрену жоспары:

  1. Монгол империясының құрылуы

  2. Монгол империясының қоғамдық құрылысы.

  3. Монголдардың Қазақстанды жаулап алуы.

  4. Ұлыстардың құрылуы.

  5. ХІV-XV ғ.ғ Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.

  6. ХІІІ-XV ғ.ғ шаруашылық пен мәдениеті.

IV. Жаңа тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. 7 класс оқулығының 106 бетінің сұрақтарға жауап беріңдер?

  2. 7 класс оқулығының 111 бет 1-8 сұрақтарға жауап беріңдер

  3. 7 класс оқулығының 114 бет 1-7 сұрақтарға жауап беріңдер.

  4. 7 класс оқулығының 118 бет 1-7 сұрақтарға жауап беріңдер.

  5. 7 класс оқулығының 128 бет 1-7 сұрақтарға жауап беріңдер.

V. Бекітуге берілген тапсырмаларды тексеру, талдау, қорытынды шығару.

VI. Оқушыларды бағалау.

VII. Үйге: Пара. 1- 15 7 класс

Орта ғасырлық мем-р (XIII-xVғ.Ғ)

Алтын Орданы құрған хан. Батый хан.

Алтын Орданың орталығы. Сарай-Бату қаласы.

Алтын Ордада ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Өзбек хан.

Алтын Ордада уәзір билік жүргізген сала. Азаматтық істер.

Алтын Ордада әскери істерге басшылық жасады. Беклер бек.

Алтын Орданың әлсіреуі нәтижесінде: Ноғай Ордасы құрылды.

Алтын орда дәуірінен бері келе жатқан күйлер: «Жошы ханның жортуы», «Сағыныш».

Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр. «Ер Тарғын», «Орақ-Мамай».

Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр. «Ер Тарғын», «Орақ-Мамай».

Алтын орда дәуірінен бері келе жатқан күйлер: «Жошы ханның жортуы», «Сағыныш»

Ақ Орда мемлекетінің астанасы. Сығанақ.

Ақ Орданың аумағы қамтыған жерлер. Орда Ежен мен Шайбан хандарының жері.

Ақ Орда Алтын Ордадан біржолата бөліне бастайды. XIV ғасырдың екінші ширегі.

Ақ Орданың билігін өзі қолына алып мемлекеттің күш-қуатын нығайтады. Ұрұс хан.

Ақ Орданың соңғы ханы. Барақ.

Ақ Орда өмір сүруін тоқтатты. XV ғасырдың басында.

Ақ Орда мемлекетін: Темір шапқыншылығы әлсіретті

Ақ Орданың орнына құрылды: Әбілқайыр хандығы.

Әмір Темір мен Ілияс-Қожа ханның арасында 1365 жылы 22 маусымда Ташкент қаласының маңында болған шайқас. «Батпақ шайқасы»

Әмір Темір мен Ілияс-Қожа ханның арасында «Батпақ шайқасы» болды: 1365 жылы 22 маусымда, Ташкент маңында

Әмір Темір өмір сүрген жылдар: 1336-1405 жылдар.

Әмір Темір 1370 жылы басып алды: Мәуереннахрды

Әмір Темірдің Тоқтамысты пайдаланудағы мақсаты: Ақ Орда мен Алтын Орданы басып алу.

Әмір Темірдің әскері Терек өзенінің жағасында Тоқтамыстың әскерін жеңді: 1395 жыл

Әмір Темірдің 1391 жылы 18 маусымда Тоқтамыстың әскерімен соғысып жеңген жер. Құндызша.

Әмір Темір 1371-1372 жылдары әскер аттандырады: Моғолстанға.

Әмір Темір шапқыншылығының зардабы. Қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына зардабын тигізеді

Әмір Темірдің Қожа Ахмет Йасауи кесенесін салуға бұйрық берген жыл. 1397 жыл

Әмір Темір 1405 жылы қайтыс болған қала. Отырар

Әмір Темірдің Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жыл аралығында жасаған жорықтарының саны. Он шақты рет.

Әбілқайыр хандығы өмір сүрді: 1428-1468 жылдары.

Әбілқайыр хандығының территориясы. Шығыс Дешті-Қыпшақ.

Әбілқайыр хандығындағы ру-тайпаның саны. 92 ру-тайпа.

Әбілқайыр ханның Сығанақ түбінде ойраттардан жеңілген уақыты: 1456-1457 жылдар.

Әбілқайыр хандығы негізгі үш халықтан – шайбанилерден, қарақалпақтардан, қазақтардан тұрған. Олардың ішіндегі ең көбі және ержүректері қазақтар деп айтты: Тарихшы Рузбихан.

Батый ханның Алтын Орданы билеген жылдары. 1227-1255 жылдар.

Билігін нығайту үшін Тоқтамыс хан Мәскеуге басып кіріп өртеп жіберді. 1382 жылы.

Батыс Сібір хандығының астанасы. Қызыл-Тура қаласы.

Дон, Еділ казактарының Жайық бойына шапқыншылық жасау салдарынан Сарайшық қаласы біржолата қирады. 1580 жылы

Едігенің Ноғай Ордасында билік құрған жылдар. 1396-1411 жылдар.

Жебе ноян бастаған монғол әскері Жетісу халқын өзіне тарту үшін: Діни қысым жасамау ұранын басшылыққа алды.

«Монғолдың құпия шежіресінде» айтылады: Керей хандығы мен монғол тайпаларының қарым-қатынасы

Монғол империясының негізін қалады: Шыңғысхан.

Монғол мемлекеті құрылды: 1206 жылы.

Моғолстан мемлекеті ыдырай бастады: Абдар-Рашиддің кезінде

Моғолстан мемлекетін құруда белді рол атқарған дулат ақсүйегі. Әмір Поладшы

Моғолстан мемлекетінің астанасы. Алмалық.

Моғолстанда Есен-Бұға хан билік құрған жылдар. 1433-1462 жылдар

Моғолстан мемлекеті өмір сүрді: XIV ғасырдың ортасы – XVI ғасырдың басы.

Моғолстанның негізін қалады. Тоғылық-Темір.

Моғолстан ханы Есен-Бұға қайтыс болды: 1462 жылы.

Моғол хандығында үйсіндер атауы уақытша қолданылмай оның орнына аталды: Дулаттар.

Моғол ханына қарсы соғыстардағы сәтсіздік, ойраттардың шапқыншылық соғыстардың салдарынан Хақназар хан: Жетісудың біршама жерін уысынан шығарып алды.

Моғол ханы Абд ар-Рашид Жетісу мен Ыстықкөл маңындағы жерлерді басып алу ниетімен Қазақ хандығына қарсы соғыс бастады: XVI ғасырдың 50-60 жылдары.

«Монғол жеріндегі ІХ-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел. Олар тек Шыңғысхан ... әсерінен әлсіреді» деп айтқан: Рашид ад-Дин.

Монғолдардың жаулап алуы нәтижесінде қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісі кешеуілдеді: 150-200 жылға.

Мұхаммед Хайдардың айтуынша Моғолстанда бір күнде ислам дінін қабылдады. 160 мың адам.

Ноғай Ордасының алып жатқан жері. Еділ мен Жайық аралығы.

Ноғай Ордасының орталығы. Сарайшық қаласы.

Ноғай Ордасының екінші аты. Маңғыт елі.

Ноғайлар мен қазақтады «екі туысқан Орда» деп атаған ғалым. Ш.Уәлиханов.

Ноғай Ордасындағы билеушісінің титулы. Хан

Ноғай Ордасының ыдырай бастаған уақыты. XV ғасырдың басы.

Ноғай Ордасының іргесін қалады: Едіге

Орда-Ежен билік құрған мемлекет. Ақ Орда.

«Отырар апаты» болған жыл. 1218 жыл.

Орда-Базарға дейінгі Әбілқайыр хандығының астанасы. Тура қаласы.

«Өзбек ұлысы», «Өзбек хандығы», «Шайбани ұлысы» деген терминдер: Әбілқайыр хандығына тән.

Орыс патшасы ІІІ Иванмен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатында шарт жасасқан Батыс Сібір ханы. Ибақ хан.

Сырдария бойындағы қалаларды қайтаруға әрекет жасаған Ақ Орда ханы. Барақ.

Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдардың иелігіне көшкен уақыт. 1219-1220 жылдар.

Тоқтамыс Мамай ордасын басып алады: 1380 жылы.

Тоқтамыстың Ақ Ордадан Темірге қашып бару себебі: Ұрұс хан оның әкесі Түй-Қожаны жазалайды.

Тоғылық-Темір Моғолстан ханы болып сайланды. 1348 жылы.

Тарихшы Рузбиханның айтуынша Әбілқайыр хандығындағы халықтардың ең көбі және ержүректері: Қазақтар.

Ұлы хан атағын алғаннан кейін Үгедей тұрды: Қарақорымда.

Шыңғыс хан әскери-феодалдық Монғол мемлекетін құрды: ХІІІ ғасырдың басында.

Шыңғыс ханның заңдар жинағы: «Жасақ»

Шыңғысханның өзінің жеке басын қорғайтын арнайы жасауыл. Кешіктен.

Шыңғысханның кезіндегі Монғол империясының астанасы. Қарақорым.

Шыңғыс хан әскерінің (Жошы хан) Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын басып алған уақыты. 1207-1208 жылдары.

Шыңғыс хан әскерінің Қытайды басып алған уақыты. 1211-1215 жылдар.

Шыңғысхан әскерінің Жетісуға басып кірген жылы. 1217 жыл.

Шыңғысханның үлкен баласы Жошыға қараған жерлер. Ертіс өзенінен батысы Еуропа жерлеріне дейін.

Шыңғысхан жіберген сауда керуені Отырар қаласына келіп жетті: 1218 жыл.

Шыңғысханның 150 мыңға жуық қолы Ертістен Сырдарияға қарай аттанды: 1219 жылы.

Шыңғыс хан әскеріне 15 күндей берілмеген қала. Ашнас.

Шыңғыс қайтыс болған жыл. 1227 жыл.

Шыңғысхан 1217 жылы Жетісуды басып алуға аттандырды: Жебе ноянды.

Шағатайға қараған жерлер: Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу)

Шыңғыс ханның балаларына бөліп берген жері: «Інжу»

«Шыңғыснама» кітабының авторы. Өтеміс қажы.

Шайбан Әбілқайыр хан қайтыс болған жер. Аққыстау.

Шайбан Әбілқайырдың хан болып сайланған уақыты. 1428 жыл