- •Фельдшерлерге арналған алгоритмдердің тізбесі.
- •1. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі.
- •3. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі келесі мәліметтерден тұрады:
- •2. Жүкті және босанатын әйелдерді қарау әдістемесі.
- •4. Жүкті және босанатын әйелдердің бойына мән беріңіз.
- •5. Дене бітіміне зейін қойыңыз.
- •7. Тері жабындысының жағдайына зейін қойыңыз.
- •8. Сүт бездерін қарауды жүргізіңіз.
- •9. Іштің түріне және мөлшеріне зейін қойыңыз.
- •3. Жүктіліктің мерзімін анықтау.
- •4. Босанудың күнін анықтау.
- •5. Жүкті әйелден қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу және дәрігердің қарауына дайындық.
- •Бактериологиялық зертханаға жолдама
- •6. Жүктілік кезінде цитологиялық зерттеу (онкоцитологияға) үшін экзо-және эндоцервикстен жағындылар алу.
- •7. Мамандардың консультациясы үшін жолдама дайындау.
- •Жолдаманың үлгісі
- •8. Сарпайды (сыртқы жыныс мүшелерін) қарау.
- •9. Қынаптық үйректұмсық (қос жармалы) өздігінен ұстайтын Куско айналарының көмегімен тексеру.
- •10. Акушериядағы бимануалды тексеру.
- •11. Үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу.
- •12. Диагоналды конъюгатаны өлшеу.
- •13. Михаэлис ромбысы ( бел-сегізкөз ромбысы).
- •14. Соловьев индексін өлшеу.
- •15. Іш шеңберін (іш) және жатыр түбінің тұру биіктігін (жттб) өлшеу.
- •16. Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік тексеру.
- •5.Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына, оның бетіне қарап, отырыңыз, сосын і және іі тәсілді жүргізіңіз.
- •6. Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына және бетіне бетіңмен қарап тұрыңыз, сосын 3- тәсілді жүргізіңіз.
- •7. Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына және аяғына бетіңмен қарап тұрыңыз, сосын 4-тәсілді жүргізіңіз.
- •17. Нәрестенің жүрек дыбыстарының аускультациясы.
- •18.Жатыр мойнының «жетілуін» анықтау.
- •Ішкі ( қынаптық) тексеру жүргізіңіз.
- •19. Жүктіліктің кеш мерзімінде және босануда ішкі ( қынаптық) тексеру.
- •20. Вастен белгісін бағалау және анықтау.
- •Нәресте басының қасаға үсті салбырау дәрежесін анықтаңыз:
- •21. Партограмманы жүргізу.
- •4. Нәресте басының пішіні ( конфигурациясы) .
- •Босанған әйелдің артериялық қысымы, пульсі, дене қызуы және зәр мөлшері:
- •22.Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезіндегі босанудың биомеханизмі ( проф. К.Д. Өтегенова бойынша).
- •23.Шүйдемен жатудың артқы түрі кезіндегі босанудың биомеханизмі ( проф. К.Д. Өтегенова бойынша) .
- •24. Баспен жатуы кезіндегі акушерлік көмек көрсету.
- •25. Босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу.
- •26. Бала жолдасын қарау.
- •27. Жатырдың бимануалдық компрессиясы.
- •Организмнің өмірге керекті функцияларын бақылаңыз және жағдайын бағалаңыз:
- •Себебін қойыңыз:
- •28. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қан ағу кезінде күттірмейтін көмекті көрсету.
- •Өзіңізді таныстырыңыз және босанған әйелдің жағдайын бағалаңыз:
- •5 Минут ішінде – қанағу көзін тауып көрсетіңіз:
- •29. Акушерлік стационар жағдайында ауыр преэклампсия кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.
- •Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз:
- •Жалғастырушы дозаны бастаңыз:
- •30. Акушерлік стационар жағдайында эклампсия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті көрсету.
- •Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз:
- •Жалғастырушы дозаны бастаңыз:
- •31. Амниотомия үшін стерилді үстелшені дайындау.
- •Стерилді жаялыққа стерилді құрал-саймандарды салыңыз:
- •32. Медициналық түсікті орындау үшін құрал-саймандарды дайындауға стерилді үстелше.
- •4. Стерилді жаялыққа стерилді құрал-саймандарды салыңыз:
- •33. Кесар тілігі операциясы үшін құрал-саймандарды дайындауға стерилді үстелше.
- •4.Стерилді жаялыққа стерилді құрал-саймандарды салыңыз:
- •34. «Қарашық» симптомын немесе феноменін анықтау.
- •35. «Қырық құлақ» симптомын немесе феноменін анықтау.
- •36. Кольпоскопияны орындау үшін құрал-саймандарды дайындауға стерилді үстелше.
- •4. Стерилді жаялыққа стерилді құрал-саймандарды салыңыз:
- •37. Жатыр мойнының эрозияланған жерінен биопсия алуға әйелді дайындау.
- •Жолдама
- •38. Жатыр қуысын қыруға әйелді дайындау.
- •40. Қуысты операцияға дайындық.
2. Жүкті және босанатын әйелдерді қарау әдістемесі.
Мақсаты - жүкті және босанатын әйелдерді қарау кезінде студенттің тәжірибелік ептілігін бағалау.
Көрсетулері -әйелдер консультациясына және акушерлік стационарға жүкті және босанатын әйелдердің алғашқы қаралуы.
Қарсы көрсетулері - жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.
Ресурстары -акушерлік фантом, тақтай төсек (кушетка), жеке жаялық,волонтер-әйел (егерде бұл мүмкін болса), бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын,орамал.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізді таныстырыңыз,қараудың маңызын және оның жүргізу кезараларын әйелге түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Қолдарыңызды гигеналық деңгейде жуыңыз.
3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
4. Жүкті және босанатын әйелдердің бойына мән беріңіз.
Әйелдің бойын өлшеңіз. Бойы аласа кезінде (150 см және оданда төмен) инфантилизм белгілері (жамбастың тарылуы, жатырдың дамымағаны және т.б.) байқалады , ал бойы ұзын әйелдерде-жамбасы кең, еркек түстес болып келеді.
5. Дене бітіміне зейін қойыңыз.
Омыртқа бағанасының және аяқтарының өзгерістері (деформациясы), буындардың анкилоздары және сүйек жүйесіндегі басқа өзгерістер жамбастың түрінің және оның тарылуының (мешелдің, полиомиелиттің, туберкулездің салдарынан) өзгерістерін көрсетуі мүмкін. Инфантилизмнің белгілері (сүт бездерінің дамымауы, сарпай аймағындағы жүндердің дұрыс өспеуі), жыныстық сараланудың (кең иық, тар жамбас, жүннің өсуі еркектәріздес) жеткіліксіздігі және т.б.
6. Семіздігіне зейін қойыңыз.
Анық арықтау немесе семіздік жиі алмасу бұзылыстарының, эндокриндік және басқа аурулардың белгісі болып есептеледі.
7. Тері жабындысының жағдайына зейін қойыңыз.
Беттің, ақ сызықтың, емізіктің және емізік айналасының, жүктіліктің жолақтары жүктіліктің барлығын дәлелдейді. Терінің және көрінетін шырышты қабықтардың бозғылттығы, еріндердің көгергені, терінің және ақ қабықтың (көз алманың қабығы) сарғаюы, ісінулер кейбір маңызды аурулардың белгілері болып табылады.
8. Сүт бездерін қарауды жүргізіңіз.
Жүктілік кезінде сүт бездерінде сүт шығаруға оларды дайындайтын өзгерістер жүреді. Жүктіліктің соңында емізікті басып көрген кезде, одан уыз шыға бастайды. Сүт бездерінің қанмен қамтамасыз етілуі күшейе түседі, емізіктер ұлғаяды, емізік маңымен бірге пигментацияға ұшырайды, сүт бездерінің массасы 150-250г-нан (жүктілікке дейін) 400-500г-ға (жүктіліктің соңында) дейін өседі. Қараған кезде сүт бездерінің дамымағаны білінеді, бұл инфантилизм белгісі болып табылады.
9. Іштің түріне және мөлшеріне зейін қойыңыз.
Қалыпты жүктілік кезінде және нәрестенің дұрыс орналасуы кезінде іш овоид (жұмыртқа тәрізді) түрінде болады; көпсулық кезінде ол шар тәрізді; нәрестенің орналасуы көлденең кезінде іш көлденең овал түрінде болады. Іштің түрі тар жамбас кезінде өзгеруі мүмкін.
10. Бел-сегізкөз ромбысын (Михаэлис ромбысы) қараңыз, оның түрі басқа мәліметтердің жиынтығымен бірге жамбас құрылысы туралы білуге болады.
11. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және оларды ҚҚҚ салыңыз.
12. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
13. Барлық алынған мәліметтерді жүкті әйелдің картасына немесе босану тарихына енгізіңіз.
Ескерту. Қолдар жылы болуы керек, қарайтын жерде бөтен адамдар болмауы
қажет.
