Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емдеу ісі алгоритм (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.67 Кб
Скачать

Алматы қаласының Денсаулық сақтау Басқармасы

ШЖҚ МКК «Медициналық колледж»

№ ___ Хаттама «_» ____2015 ж өткен Әдістемелік Кенесенің отырысында қаралып келісілген

Әдіскер_____ Қасымбекова М.Р.

ЦӘК «Акушерия және гинекологиядағы МІ»

Бекітемін Директордың тәжірибе жөніндегі орынбасары

____________ Маштахова С.Г.

«___» _______2015ж.

Мамандығы: 0302000 «Емдеу мдеу ісі »

Біліктілігі: 0302033 «фельдшер»

Фельдшерлерге арналған алгоритмдердің тізбесі.

1. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі.

2. Жүкті және босанатын әйелдерді қарау әдістемесі.

3. Жүктіліктің мерзімін анықтау.

4. Босанудың күнін анықтау.

5. Жүкті әйелден қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу және дәрігердің қарауына дайындық.

6. Жүктілік кезінде цитологиялық зерттеу (онкоцитологияға) үшін экзо-және

эндоцервикстен жағындылар алу.

7. Мамандардың консультациясы үшін жолдама дайындау.

8. Сарпайды (сыртқы жыныс мүшелерін) қарау.

9. Қынаптық үйректұмсық (қос жармалы) өздігінен ұстайтын Куско айналарының

көмегімен тексеру.

10. Акушериядағы бимануалды тексеру.

11. Үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу.

12. Диагоналды конъюгатаны өлшеу.

13. Михаэлис ромбысы ( бел-сегізкөз ромбысы).

14. Соловьев индексін өлшеу.

15. Іш шеңберін (ІШ) және жатыр түбінің тұру биіктігін (ЖТТБ) өлшеу.

16. Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік тексеру.

17. Нәрестенің жүрек дыбыстарының аускультациясы.

18. Жатыр мойнының «жетілуін» анықтау.

19. Жүктіліктің кеш мерзімінде және босануда ішкі ( қынаптық) тексеру.

20. Вастен белгісін бағалау және анықтау.

21. Партограмманы жүргізу.

22. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезіндегі босанудың биомеханизмі

(проф. К.Д. Өтегенова бойынша).

23.Шүйдемен жатудың артқы түрі кезіндегі босанудың биомеханизмі

( проф. К.Д. Өтегенова бойынша) .

24. Баспен жатуы кезіндегі акушерлік көмек көрсету.

25. Босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу.

26. Бала жолдасын қарау.

27. Жатырдың бимануалдық компрессиясы.

28. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қан ағу кезінде күттірмейтін көмекті көрсету.

29. Акушерлік стационар жағдайында ауыр преэклампсия кезінде дәрігерге

дейінгі көмекті көрсету.

30. Акушерлік стационар жағдайында эклампсия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл

көмекті көрсету.

31. Амниотомия үшін стерилді үстелшені дайындау.

32. Медициналық түсікті орындау үшін құрал-саймандарды дайындауға стерилді

үстелше.

33. Кесар тілігі операциясы үшін құрал-саймандарды дайындауға стерилді

үстелше.

34. «Қарашық» симптомын немесе феноменін анықтау.

35. «Қырық құлақ» симптомын немесе феноменін анықтау.

36. Кольпоскопияны орындау үшін құрал-саймандарды дайындауға стерилді

үстелше.

37. Жатыр мойнының эрозияланған жерінен биопсия алуға әйелді дайындау.

38. Жатыр қуысын қыруға әйелді дайындау

39. Гинекологиядағы «жедел іш» кезінде күттірмейтін көмекті көрсету

(жатырдан тыс жүктілік, аналық бездерінің апоплексиясы, жатыр

қосалқыларының ісіктерінің аяқшаларының бұралуы,

аналық безінің кисталарының жарылуы және тағысын тағылар).

40. Қуысты операцияға дайындық.

1. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі.

Мақсаты - жүкті және босанатын әйелдерден сұрау кезінде студенттің тәжірибелік

ептілігін бағалау.

Көрсетулері - әйелдер консультациясына және акушерлік стационарға жүкті және

босанатын әйелдердің алғашқы қаралуы кезінде.

Қарсы көрсетулері- жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары-жоқ.

Ресурстары – үстел, орындықтар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, қазіргі сұраудың қажеттілігі мен маңызын әйелге түсіндіріңіз

және оның ризашылығын алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.