Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика каз фарм 14-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.53 Mб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«ФАРМАЦИЯ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

6.Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар

6.1.№ 1 Тақырып. Патологиялық физиология пәні, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология.

6.2.Сабақтың мақсаты:

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімді қалыптастыру

  • Топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

  • Клиникаға дейінгі ғылыми зерттеулердің этикасы жөніндегі нормтивті құжаттарды меңгеру

6.3.Оқыту міндеттері:

  1. Оқу пәні ретінде патофизиологияның мақсаты, міндеттері, құрылымы, мазмұны, жалпы нозологияның негізгі түсініктері бойынша білімін қалыптастыру

  2. Нозологияның негізгі категориялары бойынша білімін қалыптастыру (глоссариймен жұмыс істеу)

  3. Блиц-ойынды жүргізгенде топпен жұмыс жасау үйрену (өз көзқарасын түсіндіре алу, көшбасшының рөлін атқару)

  4. ҚР ДС № 697 «Қазақстан Республикасында клиникалық тәжірибелерді, медициналық –биологиялық эксперименттерді және клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізу Ережелерін бекіту туралы» бұйрығының негізгі құрылымдарымен таныстыру. Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрлігінің метрология және техникалық реттеу бойынша Комитетінің 29 желтоқсандағы 2006 № 575 бұйрығы. Қазақстан Республикасының зерттеуханалық тәжірибе Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

6.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Патологиялық физиология пәні. Патофизиологияның жоғары медициналық білім беру саласында алатын орны және маңызы, оның басқа пәндермен байланысы. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері.

  2. Патологиялық физиологияның зерттеу әдістері. Медико-биологиялық тәжірибелерді жүргізуінің жалпы қағидаттары.

  3. Зертханалық жануарлармен жұмыс істегендегі адамгершілік-әдептік (моральді-этикалық) аспекттер. ҚР ДС № 697, 575 бұйрықтары. Негізгі қағидалары.

  4. Нозологияның негізгі түсініктері: денсаулық, ауру, ауруалды, дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай.

  5. Аурудың нышандары. Ауруларды жіктеудің негізгі ұстанымдары.

  1. Аурудың өту кезеңдері, олардың сипаттамасы

  2. Өлім аурудың аяқталуы ретінде. Өлімнің түрлері. Өлімнің сатылары, сипаттамасы. Реанимацияның патофизиологиялық негіздері. "Тірілтілген организмнің ауруы" туралы түсінік, дамуының негізгі жолдары

6.5.Оқыту мен үйретудің тәсілдері:

Сабақтың негізгі сұрақтары бойынша оқушылар арасында оқытушының бақылаумен дискуссия жұргізу, глоссариймен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс жасау – блиц-ойын, кейс-стади.

Сабақтың болжамды хронометражы

Сабақтың кезеңдері

Уақыт

1

Ұйымдастырулық бөлім. Студенттерді түгендеу. Сабақтың мақсаты мен тапсырмаларымен танысу, көрсетілім материалдарын тарату

5 мин

2

Тақырыптың № 1-3 сұрақтары бойынша пікірталас

25 мин

3

Блиц – ойын

20 мин

4

Үзіліс

10 мин

5

Тақырыптың № 4-7 сұрақтары бойынша пікірталас

20 мин

6

Сабақтын тақырыбы бойынша глоссариймен жұмыс істеу

10 мин

7

№ 697, 575 бұйрықтары бойынша білім тестілеу

15 мин

8

Сабақты қорытындылау, компетенцияны бағалау

5 мин