- •Жалпы медицина факультеті Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар
- •1.Тақырыбы: Қозғалтқыштарды реттеу қызметіндегі жүйке құрылымдарының маңызы.
- •№3 Тәжірибелік жұмыс. Адамның қимыл үйлесіндегі кері афферентацияның маңызы
- •№4 Тәжірибелік жұмыс. Ми бағанының тоникалық рефлекстері. Біржақты лабиринттің бұзылуының бұлшықет тонусына әсері.
- •№5 Тәжірибелік жұмыс. Өзіндік бағалау әдісімен вегетативтік статусты бағалау.
- •6. Әдебиет.
- •7. Бақылау:
6. Әдебиет.
Тақырып бойынша дәрістер.
Негізгі:
Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.
Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.
Ноздрачев А.Д., Орлов Р.С. Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.
Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.
Қосымша:
Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.
Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.
Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.
Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007.
Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.
Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.
В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.
7. Бақылау:
Жағдайлық есептерді шешу:
Жағдайлық есеп
Мишықтың оң жақ жартышары зақымдалған. Бұл науқаста қандай өзгерістер байқалады?
Жағдайлық есеп
Дәрігердің айтуы бойынша адам сұқ саусағымен мүрын үшын тауып тигізбеді. Мидың қай бөлімі зақымдалған?Қандай клиникалық әдістермен сол ми бөлімінің зақымдалғанын анықтауға болады?
Жағдайлық есеп
8 жастағы қызда жүрген кезде қалт жүруі, мұрын-саусақ әдісінде қиғаш кетуі байқалады. ОЖЖ-нің қай бөлімінің қызметі бұзылған?
Жағдайлық есеп
Адам көзін жұмып қолын алға созып тұрғанда алға құлайды. Мидың қай бөлімі зақымдалған?
Жағдайлық есеп
ЭЭГөге наркоз кезінде науқаста амплитудасы 280 мВ және жиілігі 0,57 Гц потенциалдар пайда болды. Операция өткізуге наркоз тереңдігі жеткілікті ме?
Шешу алгоритмі:
ЭЭГ әдісі туралы түсінік.
ЭЭГ толқындарының негізгі түрлері және оларға мінездеме.
ЭЭГ толқындарының табиғаты.
Толқындардың жеке түрлерінің мидың функционалды жағдайымен байланысы. Берілгендерге баға.
Жағдайлық есеп
Адам оң аяғымен алға аттағанда қай қолы алға қозғалады және неліктен?
Шешу алгоритмі:
ОЖЖ қызметінің координациялауы туралы ұғым.
Бұл қызметтің негіздері: жүйкелік үрдістер, олардың қарым-қатынасы, қозғалыс актілерін координациялау негізінде жатқан тегершіктер.
Қозғалыстың бейімделуінің реттелу актілеріне және қалыптасуына қатысатын ОЖЖ деңгейлері.
Аралық бақылаудың сұрақтары:
Тірек-қимыл аппаратының жалпы сипаттамасы.
Адамның кимылдық әрекеттері.
Қимыл қызметінің жүйелік реттелісі, ОЖЖ-ның әр-түрлі бөліктерінің локомоция реттелісіне қатысуы. Балалардағы ерекшеліктері.
Ішкі және сыртқы адам ағзасының шектеулері (тері, шырышты қабаттар, гистогематикалық, гематоэнцефалды шектеулер).
Аралық бақылаудық тестілері:
1. Жүйке және бұлшық ет әрекет потенциалының (ӘП) реполяризациялық кезеңі қандай иондық
қозғалыстарға байланысты:
А) СА2+ иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен;
В) К+, СІ- иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен;
С) натрий иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен;
Д) барлық иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен;
Е) аниондарға мембрана өткізгіштігінің төмендеуімен.
2. Бұлшық ет талшықтарының жиырылуында негізгі роль атқаратын иондар:
А) НСО3-;
В) Cl-;
С) Na2+ ;
Д) Са++;
Е) К+.
3. Күші 1 реобазаға тең тітіркедіргіштің әсерінен байқалатын қозудың минимальды уақыты қалай аталады?
А) пайдалы уақыт;
В) хронаксия;
С) рефрактерлік кезең;
Д) лабильдік қасиеті;
Е) қозғыштық.
4. Миеленді нерв талшықтарының бойымен қозудың өтуі:
А) рецептордан жүйке орталығына қарай;
В) мембрана бойымен үздіксіз электротондық жолмен;
С) жүйке орталығынан жұмысшы мүшеге қарай;
Д) қозғалтқыш нейроннан сезгіш нейрондарға ;
Е) секірмелі түрде.
5. Изотонустық жиырылу дегеніміз:
А) бұлшық еттердің тұрақты кернеу немесе жүктеме кезіндегі қысқаруы;
В) еттердің жиырылу күшіне қарай ұзындығының қысқаруы;
С) еттердің тұрақты ұзындықта жиырылуы;
Д) еттердің ұзақ мезгіл бірдей жиырылуы;
Е) еттердің құрысуы.
6. Изометрлік жиырылу дегеніміз:
А) тұрақты кернеулікте немесе жүктемеде бұлшықеттің қысқаруы;
В) берілген күш-салмақтың ауырлағанда, бұлшықеттің;
С) бұлшықеттің тұрақты ұзындығындағы, оның жиырылуы;
Д) бұлшықеттің ұзақ уақыттық қосарланған жиырылысы;
Е) бұлшықеттің контрактурасы.
7. Хронаксия деген бұл - ең минимальді уақыт аралығындағы әсер ететін:
A) қозуды тудыратын екі еселенген реобазалы токтың күші;
B) қозуды тудыратын бір реобазалы токтыњ күші;
C) қозуды тудыратын табалдырықты күші;
D) қозуды тудыратын табалдырыќтан төмен күші;
E) әрекет потенциалды тудыратын үш еселенген реобазалы токтың күші.
8. Организмдегі ең жоғарғы қозғыштыққа ие болатын:
A) қаңқа бұлшық еттері;
B) тегіс бұлшық еттері;
C) жүйке ұлпалары;
D) бездер;
E) сүйек ұлпалары.
9. Оның энергиясын қабылдауға бейімделген рецепторларға әсер ететін тітіркендіргішті дейді:
A) үйреншікті емес;
B) табалдырықты;
C) максимальді;
D) висцеральді;
E) үйреншікті.
10. Тегіс бұлшық еттер жиырылуы мүмкін:
A) тетаникалық түрде;
B) жеке дара жиырылу түрінде;
C) фазалық түрінде;
D) пластикалық түрде;
E) тоникалық түрде
11. Әрекет потенциалды қамтамасыз ететін мембрананың өткізгіштігі жоғарылайды:
A) калийге;
B) натрийге;
C) хлорға;
D) кальциге;
E) магнийге.
12. Қозбаушылық деген - бұл:
A) тітіркену кезінде қозғыштықтыњ жоғарлауы;
B) тітіркену кезінде қозғыштықтың төмендеуі;
C) қозу кезінде тітіркенуге қозбаушылық;
D) қозу кезіндегі тітіркенуге жоғары қозғыштықтың болуы;
E) тыныштық күйде тітіркенуге төмен қозғыштықтың болуы.
13. Табалдырықты тітіркендіру дегеніміз - бұл:
A) қозуды тудыра алатын тітіркендіргіштің минимальді кұші;
B) қозуды тудыра алатын тітіркендіргіштіњ максимальді күші;
C) қозуды тудыра алмайтын тітіркендіргіштің күші;
D) әр торлі тітіркендіргіштің әсерінен қозудың пайда болатын минималді уақыты;
E) қозуды тудыра алатын тітіркендіргіштің табалдырықты күшімен қайта-қайта тітіркендіруі.
14. Лабильділік деген - бұл:
A) ұлпаның тітіркендіруге минимальді ырғағымен жауап беруі;
B) қозу кезіндегі ұлпаның қозбаушылығы;
C) тітіркендіру санына сєйкес І сек.ішінде улпада пайда болатын максимальді ырғағымен жауап беруі;
D) импульс әсерінен ұлпаның жауап беру уақыты;
E) ырғақты тітіркендіруге қозудың пайда болу жылдамдығы.
15. Тітіркенудің күші жоғарылағанда рефлекс уақыты:
A) өзгермейді;
B) жоғарылайды;
C) төмендейді;
D) тұрақталады;
E) баяу жоғарылайды.
16. Тітіркенудің күші жоғарылаған кезде әрекет потенциалының дәрежесі "бәрі немесе ештеңе емес" заңға бағынады,басқаша оның амплитудасы:
A)жоғарылайды;
B)төмендейді;
C)өзгермейді;
D)кезеңді түрде өзгереді;
E)әрекет потенциалы өзгереді.
17. Жергілікті жауап келесі стимулдың әсерінен пайда болады:
A)табалдырықты;
B)табалдырықтан жоғары;
C)индукционды;
D)ырғақты;
E)табалдырыќтан төмен.
18. Саркоплазмалық ретикулумнан миофибриллдер аймағына бос ионның өтуіне байланысты бұлшық еттердің жиырылуы пайда болады, бұл келесі ион:
A)натрий;
B)хлор;
C)фосфор;
D)кальций;
E)калий.
19. Мембрандық потенциал қалыптасады:
A)мембрана өткізгіштігінің жоқ болу есебінен;
B)Сl- және Mg++ иондары үшін өткіззіштігінің есебінен;
C)Са++ және Na- мембраналардың өткізгіштігінің есебінен;
D)Сl- және Ca++ иондары үшін өткізгіштігінің есебінен;
E)Na+ и К+ иондарының мембранасының өткізгіштігі бірдей болмаған есебінен.
20. Іс әрекет потенциалы пайда болады:
А) табалдырық асты тітіркендірудің әсері кезінде;
В) жалғыздық тітіркендіргенде табалдырықты тітіркендіру кезінде;
С) табалдырықтан тыс жєне табалдырықты импульсты тоқпен әсер еткенде;
D) химиялық және физикалық табиғаттың табалдырықтан тыс тітіркендіру кезінде;
Е) қандай да болсын интенсивті электромагнитты толқындар әсер еткенде.
21. Бұлшықеттің жиырылуын тіркеу үшін келесі әдіс қолданылады:
А) Электрокардиография;
В) Электрокардиоэнцефалоскопия;
С) Динамометрия;
D) Бұлшықетті тітіркендіру әдістемесі;
Е) Миография.
22. Тетанус деп түсінеді:
А) жүйкелік серпіністердің бір-бірінің артынан шапшаң жүру қатары;
В) жүйкелік серпіністердің бір-бірінің артынан баяу жүру қатары;
С) жеке бұлшықеттік жиырылу;
D) жұмыс нәтижесінде жасушаның, мүшенің немесе біртұтас ағзаның жұмысқа қабілеттілігінің үақытша төмендеуі мен демалыстан кейін оның жойылуы;
Е) бұлшықетті тітіркендіру әдістемесі.
