Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОДС каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
649.22 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ОБ-07.1.13

Шығарылған күні:

Қалыпты физиология кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс #:

1 бет 11

Жалпы медицина факультеті Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар

Физиология-2 пәні 051301 «Жалпы медицина» мамандығы

Тарау: Тірек қимыл жүйесі және тері элементтері.

Тәжірибелік сабақ: №1

Тақырыбы: Қозғалтқыштарды реттеу қызметіндегі жүйке құрылымдарының маңызы.

Курс: 3 курс

Факультеті: Жалпы медицина

Құрастырушылар:

2013 ж.

Кафедра отырысында талқыланған

2 хаттама , 29 .08 2013 ж.

Бекітілген Кафедра меңгерушісі_______Хамчиев К.М.

1.Тақырыбы: Қозғалтқыштарды реттеу қызметіндегі жүйке құрылымдарының маңызы.

2. Мақсаты: сау адамның тері және оның қосымшаларының қызметі мен қызметінің бұзылысын қалпына келтіру жолдары мен маңызды ұстанымдарының тетіктері туралы, қозғалыс актінің реттелуіндегі негізгі ұстанымдары туралы студенттерде білім қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты: сау адамдағы тірек- қозғалтқыш және тері мен тері қосымшаларының қызметін реттеуші физиологиялық үрдістерді түсінуді үйрету. Тері қызметі мен бұлшықет күшін зерттеу дағдыларын қалыптастыру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тірек- қимыл аппаратының жалпы сипаттамасы.

  2. Адамның қимыл белсенділігі.

  1. Қимыл қызметінің жүйелік реттелісі, ОЖЖ-ның әр-түрлі бөліктерінің локомоция реттелісіне қатысуы. Балалардағы ерекшеліктері.

  2. Ішкі және сыртқы адам ағзасының шектеулері (тері, шырышты қабаттар, гистогематикалық, гематоэнцефалды шектеулер).

  1. 5.Оқыту және үйрету әдістері: Шағын топтарда жұмыс: Тәжірибелік жұмыстарды орындау: динамометрия, тері бөлінісін жұптасып зерттеу. Іргелес пәндермен интеграцияланған клиникалық жағдайларды талдау.

Тәжірибелік жұмыс нәтижесі бойынша дискуссия, зерттеу нәтижелерін шағын топтарда талдау, хаттамалау, аралық бақылау.

1-жұмыс. Динамометрия. (Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В. Коробкова, 1983, 175 б.).

Динамометрия- максимальді бұлшық еттік жиырылу күшін және қол бұлшық етінің күштік төзімділігін зерттеу тәсілі.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда бұлшық ет күшін, жұмыс қабіліеттілігін және 10 реттік жиырылудан кейінгі бұлшық еттің жұмыс қабіліеттілігінің төмендеген көрсеткіш нәтижесін санаңыз және жазыңыз. График сызыңыз, оның абцисса өсінде- жиырылудың бағаналық нөмірін, ал ордината өсінде- әрбір жирылудан кейінгі динамометр көрсеткішін көрсетіңіз. Бірқатар зерттеушілердегі нәтижелерді салыстырыңыз.

2-жұмыс. Электромиография (МИОКОМ құралын қолдану арқылы )

Электромиография- бұлшық еттің электрлік белсенділігін тіркеу тәсілі.

Жұмыс мақсаты: Электромиографияны тіркеу әдісі бойынша ұйрану.

Жұмыс барасы: Қондырғыны электр тоғына косамыз. Миографпен жұмыс істеу үшін оны 10 минут қыздырамыз. Содан соң сезім аустырып қосқышын «калибровка» жағдайына келтіреміз. Сүзгіш ұстағышын, қүшейткіштің 15 және 0,05 Гц жағдайына келтіреді.

Тіркеу электродының штекерін қаналдардың біреуінің кіре берісіне косамыз. Қоздыру электродының штекерін реттеушінің стимулятор шыға берісіне қосу керек. Реттеу блогының «Селектор» тұтқасын «Ручная» жағдайына келтіреміз. «Длительность серии» тұтқасын 200 жағдайына қою қажет.

Ауыстырғыш «Длительность импульса» 0,1 немесе 0,2 м.сек. жағдайына кою керек. Электрод салатын теріні спиртпен немесе эфирмен заласыздандырып, содан кейін физиологиялық ерітіндімен ылғалдап алу керек. Содан соң тіркегіш және стимуляциялық электродтарды қоямыз, олардың арасына жермен тіркелген электрод қойылады.

Б-жауапты тіркеу. Шеткі жүйкені электрлік тітіркендіргішпен әсер еткенде ортодромдык қозу таралу әсерінен Б-жауап туады (дистальді бағытта). Бұл жауапты әдетте жиынтықтық моторлық потенциал деп атайды, өйткені осы потенциал қимыл қозғалыс бірлігінің қосындысын қорытындылайды. «Ручной пуск» кнопкасын баса отырып, максимальді амплитуда стимулын блок стимуляциясына тереді, яғни максимальді импульс интенсивтілігің 30-50 % көтереді. Амплитудағы басым Б-жауап туады. Б-жауаптың жасырын кезеңін анықтау үшін, тітіркендігіш импульсы 0,1 мс ретінде қолданылады. Қалыпты жағадайда екі кезеңдік ауытқуға жақын шамада болатын Б-жауаптың амплитудасы мен формасы бағаланады. Тітіркендіргіш табалдырығын анықтау үшін Б-жауабтың толық жоғалып кетуіне дейін серпініс амплитудасын азайтады, содан сон қайта көбейтеді. Тыныш күйдегі тітіркендіргіштің минимальді күшінде бұлшыкет потенциалы пайда болады және ол Б-жауабтың табылдырығы болып табылады. Бұлшыкет табалдырығының жауабының анықтауда импульс үзақтығы өте үлкен болу керек (1-2 мс). Б-жауап қажетті тітіркендіргіш уақытымен анықталады. БҚозғыштығы жоғары қозғалыс бірлігінің потенциалын табу үшін, Б-жауапты тұрақтандыру кезіндегі сезімталдылықты тіркеуде Б-жауаптың табалдырығы 20-30мкВ болуы қажет. Тітіркену импульсының қарқындылығын жоғарылатып максимальді Б-жауабын аламыз және тоқтын әрі қарай көбеюі потенциал жиынтығы амплитудасынын жоғарылатуына әкеліп соқтырмайды. Сонансон вольтажды супармаксимальдіге (30-50%) дейің көтереміз.

Б-жауабың практикада қолданылуы мен диагностикалық маңызы. Б-жауапты жүйке бұлшықет аппараты жарақатын (полиневрит, жарақаттық және токсиқалық неворпатия, миастания) анықтау үшін қолданылады. Бұл жағдайда Б-жауаптың амплитудасы мен формасы, сонымен қатар жасырын кезеңі өзгереді. Осы кезде ауруға шалдығу дәрежесі мен денгейі де анықталуы мүмкін. Бұл мәліметтер операция жасар алдында, сонымен қатар осы мәліметтерге сүйене отырып, оперативтік және консервативтік емдеу тактикасын анықтау үшін керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]