Қазақ әдебиеті
1. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз. A) ’’Диуани хикмет’’. B) ’’Құдатғу біліг’’. C) ’’Оғыз-нама’’. D) ’’Кодекс-Куманикус’’. E) ’’Мұхаббат-наме’’. |
2. «Салп-салпыншақ анау үш өзен» толғауының авторын табыңыз. A) Қазтуған жырау. B) Ақтамберді жырау. C) Жиембет жырау. D) Шалкиіз жырау. E) Доспамбет жырау. |
3. Ы.Сандыбайұлының ару қыздың сұлу сипатын аса нанымды етіп бейнелеп берген өлеңін көрсетіңіз. A) «Қалдырған». B) «Жаңғызтау». C) «Арарай». D) «Алай көк». E) «Қарақат көз». |
4. Ғ. Мүсіреповтің музыкалық драмасын табыңыз. A) «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу». B) «Айман – Шолпан». C) «Ақан сері – Ақтоқты». D) «Қыз Жібек». E) «Қарагөз». |
5. «Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған, Менің мазам кетеді күдікті ойдан», - деген жолдардан Қ.Мырзалиевтің не айтпақ болғанын белгілеңіз. A) Қызғанышын көрсетеді. B) Мылтықтың аң-құсқа өлім себелейтінінен тітіркенеді. C) Мылтықты қадір тұтады. D) Мылтық туралы мақал-мәтел еске түседі. E) Мылтық сұсты болғасын сескенеді. |
6. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз. A) Т.Молдағалиев. B) Қ.Мырзалиев. C) М.Шаханов. D) А.Бақтыгереева. E) Т.Айбергенов. |
7. Әдет - ғұрып жырының түрін анықтаңыз. Айт келін - ау, айт келін! Атыңның басын тарт келін!… A) Той бастар. B) Сыңсу. C) Беташар. D) Жар - жар. E) Қоштасу. |
8. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы: «Тіршілікте, тазшеке-ау, ұмытпайын, Қоя берші, көштегі жеңгең көрер», - деген жалынышты сөздерді айтатын кейіпкерді табыңыз. A) Қодар. B) Қарабай. C) Ұлпан. D) Маман. E) Көсемсары. |
9. "Азған елдің хандары" әңгімесінің авторын табыңыз. A) Спандияр Көбеев. B) Сұлтанмахмұт Торайғыров. C) Сәбит Дөнентаев. D) Бейімбет Майлин. E) Ыбырай Алтынсарин. |
10. Абайдың жас ұрпақты достыққа, махаббатқа үгіттеген өлеңін көрсетіңіз. A) «Интернатта оқып жүр». B) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол». C) «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп». D) «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да». E) «Сабырсыз, арсыз, еріншек». |
11. Жүсіпбек Аймауытовтың ең үздік пьесасын табыңыз. A) “Мансапқорлар”. B) “Шернияз”. C) “Рабиға”. D) “Ел қорғаны”. E) “Қанапия-Шәрбану”. |
12. І.Жансүгіровтің өлеңін белгілеңіз. A) «Жайлауға көшу». B) «Құлагер». C) «Гималай». D) «Көкшетау». E) «Сыр сандық». |
13. Қасым Аманжоловтың ’’Мұхтар аға’’ өлеңі кімге арналғанын белгілеңіз. A) М.Әуезовке. B) М.Шахановқа. C) М.Мағауинге. D) Туысқан ағасына. E) Досына. |
14. 1916 жыл оқиғасына байланысты «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерінің авторын табыңыз. A) И.Дәукебаев. B) С.Есенбаев. C) О.Шипин. D) Ж.Жабаев. E) Т.Көбдіков. |
15. М.Әуезов шығармасын табыңыз. A) «Өскен өркен». B) «Аққан жұлдыз». C) «Балуан Шолақ». D) «Кек». E) «Жат қолында». |
16. Ғ.Мұстафиннің әйгілі тары өсіруші бейнесін сомдаған шығармасын табыңыз. A) “Сәрсен мен Боқаш”. B) “Шығанақ”. C) “Миллионер”. D) “Көз көрген”. E) “Қарағанды”. |
17. Ауыстыруды (метафораны) табыңыз. Қыр төсінде мөлдір айдын ақ сынап, Жиегінде жасыл кірпік жас құрақ. A) Ақ сынап. B) Мөлдір айдын. C) Жиегінде құрақ. D) Жасыл кірпік. E) Қыр төсінде. |
18. Литота дегеніміздің не екенін анықтаңыз. A) Бір құбылысты, екінші құбылысқа балау. B) Сөз тастап кету. C) Құбылысты ерекше құбылтып айту. D) Құбылысты тым құлдырата айту. E) Алмастырып қолданылған сөздер. |
19. Д.Исабековтің бауырларының болашағы үшін өз басының бақытын ойламаған қазақ қызының биік адамгершілік сезімін ту еткен туындысын табыңыз. A) «Әпке». B) «Ескерткіш». C) «Дермене». D) «Мұрагерлер». E) «Гауһар тас». |
20. Ақан серінің қай туындысынан алынғанын белгілеңіз. Басына ер жігіттің бір іс түссе, Арасы қас пен достың абайланар. A) ’’Сырымбет’’. B) ’’Заман адамы’’. C) ’’Асыл мен жасық’’. D) ’’Балқадиша’’. E) ’’Жақсы мен жаман’’. |
21. «Тез барам» деген өлеңнің авторын табыңыз. A) Т.Айбергенов. B) М.Жұмабаев. C) Ж.Молдағалиев. D) М.Мақатаев. E) Қ.Мырзалиев. |
22. С.Сейфуллиннің Қазан төңкерісі тұсындағы аумалы-төкпелі кезең шежіресін баяндаған прозалық туындысын анықтаңыз. A) «Тар жол, тайғақ кешу». B) «Көкшетау». C) «Экспресс». D) «Қызыл сұңқарлар». E) «Бақыт жолына». |
23. «Неке қияр» пьесасында әйелдердің еріктілік алатындығын үлкен сеніммен айтқан адамды көрсетіңіз. A) Ылаңбай. B) Кәрім. C) Жәлен. D) Милиция. E) Жомарт. |
24. М.Әуезовтің пьесасын белгілеңіз. A) «Майдан». B) «Шернияз». C) «Сылаң қыз». D) «Еңлік – Кебек». E) «Жебір болыс». |
25. С.Мұқановтың ’’Өмір мектебі’’ шығармасы қандай роман деп аталатындығын табыңыз. A) Дилогиялық. B) Әлеуметтік роман. C) Трилогиялық. D) Психологиялық роман. E) Тетрология.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
