Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_532.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Қазақстан тарихы

1. Ежелгі «Тік жүретін адам» өкілі:

A) Синантроп

B) Неандертальдық

C) Кромоньондық

D) Саналы адам

E) Епті адам

2. Ерте орта ғасырларда Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу өңірінде халықаралық сауданың дамуына ықпал етті:

A) Түрлі діни ағымдар

B) Қолөнердің барынша дамуы

C) Ұлы Жібек жолы

D) Көшпелі мал шаруашылығы

E) Жер асты байлықтарының мол болуы

3. Қазақ қоғамында хан тағынан үміт еткендер:

A) Әмір темір ұрпақтары

B) Әмірлер

C) Байлар

D) Шыңғыс ханның ұрпақтары

E) Билер

4. «Жеті жарғы» заңдар жинағы өмірге келді:

A) Тәуке ханның тұсында

B) Жәңгір ханның тұсында

C) Қайып ханның тұсында

D) Сәмеке ханның тұсында

E) Есім ханның тұсында

5. ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарын билігінде ұстаған хандық:

A) Сирия

B) Бұқар хандығы

C) Хиуа хандығы

D) Иран

E) Қоқан хандығы

6. Отарлық ұлт аудандарының «сілкініп оянуына» негіз болған

«Қанды жексенбі» болған жыл:

A) 1905 ж.

B) 1907 ж.

C) 1909 ж.

D) 1902 ж.

E) 1900 ж.

7. Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс қимылдары созылған уақыт:

A) 100 жылдан астам

B) 300 жылдан астам

C) 1 ғасыр бойы

D) 200 жылдан астам

E) жарты ғасыр

8. Керейіт мемлекетінің әлсіреу себебі:

A) Наймандардың шапқыншылығы

B) Шыңғысханның шапқыншылығы

C) Өзара қырқысулардың әсерінен

D) Меркіттердің шапқыншылығы

E) Ұйғырлармен қарым-қатынасының шиеленісуі

9. Ақ Орда билеушілерінен Сауран түбінде 1374-1375 жылдары жеңіліске ұшыраған:

A) Тоқтамыс

B) Әмір Темір

C) Есен-бұға

D) Мамай

E) Әбілқайыр

10. Моғолстан хандығының этносаяси құрамында болған тайпа:

A) қияттар

B) маңғыттар

C) қарақалпақтар

D) дулаттар

E) ноғайлар

11. XVIII ғасырдың 20 жылдары Бұланты өзенінің бойындағы шайқастағы қазақ-қырғыз әскерінің саны:

A) 60 мың

B) 80 мың

C) 40 мың

D) 100 мың

E) 20 мың

12. XIX ғ. II – жартысындағы Орал мен Торғай облыстарындағы көтерілістің негізгі себебі:

A) Хандық биліктің жойылуы

B) Орал қазақтарымен жергілікті билеушілердің озбырлығы

C) XIX ғ. 60 жылдарындағы реформалар

D) Жайық жағасына мал жаюға тыйым салу

E) Орал мен Торғай облысында жаңа бекіністердің салынуы

13. 1865 жылы 5 маусымда ІІ Александрдың әмірі бойынша дайындалды:

A) Қазақ жерін аралау

B) Өлкені зерттеп білу мәселелері

C) Қазақ жерін орысша сауаттандыру

D) Қазақ ағартушыларының пікірлерін жинақтау

E) Қазақ феодалдарымен жақын танысу

14. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында поляк күресі өкілдерінің ішіндегі ерекше көзге түсетіні:

A) Н.Долгополов

B) А.Леонтьев

C) С.Михаэлис

D) Б.Блек

E) С.Гросс

15. XX ғасырдың басында есімі бүкіл қазаққа танымал болған әнші:

A) М.Шамсутдинова

B) А.Оразбаева

C) Ш.Иманбаева

D) Ш.Сапарғалиқызы

E) Ш.Жиенқұлова

16. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде ымыраластық тактикасын ұстану арқылы халықты қан төгістен аман сақтауға тырысқан зиялылар өкілі:

A) А.Керенский

B) К.Көкімбайұлы

C) С.Ужгин

D) Н.Кротов

E) Ә.Бөкейханов

17. 1919-1920 жж. Қазревком Қазақстанда қолына алған билік:

A) Сот билігі

B) Қаржы билігі

C) Заң шығару билігі

D) Әскери-азаматтық билік

E) Салық жинау

18. 1927 жылы Әміре Қашаубаев өнер көрсеткен ел:

A) Дания

B) Германия

C) Англия

D) Испания

E) Франция

19. 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстанның парламентіндегі тұрақты жұмыс істейтін екі палата:

A) Сенат пен мәслихат

B) Жоғарғы Кеңес пен Мәжіліс

C) Жоғарғы Кеңес пен мәслихат

D) Конгресс пен Мәжіліс

E) Сенат пен Мәжіліс

20. Қазақ ханы Жәнібек:

A) Өзбек ұлысының ханы Әбілкайырдың баласы

B) Әмір Темірдің ұрпағы

C) Шағатай ханның ұрпағы

D) Бату ханның ұрпағы

E) Ақ Орда ханы Барақтың баласы

21. Найман руының сұлтаны Құдаймендінің Петербургке баласы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты:

A) Жәміш бекінісі арқылы Шыңжаңға керуен тартуға рұқсат сұрау

B) «Үлкен Тибетке» баратын жол ұсынды

C) Қытайға баратын керуенді қорғауға казак отрядын бөлуді сұрады

D) Пекинге баруға рұқсат сұрау

E) Құлжаға баруға рұқсат сұрау

22. Сұлтан Баймағамбетов жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, қаза тапты:

A) Мәскеу үшін шайқаста

B) Сталинград үшін шайқаста

C) Брест қамалы үшін шайқаста

D) Курск үшін шайқаста

E) Ленинград үшін шайқаста

23. Сталиннен кейінгі кезең:

A) Кемелденген социализм

B) Тоқырау жылдары

C) Хрущев жылымығы

D) Коммунизм кезеңі

E) Дамыған социализм

24. 1979 жылы ұлтаралық қатынастарда келеңсіз құбылыстардың орын алғандығының бір көрінісі:

A) Жаңаөзен қаласындағы ереуіл

B) Неміс автономиялық облысын құру туралы шешімнің қабылдануы

C) О.Сүлейменовтың «Аз и Я» атты кітабының жарық көруі

D) Орыс тілін оқытуды жақсартуға көңіл бөлінбеуі

E) Ана тілін оқытуды жақсарту жөнінде қаулының қабылдануы

25. «Тарихи ақтаңдақтарды» әйгілеп, бұқаралық сананы көтеру мақсатында Республика Президентінің жарлығымен 1999 жыл аталды:

A) «Қазақстан халқы жылы»

B) «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы»

C) «Рухани келісім жылы»

D) «Ұлт пен ұлыстар жылы»

E) «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы»

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]