Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОНПИ УМК2семестр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.58 Кб
Скачать

1.8. Студенттердің білімін бағалаудағы критерийлері:

Студенттердің білімін бағалаудағы критерийлеріне тапсырманы толық орындау, оның сапасы, үй тапсырмасы мен қорытынды бақылау, ағымдық, аралық ретинг жатады.

Студенттердің білімін бағалау студенттер белсенділігінің барлық формаларын есепке алатын обективтілік, нақтылық, жан-жақтылық принциптеріне негізделеді.

Тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптар:

Пәнді оқу процесінде студенттерге қойылатын негізгі талаптар оқылып жатқан пәннің мақсаттары мен міндеттеріне қарай қойылады. Ол үшін, яғни оқытушымен бірлесіп жұмыс жүргізуге белсенді түрде қатысу үшін студент пәнді оқуға қызығушылық танытып және топтың оқып-үйренуіне көмек көрсетіп, бірлесіп оқытудың субъектісі ретінде көрініп, белсенділік пен жауапкершілік танытуы керек.

Тапсырмалардың барлығы белгіленген мерзім ішінде орындалуы керек, оқытушының қойған міндеттерін ұғынуға дайын болып, оны шешуге шығармашылық тұрғыдан қарау керек.

Ағымдық бақылау:

-дәріс және практикалық сабақтарға қатысу;

-дәріс және СОӨЖ-на конспект жүргізу;

-практикалық сабақтарға дайындық және қатысу;

-СОӨЖ тапсырмаларын орындау рефераттар, кестелерді толтыру.

Аралық бақылау:

-Жазу жұмысы түрінде 2 аралық бақылау жүргізіледі.

Білімді бағалау процедурасы (баға қоюдың тәртібі):

Баға қоюдың принциптері: объективтілік, ашық-айқындық, жоғары дифференциация. Баға қойылғанда жұмыстарды уақытымен, жақсы орындағандар мен айыптылар ескеріледі. Мысалы, практикалық сабақты орындағанда:

-уақытымен орындалмаған жұмыстан әр мезгілін өткізіп жіберген жұмысы үшін – минус 0,5 балл;

-жұмысты жоғары сапалы орындағаны үшін-плюс 0,5 балл;

-практикалық сабақта диспут немесе презентация өткізгенде себепсіз қалғаны үшін – минус 4 балл.

Пән емтиханмен аяқталады. Емтихан сұрақтарына бүкіл өткен материал кіреді. Дәріс тақырыптары бойынша 30 сұрақтан тұратын 2 тестілік бақылау аралық бақылауға жоспарлануы керек.

Емтиханға кіруге рұқсат алу үшін бағдарлама бойынша жоспарланған барлық тапсырмаларды орындауы керек. Қорынтынды бағаны қойғанда 2 аралық бақылаудың нәтижесі, барлық практикалық сабақтардың қорытындысы (ағымдық бақылау) және жеке жұмысының қойлған бағасының ұпайлары есепке алынады.

Қорытынды бағаның көлеміне кіретіндер: рейтинг бақылау және СӨЖ бақылауы – 40%, емтихан - 60%.

Қорытынды баға мына формула бойынша есептелінеді:

ЖҚБ = ((Р1+Р2)/2)х0,4 +Ех0,6

Бұл формулада:

ЖҚБ-жалпы қорытынды баға;

Р1 – бірінші рейтинг бағасының сан эквиваленті;

Р2 – екінші рейтинг бағасының сан эквиваленті;

Е – емтиханда қойылан бағаның сан эквивалент.

Әріптермен көрсетілген баға (А,В,С,Д,Е) және оның ұпай арқылы көрсетілегн сан эквиваленті дұрыс жауаптың проценттік мазмұнына сәйкес анықталады. Ол төменгі кестеде көрінеді.

Білімнің жалпы бағасы

Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдар

%-тік көрсеткіш

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз