- •Гуманитарлық-педагогикалық факультеті
- •«Педагогикалық зерттеу негіздері» пәні бойынша
- •Мамандық: 5в011100– «Информатика»
- •1.Пәннің оқу бағдарламасы
- •2.Пән бойынша оқу-әдістемелік
- •1. Оқу пәнінің бағдарламасы –syllabus
- •Оқытушы туралы мәлімет:
- •Пән туралы мәлімет:
- •1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі:
- •1.8. Студенттердің білімін бағалаудағы критерийлері:
- •1.9 Курстың тақырыптық жоспары
- •2. Пән бойынша оқу - әдістемелік материалдар
- •2.1 Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны
- •1. Кіріспе. Зерттеудің объектісін, зерттеу затын таңдау, проблемалары мен мақсатын белгілеу.
- •2. Мәселе қою және зерттеудің болжамдарын жүйелеу.
- •3. Зерттеудің әдістерін таңдау.
- •1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.
- •2. Әдіснамаға жалпы сипаттама.
- •3. Әдіснамалық ұстанымдар мен қағидалар.
- •Психологиялық- педагогикалық зерттеудің жалпы түсінігі және оған дайындық.
- •2. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің түрлері.
- •3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері
- •1.Психологиялық зерттеу әдістерінің жалпы мінездемесі
- •2.Зерттеудің теориялық әдісі
- •3.Зерттеудің эмпирикалық әдісі
- •1. Педагогикалық зерттеудің әдістері.
- •2. Модельді құрастыру әдістері. Модель түрлері.
- •3. Зерттеудің эмпирикалық әдістері: бақылау әдістері және оның сипаттамасы, түрлері
- •3. Экспериментті жүргізу әдістемесі .
- •1.Әдебиеттермен жұмыс істеудің маңызы.
- •2. Қажетті әдебиеттерді іздестіру және олармен алдын-ала танысу.
- •4.Тарихи-педагогикалық зерттеу және құжаттанудың кейбір мєселелері.
- •5. Архив қорын ұйымдастыру.
- •6.Архив құжаттарымен жұмыс істеудің әдістемесі мен техникасы.
- •1. Курстық жұмыс типтері:
- •2. Курстық жұмысқа қойылатын арнайы талаптар
- •2.2.Семинарлық сабақтар жоспары.
- •Негізгі әдебиеттер: 1,4,9,11
- •Қосымша әдебиеттер: 2,4,5,9
- •Негізгі әдебиеттер: 1,5,8,9,12
- •Қосымша әдебиеттер: 2,4,5,8
- •Негізгі әдебиеттер: 3,8,9,12
- •Қосымша әдебиеттер: 5,2,4,5,8
- •Негізгі әдебиеттер: 7,8,9,12
- •Қосымша әдебиеттер: 2,4,5,8
- •Зертханалық сабақтар жоспар бойнша қарастырылмаған.
- •Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Студенттердің өзіндік жұмысы бойынша сабақ жоспары
- •Оқу сабақтарында бағдарламалық және мультимедиялық құралдарды пайдалану
- •Пәннің оқу әдістемелік картасымен қамтамасыз ету.
- •2.8 Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •Емтихан материалдары. «Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Тестінің кілті
- •200 __/_ Оқу жумыс оқу бағдарламасына енгізілген қосымшалар мен өзгерістер
5. Архив қорын ұйымдастыру.
Қажетті құжаттарды, анықтамаларды, мәліметтерді жылдам және дәл табу үшін архив материалдары қалай ұйымдастырылғанын білген жөн. Архивтегі жұмысты бастамас бұрын зерттеудің тақырыбын, оның жобалық жоспарын анықтап, диссертацияларды, монографиялық және мерзімдік әдебиеттерде көрсетілген тақырыпқа қатысты материалдармен танысқан жөн.
Архивтегі жұмысты ондағы оқу анықтамалық ақпаратпен танысудан бастайды. Оған архив қорларының құрамды анықтамалығы болып табылатын жолбасшылары архивтегі материалдарының анықтамалары мен каталогтары, қорлар бойынша істердің жазбалары жатады. Зерттеуші архив материалдарының барлығы бірдей суреттеліп, қортылмағанын, сондықтан жұмысқа жарамды болмайтынын білген жөн. Зерттеуші өзінің танысуға тиісті материалдар сақталатын қордың атауын анықтап, ерекше карточкаларға өзіне қажетті материалдарды жазып көрсетеді. Архивтегі жұмыс процесінде бұл істің техникасы жылдам меңгеріледі.
6.Архив құжаттарымен жұмыс істеудің әдістемесі мен техникасы.
Архивтің «сақтау бірлігінде» төмендегідей түрлі тарихи педагогикалық құжаттар кездесу мүмкін: бұйрықтар, декреттер, бұйрық – жарлықтар, үкіметтік ұйымдар мен мекемелерді жедел хаттары, қоғамдық ұйымдардың қаулылары мен шешімдері, жиналыстардың, мәжілістер мен конференциялардың стеннограмалары мен хаттамалары, оқу – жоспарлары, бағдарламалары, оқу орындарының және жеке тұлғалардың есептері т.б. Осынау тарихи педагогикалық бастаулардың бәрі архив істерінде түпнұсқа және көшірме күйінде сақталуы мүмкін. Оның ішінде бағалысы әрі сенімдісі түпнұсқа болып табылады. Ол тек қолмен жазылмай, машинкаға да басылуы мүмкін. Оның автор немесе ұйым, мекеме жетекшісі қол қойған данасы ерекше маңызға ие болады. Егер түпнұсқа болмағандықтан зерттеуші көшірмені пайдалануға мәжбүр болса, оның шындыққа сай келетіндігі ресми бекітілген түрін негізге алған жөн.
Негізгі әдебиеттер: 2,4,5,6
Қосымша әдебиеттер: 4,5,7,8
№8 Дәріс тақырыбы: Курстық жұмысты орындау әдістемесі (2сағат)
1. Курстық жұмыс типтері:
а) теориялық – логикалық сипаттағы курстық жұмыс;
ә) алдыңғы психологиялық – педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау барысында жазылған курстық жұмыс;
б) экспериментті қолдану негізінде орындалатын курстық жұмыс;
в) тарихи сипаттағы курстық жұмыс.
2. Курстық жұмысқа қойылатын арнайы талаптар
1. Курстық жұмыс типтері:
Теориялық – логикалық сипаттағы курстық жұмыс әдебиет қайнар көздері бойынша белгілі бір ғылыми мәселенің өңделу жағдайын терең, әрі негізделіп зерттеу негізінде орындалады. Студент осы типтегі жұмысты орындай отырып, библиографиялық іздестіру іскерлігін көрсетуі, әдебиеттерге талдау жасай білуі, зерттеліп отырған сұрақтың мәні туралы өз ұсынысын алға тарта білуі, жаңа идеяларды немесе алдыңғы белгілі болғандарға жөндеулер енгізуді алға тартуы, қортынды жасауы, алынған қортындыларға практикалық ұсыныстар қарастыруы қажет.
Теориялық сипаттағы курстық жұмыстың құрылымы төмендегідей:
Сыртқы беті;
Мазмұны;
Кіріспе;
Тақырып бойынша әдебиет қайнар көздеріне талдау жасау және жалпылау;
Қорытынды;
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Педагогикалық жұмыстағы алдыңғы психологиялық – педагогикалық және жекелеген тәжірибелерді зерттеу және жалпылау негізінде орындалған курстық жұмыс.
Алдыңғы психологиялық – педагогикалық тәжірибелерден негізінен тәрбиешінің, мұғалімнің, психологтың, сондай – ақ педагогикалық ұйымның нақты жұмысы, оқу – тәрбиелеу процесінің жаңашылдықпен қамтылған жоғарғы тиімді жетістігі, психологиялық – педагогикалық ғылымдардың қазіргі талаптарға сай келушілігі, жаңа педагогикалық құндылықтардың құрылуы көрінеді.
Алдыңғы психологиялық – педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау барысында студент келесі компоненттерді көрсетуі керек:
Авторлар тәжірибесімен шешілген нақты психологиялық – педагогикалық тапсырмаларды;
Тәжірибенің негізгі идеясын;
Жаңашылдық;
Психологиялық – педагогикалық тәжірибелердегі авторлар операциясын және нақты әрекетін;
Тәжірибеде автор шығармашылығының жүзеге асу шартын;
Аудан, мекеме жағдайының, автордың жеке сапаларының тәжірибедегі шарттастылығын;
Ақиқат жолын және берілу құралдарын, алдыңғы психологиялық – педагогикалық тәжірибені меңгеру және енгізуді;
Алдыңғы психологиялық – педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау барысында жазылған курстық жұмыстың құрылымы төмендегідей:
Сыртқы беті;
Мазмұны;
Кіріспе;
Әдебиеттерге шолу;
Алдыңғы психологиялық – педагогикалық тәжірибені зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемесі;
Алдыңғы тәжірибелерді зерттеу қортындыларын талқылау;
Қортынды;
Ұсыныстар;
Қолданылған әдебиеттер тізімі;
Қосымшалар.
Эксперименттік сипаттағы курстық жұмыс немесе қалыптастырушы экспериментті қолдану негізінде орындалатын курстық жұмыс.
Осы типтегі курстық жұмыс келесі кезеңдерді орындаудан тұрады:
таңдап алынған тақырып бойынша жарық көрген еңбектерге теориялық талдау, шешілмеген мәселе көрінісі, зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамының қалыптасуы;
эксперимент жүргізуге дайындық /эксперимент объектілерін таңдау, зерттеудің нақты әдістемесі/;
өлшемдер жүйесінде белгілі бір зерттеудің тиімділігін тексеру үшін эксперимент жүргізу;
эксперимент қортындысын шығару.
Осы типтегі курстық жұмыстың құрылымы төмендегідей:
Сыртқы беті;
Мазмұны;
Кіріспе;
Әдебиеттерге шолу;
Зерттеу әдістемесі және ұйымдастыру;
Зерттеу қортындыларын талқылау;
Қортынды;
Ұсыныстар;
Қолданылған әдебиеттер тізімі;
Қосымшалар.
Тарихи сипаттағы курстық жұмыс заңдылықтарды зерттеу мақсатына, тәрбиелеу, оқыту жүйесінің белгілі бір жағының қалыптасу және даму қортындылары мен шартына, нақты уақыт аралығындағы психологиялық аспектілерге ие. Бұнда тарихи ғылымда қалыптасқан зерттеу әдістері (тарихи материалдарға тарихи – теориялық талдау, тарихи аналогтарды жүргізу, жүйелі, статистикалық талдау және т.б.) қолданылады.
Осы типтегі курстық жұмыстың құрылымы төмендегідей:
Сыртқы беті;
Кіріспе;
Зерттелініп отырылған құбылыстың пайда болуы және дамуының ұйымдастырушылық – педагогикалық – психологиялық шарты;
Жұмыс түрі, әдісі және мазмұнының жүзеге асырылуы;
Қортынды;
Қолданылған әдебиеттер тізімі;
Қосымшалар.
