- •Гуманитарлық-педагогикалық факультеті
- •«Педагогикалық зерттеу негіздері» пәні бойынша
- •Мамандық: 5в011100– «Информатика»
- •1.Пәннің оқу бағдарламасы
- •2.Пән бойынша оқу-әдістемелік
- •1. Оқу пәнінің бағдарламасы –syllabus
- •Оқытушы туралы мәлімет:
- •Пән туралы мәлімет:
- •1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі:
- •1.8. Студенттердің білімін бағалаудағы критерийлері:
- •1.9 Курстың тақырыптық жоспары
- •2. Пән бойынша оқу - әдістемелік материалдар
- •2.1 Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны
- •1. Кіріспе. Зерттеудің объектісін, зерттеу затын таңдау, проблемалары мен мақсатын белгілеу.
- •2. Мәселе қою және зерттеудің болжамдарын жүйелеу.
- •3. Зерттеудің әдістерін таңдау.
- •1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.
- •2. Әдіснамаға жалпы сипаттама.
- •3. Әдіснамалық ұстанымдар мен қағидалар.
- •Психологиялық- педагогикалық зерттеудің жалпы түсінігі және оған дайындық.
- •2. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің түрлері.
- •3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері
- •1.Психологиялық зерттеу әдістерінің жалпы мінездемесі
- •2.Зерттеудің теориялық әдісі
- •3.Зерттеудің эмпирикалық әдісі
- •1. Педагогикалық зерттеудің әдістері.
- •2. Модельді құрастыру әдістері. Модель түрлері.
- •3. Зерттеудің эмпирикалық әдістері: бақылау әдістері және оның сипаттамасы, түрлері
- •3. Экспериментті жүргізу әдістемесі .
- •1.Әдебиеттермен жұмыс істеудің маңызы.
- •2. Қажетті әдебиеттерді іздестіру және олармен алдын-ала танысу.
- •4.Тарихи-педагогикалық зерттеу және құжаттанудың кейбір мєселелері.
- •5. Архив қорын ұйымдастыру.
- •6.Архив құжаттарымен жұмыс істеудің әдістемесі мен техникасы.
- •1. Курстық жұмыс типтері:
- •2. Курстық жұмысқа қойылатын арнайы талаптар
- •2.2.Семинарлық сабақтар жоспары.
- •Негізгі әдебиеттер: 1,4,9,11
- •Қосымша әдебиеттер: 2,4,5,9
- •Негізгі әдебиеттер: 1,5,8,9,12
- •Қосымша әдебиеттер: 2,4,5,8
- •Негізгі әдебиеттер: 3,8,9,12
- •Қосымша әдебиеттер: 5,2,4,5,8
- •Негізгі әдебиеттер: 7,8,9,12
- •Қосымша әдебиеттер: 2,4,5,8
- •Зертханалық сабақтар жоспар бойнша қарастырылмаған.
- •Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Студенттердің өзіндік жұмысы бойынша сабақ жоспары
- •Оқу сабақтарында бағдарламалық және мультимедиялық құралдарды пайдалану
- •Пәннің оқу әдістемелік картасымен қамтамасыз ету.
- •2.8 Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •Емтихан материалдары. «Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Тестінің кілті
- •200 __/_ Оқу жумыс оқу бағдарламасына енгізілген қосымшалар мен өзгерістер
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды «Болашақ» университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультеті
Педагогика және психология кафедрасы
«Педагогикалық зерттеу негіздері» пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандық: 5в011100– «Информатика»
Қарағанды 2014
«Педагогикалық зерттеу негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені «Педагогика және психология» мамандығында оқитын студенттерге арналған. /Құрастырған: Нүркенова Г.Қ. – Қарағанды: Болашақ-Баспасы, 2014.
«Педагогикалық зерттеу негіздері» пәнінің мазмұны студенттердің ғылыми ойлауы мен ғылыми-зерттеушілік білімдерінің қалыптасуына мүмкіндік бере отырып, тәрбиелік және дамытушылық сипаттағы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Оқытушылар мен студенттер дәріс, семинар сабақтарына дайындалуда, аудиториялық және аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарды орындауда, сонымен қатар оқытушылар семинар сабақтары мен оқытушы басшылығымен жүретін студенттердің өзіндік жұмыстарына дайындалуда пайдалануға болады.
Оқу-әдістемелік кешен «Педагогика және психология» кафедрасының отырысында қаралды және университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітуге ұсынылды. (Хаттама № __ 2014 жылдың «___» ____ )
Оқу-әдістемелік кешен университетің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қаралды және бекітілді. (Хаттама № __ 2014 жылдың «___» ____ )
Мазмұны
1.Пәннің оқу бағдарламасы
1.1.Оқытушылар туралы мәліметтер
1.2.Пән туралы мәліметтер
1.3.Пререквизиттері
1.4.Постреквизиттері
1.5.Пәннің қысқаша мазмұнында
1.6.Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
1.7.Әдебиеттер тізімінің мазмұны
1.8.Баға туралы ақпараттар
1.9. Курстың тақырыптық жоспары
2.Пән бойынша оқу-әдістемелік
МАТЕРИАЛДАР
2.1 Лекциялық сабақтар тезистері
2.2 Семинарлық сабақтар жоспары
2.3 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
2.4. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақ жоспары
2.5. Курс бойынша жазбаша жұмыс тақырыптары
2.6. Оқу сабақтарында бағдарламалық және мультимедиялық материалдарды пайдалану
2.7 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
2.8 Курс бойынша емтихан сұрақтары
1. Оқу пәнінің бағдарламасы –syllabus
Оқытушы туралы мәлімет:
Нүркенова Гүлнұр Қанышқызы – Қарағанды Болашақ Университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистры.
Педагогика және психология кафедрасы – әкімшілік корпус, 39 кабинет (гуманитарлық-педагогикалық факультеті).
Пән туралы мәлімет:
Ғылыми педагогикалық зерттеу негіздері
Барлығы 2 кредит
Өткізу орны – сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарының көшірмесі:
Оқу түрі
|
Оқу мерзімі |
Курс |
Семестр |
Кредит |
Лекциялар |
Семинарлар |
СОӨЖ |
СӨЖ |
Барлығы |
Бақылау түрі |
күндізгі |
4 жыл |
4 |
7 |
2 |
15 |
15 |
20 |
40 |
90 |
Емтихан |
1.3. Пререквизиттері: Қазіргі заманғы педагог мектепке дейінгі білім беру облысындағы жаңарыс процестерімен байланысты үлкен және кіші мәселелерді шешетін зерттеуші болып табылады, ал бұл ізденуші-зерттеуші іс-әрекетін ұсынады. Осындай шарттарда педагогикалық зерттеуді әдістемесі мен әдіснаманы меңгеру болашақ мектепке дейінгі білім беру мамандарының маңызды сапасын құраушы ретінде болады.
1.4. Постреквизиттері: «Педагогикалық зерттеу негіздері» оқу пәнінде мынандай басқа пәндердің білімдері де қолданылған: - «Педагогика», «мектепке дейінгі педагогика», «Қазіргі педагогикалық технологиялар», «Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас негіздері», «Педагогикалық шеберлік» және т.б.
1.5. Пәнді оқытудың мақсаты: «Ғылыми педагогикалық зерттеу негіздері» оқу пәні мамандарды даярлау жүйесінде маңызды пәндердің бірі болып табылады, профилдік циклы бойынша оқытылады.
Курстың мақсаты – студенттерді зерттеу әрекетіне кәсіби қызығушылығын қалыптастыру. Психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмыстарының орындалу әдістемесін, заңдылықтарын меңгерту.
Келесі міндеттерді шешуге ерекше назар аударылады:
психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмыстары туралы түсініктерін қалыптастыру
қазіргі таңдағы мектепке дейінгі балаларды оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі өзекті мәселелерді анықтай білу;
көкейкесті мәселенің қайшылығын айқындап, тақырыпты таңдай білу;
зерттеу әдістерін теориялық тұрғыда және тәжірибеде қолдана білуге төсілдіру.
Дәріс сабақтарында студенттер ғылыми зерттеулердің әдістерімен негізгі категорияларын оқып үйренулері тиіс.
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) педагогикалық мамандықтың қыр-сырымен танысуға және студенттің қызығушылығын оятуға бағытталған.
«Ғылыми педагогикалық зерттеу негіздері» курсы студенттердің емтихан тапсыруларымен аяқталады.
Студент білуге тиісті:
- психологиялық, педагогикалық ғылымдарынан теориялық білімі;
- зерттеу әдістері, оның түрлері және практикада қолдана білуі;
- мектепке дейінгі психология және педагогика ғылымы алдындағы көкейкесті мәселені таңдай білу дағдысы;
- психологиялық, педагогикалық ғылыми болжам жасай білу дағдысы;
- рефераттық, курстық, диплом жұмыстарын талапқа сай орындай білу біліктігі болуы тиіс.
Сабаққа қатысу міндеттеледі:
Сабақты босатқан күнде арнайы тапсырмалар алады және оны уақылы орындайды.
Студент сабаққа кешікпей келуі және ұялы телефонын өшіруі тиіс.
Студент істей алуға тиісті:
- арнайы әдебиет көзін талдай алу;
- қазіргі заманға сай арнайы зерттеулерге сын бере алу.
