Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_503.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.57 Кб
Скачать

Қазақ әдебиеті

1. Қасым Аманжоловтың өзі «Сыр» деп те атап, жас ұрпақпен ашық сөйлесіп, мақсат-мүддесін, қуаныш-сүйінішін, сенімі мен дүдәмәлін ортаға салып сырласқан өлеңін анықтаңыз.

A) «Мен - табиғат бөбегі».

B) «Дауыл».

C) «Дариға, сол қыз».

D) «Үстімде сұр шинелім».

E) «Өзім туралы».

2. Қазақ мәдениетінде театр өнері тұңғыш қай жерде пайда болғанын табыңыз.

A) Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында.

B) Қазақтың тұңғыш театрында.

C) Орынборда.

D) Шыңғыстаудағы Жидебайда.

E) Семей қаласында.

3. М.Әуезовтің «Абай жолы» романының оқиғасы қанша уақытты қамтығанын табыңыз.

A) Екі ғасырды.

B) Бір ғасырды.

C) Бір ғасырдан ұзақ.

D) Отыз жылдың оқиғасы.

E) Жарты ғасыр.

4. а, а, б, б түріндегі ұйқас – ұйқастың қай түріне жататындығын табыңыз.

A) Шалыс.

B) Шұбыртпалы.

C) Қара өлең ұйқасы.

D) Егіз.

E) Ерікті.

5. Жұбан Молдағалиевтің тұңғыш өлеңдер жинағын белгілеңіз.

A) «Заман тынысы»

B) «Жыр туралы жыр»

C) «Жесір тағдыры»

D) «Нұрлы жол»

E) «Жеңіс жырлары»

6. Екінші дүниежүзілік соғыстың көркем шежіресі болып табылатын туындыны көрсетіңіз.

A) «Аласапыран». М. Мағауин.

B) «Қаһарлы күндер». Т. Ахтанов.

C) «Сұлушаш». С. Мұқанов.

D) «Жанталас». І. Есенберлин.

E) «Қаһар». І. Есенберлин.

7. Орхон-Енисей өзендері аңғарынан табылған тастағы дастандарды белгілеңіз.

A) «Күлтегін», «Тоныкөк».

B) «Оғыз-наме».

C) «Диуани лұғат ат-түрік».

D) «Құдатғу біліг».

E) «Диуани хикмет».

8. Саржан, Айсұлу деген кейіпкерлер қай ертегіден екенін табыңыз.

A) «Жартықұлақ».

B) «Ер Төстік».

C) «Бауырсақ».

D) «Толағай».

E) «Құламерген».

9. Абаймен кездесіп, дос болған әнші-ақынды табыңыз.

A) Сүйінбай.

B) Біржан сал.

C) Ақан сері.

D) Жаяу Мұса.

E) Балуан Шолақ.

10. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.

A) «Өзен».

B) «Таза мінсіз асыл тас».

C) «Тілек».

D) «Ор, ор, ор қоян».

E) «Мадақ».

11. С.Көбеевтің ХХ ғ. басында әдебиеттің қандай саласын қалыптастырғанын табыңыз.

A) Көлемді прозаны.

B) Аудармашылықты.

C) Лириканың азаматтық үнін.

D) Сюжетті сатиралық өлең, мысалды.

E) Публицистиканы.

12. Абайдың алғаш рет өз атымен жарияланған өлеңін белгілеңіз.

A) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат».

B) «Жаздыгүн шілде болғанда».

C) «Өлең – сөздің патшасы».

D) «Ғылым таппай мақтанба».

E) «Қалың елім, қазағым».

13. «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» поэмаларының авторын табыңыз.

A) И.Байзақов.

B) Ш.Құдайбердиев.

C) М.Абайұлы.

D) А.Құнанбаев.

E) С.Торайғыров.

14. М.Дулатовтың кейіпкері Ғали кімнің сүйген жігіті екенін табыңыз.

A) Шолпанның.

B) Ғайшаның.

C) Шұғаның.

D) Жамалдың.

E) Қамардың.

15. С.Сейфуллиннің ²Тар жол, тайғақ кешу² романы қалай аяқталатынын табыңыз.

A) Сәкеннің Дүйсенбі деген жалған атпен түрмеден қашуымен.

B) Бетпақдаланың табиғатын суреттеумен.

C) Ән-күй аңыздарын берумен.

D) Сәкеннің Әулиеатаға келіп, Шуда Кеңес өкіметін орнату әрекеттерімен.

E) Шу өңірінің тарихын суреттеумен.

16. Жамбылдың қай жылы дүниеге келгенін белгілеңіз.

A) 1845 ж.

B) 1849 ж.

C) 1847 ж.

D) 1846 ж.

E) 1844 ж.

17. С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы неше кітаптан тұратынын атаңыз.

A) 5.

B) 2.

C) 1.

D) 4.

E) 3.

18. Алмастыруды (метонимия) табыңыз.

Үйі мәз боп қой сойды,

Сүйіншіге шапқанға.

A) Қой.

B) Мәз.

C) Сүйіншіге.

D) Үйі.

E) Шапқанға.

19. М. Мақатаевтың өлеңін табыңыз.

A) «Қайырлы түн».

B) «Сабалақ».

C) «Бауырлар».

D) «Жазғы кеш».

E) «Дауыл».

20. Ақан серінің ’’Сырымбет’’, ’’Үш тоты’’, ’’Балқадиша’’ тағы басқа ән өлеңдерінің тақырыбын белгілеңіз.

A) Туған жер.

B) Ерлік.

C) Әйел бостандығы.

D) Кек.

E) Достық сезім.

21. «Тәні саудың жаны сау» мақаласының авторын көрсетіңіз.

A) Ж.Аймауытов.

B) М.Жұмабайұлы.

C) Ш.Құдайбердіұлы.

D) М.Дулатов.

E) А.Байтұрсынұлы.

22. М.Горькиймен шығармашылық байланыста болған қазақ қаламгерін белгілеңіз.

A) М.Жұмабаев.

B) С.Сейфуллин.

C) І.Жансүгіров.

D) М.Әуезов.

E) А.Байтұрсынов.

23. Б.Майлиннің 1916 жыл оқиғасына арналып жазылған поэмасын көрсетіңіз.

A) «Кемпірдің ертегісі».

B) «Қанай».

C) «Бөліс».

D) «Өтірікке бәйге».

E) «Хан күйеуі».

24. М.Әуезовтің қай шығармасында Т.Рысқұлов тағдырының бір кезеңі бейнеленгенін белгілеңіз.

A) ’’Жуандық’’.

B) ’’Жетім’’.

C) ’’Қилы заман’’.

D) ’’Түнгі сарын’’.

E) ’’Қараш-қараш’’.

25. Ғ.Мүсіреповтің қазақ прозасындағы озық үлгідегі романын белгілеңіз.

A) «Ұлпан».

B) «Шығанақ».

C) «Ақ Жайық».

D) «Боран».

E) «Ботагөз».

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]