Қазақ әдебиеті
1. Ақан cерінің атын алысқа естіртіп, даңқын әуелеткен сәйгүлігін белгілеңіз. A) Көкбесті. B) Құлагер. C) Шалқұйрық. D) Байшұбар. E) Тайбурыл. |
2. «Күніне жүз ойланып, мың толғанам, Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп» - Үзінді Қ.Аманжоловтың қай шығармасынан алынғанын атаңыз. A) “Сырласым”. B) “Біз кім?” C) “Дариға, сол қыз”. D) “Өзім туралы”. E) “Елге хат”. |
3. М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасындағы баланың атын табыңыз. A) Жұмаш. B) Құрмаш. C) Қасен. D) Бейсенбай. E) Асан. |
4. М.Әуезовтің жарты ғасырлық оқиғаны қамтитын шығармасын табыңыз. A) «Қилы заман». B) «Абай жолы». C) «Қараш-қараш оқиғасы». D) «Өскен өркен». E) «Түнгі сарын». |
5. Теңеуді табыңыз. Шұғыла шалғын кешкі бұлттай, Толқын шашты оттар ойнар. A) Шұғыла. B) Шалғын. C) Бұлттай. D) Толқын. E) Кешкі. |
6. Ж.Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, есімін әлемге мойындатқан шығармасын көрсетіңіз. A) «Сел». B) «Қыран дала». C) «Аққу». D) «Жесір тағдыры». E) «Мен-қазақпын». |
7. Шығыстың Аристотелі атанған адамды табыңыз. A) Платон. B) Әбу Насыр әл-Фараби. C) Әбу Әли Ибн Сина. D) Захириддин Мұхаммед Бабыр. E) Қожа Ахмет Яссауи. |
8. Ертегі не себепті үнемі жақсылықпен аяқталатынын табыңыз. A) Ерте заманда үнемі жақсылық жеңіп отырған. B) Адам жаны жақсылықты аңсағандықтан, арман-қиялында үнемі жақсылық жеңгендіктен. C) Бұл - ертегінің бұлжымас заңы. D) Балаларға арналған шығарма болғандықтан. E) Табиғаттың заңы бойынша жақсылық жеңуге тиіс. |
9. „Сенің қайғыңнан өлемін“, - деп, батырды сүйетінін алғашқы боп өзі мойындаған ару қызды табыңыз. A) Құртқа. B) Назым. C) Гүлбаршын. D) Қарашаш. E) Ақжүніс. |
10. Мына өлең жолдары қай жыраудан алынғанын табыңыз. Айналасын жер тұтқан, Айды батпас демеңіз. Айнала ішсе таусылмас, Көл суалмас демеңіз. A) Шалкиіз. B) Жиембет. C) Доспамбет. D) Ақтамберді. E) Бұқар. |
11. ’’Қамар сұлу’’ романындағы Қамарды айттырған кім екенін белгілеңіз. A) Ахметжан. B) Нұрым. C) Әуелбек. D) Тарғын. E) Ақан. |
12. Абайдың алғаш рет көңілі толып, Көкбайдан қайтарып алған өлеңінің атын көрсетіңіз. A) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім». B) «Интернатта оқып жүр». C) «Жаздыгүні шілде болғанда». D) «Ғылым таппай мақтанба». E) «Қансонарда бүркітші шығады аңға». |
13. Мақалға айналған Абай сөзін белгілеңіз. A) Еңбегі көптің өнбегі көп. B) Аурудан аяған күштірек. C) Көп түкірсе - көл. D) Шабан үйрек бұрын ұшар. E) Азат басың болсын құл, қолдан келмес іске ұмтыл. |
14. “Пәленің түрін көрген мен – сары маса Халықты оянсын деп сөзбен шаққан”, – деген үзінді Ахметтің қай шығармасынан екендігін табыңыз. A) “Жиған - терген” B) “Маса” C) “Қазақ салты” D) “Малшы мен маса” E) “Анама хат” |
15. І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы хан атын табыңыз. A) Кене. B) Әбілқайыр. C) Қасым. D) Абылай. E) Жолбарыс. |
16. Ұлт-азаттық көтеріліске жыр арнаған халық әдебиеті өкілдерін табыңыз. A) Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса. B) Күдері, Жамбыл, Сәт, Омар. C) С.Дөнентаев, С.Торайғыров. D) Махамбет, Алмажан, Шернияз. E) Шортанбай, Мұрат, Әубәкір. |
17. С.Мұқановтың драматургия саласындағы құнды еңбегін табыңыз. A) ’’Шоқан Уәлиханов’’ пьесасы. B) ’’Түнгі сарын’’ пьесасы. C) ’’Ант’’ драмасы. D) ’’Қарагөз’’ трагедиясы. E) ’’Қара қыпшақ Қобыланды’’. |
18. «Импровизация» деген сөздің мәнін көрсетіңіз. A) Күлкілі пьеса немесе көрініс. B) Дауыс толқыны. C) Прозалық, поэзиялық шығарманы сахнаға лайықтап қайта жазу. D) Өлеңді тұтқиылдан суырып салу өнері. E) Еңбек адамының бақытты өмірін суреттейтін өлең. |
19. Қазақтың аққуды киелі санап, тіпті аққу қонған судың өзін қасиетті деп, сырқаттарын емдеуге қолданатынын жырға қосқан ақынды табыңыз. A) Ш.Құдайбердиев. B) С.Сейфуллин. C) І.Жансүгіров. D) М.Мақатаев. E) С.Торайғыров. |
20. Ж.Аймауытовтың «Жасасын бостандық! Жасасын әйел теңдігі!» деген сөздермен аяқталатын пьесасын белгілеңіз. A) «Қанапия-Шәрбану». B) «Ел қорғаны». C) «Мансапқорлар». D) «Шернияз». E) «Рабиға». |
21. 1922 жылы орыс тілінде жазылған “Ахмет Байтурсынович Байтурсынов” атты өмірбаяндық очерктің авторын көрсетіңіз. A) М.Дулатов. B) М.Әуезов. C) М.Жұмабаев. D) С.Торайғыров. E) Ж.Аймауытов. |
22. Композиция элементін табыңыз. A) Экскурс. B) Метафора. C) Пролог. D) Ремарка. E) Арнау. |
23. Мұхтар Әуезов әкесі қайтыс болған соң кімнің тәрбиесінде болғанын табыңыз. A) Нағашысы. B) Немере ағасы Қасымбек. C) Әжесі. D) Аталас туысы. E) Анасы. |
24. "Жат қолында" романының авторын табыңыз. A) Софы Сматаев. B) Сәбит Мұқанов. C) Ғабиден Мұстафин. D) Ғабит Мүсірепов. E) Сәкен Сейфуллин. |
25. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінде Байтас шалдың шекарадан жалғыз өту себебін белгілеңіз. A) Балалары болған, бірақ қайтыс боп кеткен. B) Балаларын ұстап алып, түрмеге қамап тастаған. C) Балалары туған жерге кетіп қалған. D) Балалары туған жерге қайтқысы келмеген. E) Балалары жоқ адам.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
