Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_502.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

Дүние жүзі тарихы

1. Израиль-иудей мемлекетінің астанасы:

A) Самария

B) Тир

C) Газа

D) Иерусалим

E) Библ

2. Үндістандағы ең жоғары кастаға жататындар:

A) Құлдар.

B) Абыздар.

C) Шаруалар.

D) Қызметшілер.

E) Жауынгерлер.

3. Роджер Бэконның дәлелдеуі бойынша білім алу үшін негізгі қажеттіліктер:

A) Өкіметтің қамқорлығы.

B) Бақылау мен тәжірибе.

C) Шаруашылықтың дамуы.

D) Ежелгі жазба деректер.

E) Шіркеудің қолдауы.

4. «Мазурка королі» деп атанған поляк композиторы:

A) Ф.Шопен

B) Ф.Шуберт

C) Д.Верден

D) В.Моцарт

E) А.Вивальди

5. 1945 жылы 6 тамызда Америка ұшақтары атом бомбасын тастады:

A) Хиросимаға

B) Нагасакиге

C) Киотоға

D) Эдоға

E) Хакатаға

6. 1973 жылдың тамыз айындағы жаңа Конституция бойынша Пәкістанның ресми атауы:

A) Пәкістан Республикасы

B) Пәкістан Халық Республикасы

C) Пәкістан Демократиялық Республикасы

D) Пәкістан Елі

E) Пәкістан Ислам Республикасы

7. V ғ. Галлияда өз мемлекетін құрған герман тайпасы:

A) Вестготтар.

B) Франктер.

C) Ағылшын-сакстер.

D) Вандалдар.

E) Остготтар.

8. VІІ ғасырда араб тайпаларының бірігуіне ықпал еткен жағдай:

A) қолөнердің дамуы

B) сауданың өркендеуі

C) өзара қырқысуды тоқтатуы

D) бір құдайға сенуді қабылдауы

E) көрші елдердің тонаушылық соғыстары

9. Татар-монғол шапқыншыларынан Үргеніштің тұрғындары ерлікпен қорғанды:

A) 3 ай бойы

B) 4 ай бойы

C) 5 ай бойы

D) 7 ай бойы

E) 6 ай бойы

10. Украинаның Ресейге қосылған жылы:

A) 1650 ж.

B) 1655 ж.

C) 1653 ж.

D) 1652 ж.

E) 1654 ж.

11. Революциялық жолмен құрылған, жаңа замандағы тұңғыш демократиялық республика:

A) Нидерланды

B) Испания

C) АҚШ

D) КСРО

E) Англия

12. Францияда 1814 ж. тақ басына келген әулиет:

A) Габсбургтер

B) Тюдорлар

C) Стюарттар

D) Бурбондар

E) Йорктер

13. Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында АҚШ-тың соғысқа кірісуі:

A) 1915 жыл

B) 1916 жыл

C) 1918 жылдың аяғы

D) 1917 жыл

E) 1918 жылдың басы

14. Польшада 120 жылға созылған ұлт-азаттық күрес аяқталған жыл:

A) 1917 ж.

B) 1918 ж.

C) 1922 ж.

D) 1923 ж.

E) 1925 ж.

15. Үндістанда «күш қолданбай қарсыласу» күресін ұйымдастырушы:

A) Д.Синх

B) Б.Тилак

C) Н.Рао

D) М.Ганди

E) Д.Неру

16. 1912 ж. Франция мен Испанияға тәуелді болған ел:

A) Египет

B) Алжир

C) Марокко

D) Судан

E) Тунис

17. Солтүстік Еуропадағы монархиялық мемлекеттер:

A) Дания, Англия, Албания

B) Дания, Нидерланды, Словакия

C) Швеция, Норвегия, Дания

D) Испания, Португалия, Финляндия

E) Швеция, Швейцария, Дания

18. Перонизм қозғалысы болған Латын Америкасындағы мемлекет

A) Перу

B) Парагвай

C) Боливия

D) Мексика

E) Аргентина

19. Зерттеулері ғарышты игерудің теориялық мәселелерін талдауда КСРО-ны бірінші орынға шығарған ғалым:

A) Ю.Гагарин

B) Ю.Туполев

C) И.Антонов

D) К.Циолковский

E) А.Калашников

20. Б.з. І ғ. Рим өкіметінің билігін шет аймақтарда нығайту үшін императорлардың жүргізген шаралары:

A) Римдік ақсүйектерді салықтан босатты

B) шет өңірлерде еркін сауда аймақтары құрыла бастады

C) Римдік өмір сүру салтын таратты

D) шет аймақтардағы кеден салықтарын төмендетті

E) шет аймақтарға өзін-өзі билеу құқықтарын берді

21. Ағартушылық ғасыры деп аталған кезең созылды:

A) XVII ғ. екінші жартысынан бастап XVIII ғ. соңына дейін

B) XVII ғ. басынан XVII ғ. аяғына дейін

C) XIX ғ. басынан XIX ғ. аяғына дейін

D) XVIII ғ. басынан XIX ғ. аяғына дейін

E) XV ғ. мен-XX ғ. басы

22. XVII-XIX ғасырлардағы Жапонияның сыртқы саясатындағы басты ерекшелік:

A) Еуропа елдерімен тығыз байланыс жасау.

B) Шетелдіктермен теңіз арқылы сауданы дамыту.

C) Отарлар иелену жолында еуропалықтармен бәсекелесу.

D) Сырт елдерден оқшаулану саясаты.

E) Ашық есік саясатын ұстау.

23. Антанта блогына енген мемлекеттер:

A) АҚШ, Жапония, Италия.

B) Франция, Ресей, Англия.

C) Австро-Венгрия, Германия, Ресей.

D) АҚШ, Ресей, Германия.

E) Ресей, Жапония, Германия.

24. 1856 ж. Осман империясының экономикасына шетелдік қаржының көптеп келуіне жол ашқан саясат:

A) Шетелдіктерге жеке меншік және қозғалмайтын мүлік алуға рұқсат беру

B) Ұлттық қозғалыстарға бірқатар жеңілдіктер жасауы

C) Мұсылман емес халықтарға мемлекет алдында теңдік құқығының берілуі

D) Христиандарды мемлекеттік қызметке алуға рұқсаттың берілуі

E) Жаңа шикізат көздерінің ашылуы

25. 1968 ж. Францияда «Қызыл мамыр» дағдарысының нәтижесі:

A) Н.Саркози қызметтен кетті

B) Шарль де Голль қызметтен кетті

C) Ф.Миттеран қызметтен кетті

D) В.Жискар д' Эстен қызметтен кетті

E) Жак Ширак қызметтен кетті

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]