Биология
1. Жасуша қабықшасының қызметі A) Көбею B) Түс беру C) Органикалық зат түзу D) Зат алмасу, қорғаныштық E) Энергия түзу |
2. Адам мен жануарлардың ішегінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын зақымдайды A) Безгек паразиты B) Лейшмания C) Амеба протей D) Дизентерия амебасы E) Арцелла |
3. Гермафродитті жәндік A) Мысық B) Шұбалшаң C) Көбелек D) Қоңыз E) Өрмекші |
4. Орамжапырақгүлділер (шаршыгүлділер) тұқымдасына жататын өсімдік A) Шомыр B) Асқабақ C) Қауын D) Қияр E) Қарбыз |
5. Қан қысымы өте жоғары тамыр: A) Вена тамыр B) Артерия тамыры C) Капилляр D) Қылтамыр E) Көктамыр |
6. Адамда өкпенің саны A) Біреу. B) Бесеу. C) Екеу. D) Үшеу. E) Төртеу. |
7. Шырынды жапырақтар A) Пияз B) Шыбынжұт C) Жүгері D) Сарысояу E) Итмұрын |
8. Гүлдің дәл ортасына орналасады A) Тостағанша B) Аталық C) Аналық D) Күлте жапырақша E) Гүл сағағы |
9. Дизентерия ауруын емдеуге пайдаланатын қына: A) Цетрария B) Жерқына C) Бұғықына D) Кладония E) Пельтигера |
10. Шымтезек мүгінің ақ түсті болуы: A) жасуша пластидтерінде ерекше заттардың болуынан. B) ауаға толы өлі жасушалардың көбірек болуынан. C) жапырақ бетінде балауызды жабынның болуынан. D) хлорофилді жасушалардың болуынан. E) хлорофилді жасушалардың болмауынан. |
11. Ішекқуыстылардың дернәсілі: A) Жұлдызқұрт. B) Итшабақ. C) Наяда. D) Планула. E) Шабақ. |
12. Құс қауырсынының мүйізді өзегі: A) қаламша B) пәр C) мұртша D) мұрт E) сояу |
13. Инсулин жетіспегенде болатын ауру A) Кретинизм B) Бозедов ауруы C) Қант ауруы D) Микседема E) Аддисон ауруы |
14. Әр омыртқаның бүйір таралатын жұлын жүйкелер саны A) 13 жұп B) 26 жұп C) 36 жұп D) 62 жұп E) 31 жұп |
15. Тірек – қимыл жүйесінің қызметі A) Тасымалдау B) Қоректің қорытылуы C) Оттекті тасымалдау D) Секреттік E) Мүшелерді қорғау, қан өндіру, тірек |
16. Бауырдан бөлінетін секрет A) Жас. B) Май. C) Өт. D) Сілекей. E) Панкреатин. |
17. Түнде зәр тоқтамайтын ауру A) Отит B) Нефрит C) Энурез D) Өрлеме E) Цистит |
18. Нәруыз полимерінің мономері A) аминқышқылдары B) нуклеотид C) глицерин D) май қышқылы E) глюкоза |
19. Митохондрияда жүретін АТФ синтезі жүреді A) Фотосинтезде. B) Көмірсулар синтезінде. C) Ақуыз биосинтезінде. D) Тыныс алуда. E) Липид биосинтезінде. |
20. Бұтақтың түптенуі байланысты: A) Төбе бүршікке. B) Бұйыққан бүршікке. C) Барлық бүршікке. D) Қосалқы бүршікке. E) Қолтық бүршікке. |
21. Бір жасушалы саңырауқұлақ A) Түлкіжем B) Дің саңырауқұлақ C) Түбіртек D) Ашытқы саңырауқұлақ E) Көңілкеш |
22. Толымсыз доминанттылықта, екінші ұрпақта (F2) фенотипі бойынша раушангүл гүлінің тұқым қуалауы- A) 2 қызыл: 1 қызғылт: 1 ақ B) 1 қызыл: 1 қызғылт: 2 ақ C) 3 қызыл:1 ақ D) 1 қызыл: 2 қызғылт: 1 ақ E) 2 қызыл: 2 ақ |
23. Алғаш құс-көнеқұс пайда болды A) Архей. B) Протерозой. C) Палеозой. D) Мезозой. E) Кайнозой. |
24. Эволюцияның эмбриологиялық дәлелдемелеріне жататындар: A) Қазбалы өтпелі формалар B) Әр түрлі ағзалардың химиялық құрылымы және клетка аралық сұйықтықтардың ұқсас болуы C) Биогенетикалық заң D) Филогенетикалық қатарлар E) Түрлердің географиялық таралу заңдылықтары |
25. Бірінші ретті консументтер (тұтынушылар) A) Автотрофтылар B) Өсімдікқоректі жануарлар C) Бір жасушалы балдырлар D) Етқоректі жануарлар E) Хемосинтездеушілер
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
