Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_502.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. XV ғ. II жартысындағы Қазақ хандарының Сырдария бойындағы қалалар үшін күрестегі басты қарсыласы:

A) Әмір Темір

B) Есен-бұға

C) Ұлықбек

D) Мұхаммед Шайбани

E) Темір-Мәлік

2. Қазақстан территориясындағы Семей бекінісінің салынған жылы:

A) 1715 ж.

B) 1718 ж.

C) 1717 ж.

D) 1719 ж.

E) 1716 ж.

3. 1916 жылы Торѓайды 15 мыњ кµтерілісшісімен қоршаѓан сардарбек:

A) А.Иманов

B) Ә.Бµкейханов

C) С.Мењдешев

D) Т.Рысқ±лов

E) А.Байт±рсынов

4. 1920 жылдан 1924 жылға дейінгі ҚазАКСР-ы астанасы:

A) Орал

B) Орынбор

C) Ақмола

D) Омбы

E) Қызылорда

5. Ұлы Отан соғысы басталған жыл:

A) 1941 ж.

B) 1940 ж.

C) 1937 ж.

D) 1938 ж.

E) 1939 ж.

6. 1954 жылға дейінгі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы:

A) Ж.Шаяхметов

B) Ю.Скворцов

C) П.Пономаренко

D) Л.Брежнев

E) Д.Қонаев

7. Сақтар туралы мәлімет беретін ежелгі мәтіндердің бірі:

A) Ежелгі үндіс тайпаларының қолжазбалары

B) Парсы патшаларының тастағы сына жазбалары

C) Ежелгі Қытай патшаларының жазбалары

D) Ежелгі үнді ғұламаларының пергамент жазулары

E) Ежелгі Қытай хроникалары

8. Қарлұқ бірлестігінің құрамына кірген тайпалар:

A) Дулу, нүшбе

B) Бұзық, ұшық

C) Эймур, имақ, қыпшақ

D) Имур, баяндұр

E) Бұлақ, жікіл, ташлық

9. Билік жолында қазақ хандарымен ұзақ күрес жүргізген Әбілхайыр немересі:

A) Мұхаммед Шайбани

B) Убайдоллах Шайбани

C) Сүйіндік Шайбани

D) Мұса сұлтан

E) Хайдар хан

10. Қазақ хандығындағы ұлыстың билеушісі:

A) рубасы

B) би

C) ауылбасы

D) ақсақал

E) сұлтан

11. 1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан:

A) Айшуақ

B) Нұралы

C) Ералы

D) Есім

E) Шерғазы

12. 1865 жылы құрылған «Дала комиссиясын» басқарған:

A) Ф.Гирс

B) Б.Шварц

C) Э.Сташинский

D) Л.Мурашкин

E) С.Гросс

13. 1812 жылы Отан соғысында ерлігімен «Георгий» орденінің кавалері атанған қазақ:

A) Майлыбайұлы

B) Е.Азаматұлы

C) Б.Шуашбайұлы

D) Н.Жанжігітұлы

E) Ы.Әубәкірұлы

14. 1861 жылы орыс-қазақ мектебі ашылған қала:

A) Семей

B) Жетісу

C) Троицк

D) Ақмола

E) Петербург

15. 1872 ж. қазақ музыка аспаптары қойылған көрме өткен қала:

A) Париж

B) Көкшетау

C) Петербург

D) Петропавл

E) Мәскеу

16. «Түземдік халық» арасынан патшалық Ресейдің Думасына мүше болған қазақтар:

A) Б.Қаратаев, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынұлы

B) С.Сейфуллин, Ш.Қосшығұлов, Ж.Ақбаев

C) Ш.Қосшығұлов, А.Бірімжанұлы, М.Тынышпайұлы

D) А.Асылбеков, М.Масанчи, А.Розыбақиев

E) М.Шоқай, Ә.Бөкейханов

17. XX ғасырдың 20-30 жылдарында қазақтардың жалпы санының кемуіне себепші болған:

A) Бірінші дүние жүзілік соғыс

B) Ұжымдастыру саясаты

C) «Әскери коммунизм» саясаты

D) Жаңа экономикалық саясат

E) Ақпан, Қазан төңкерісі зардаптары

18. 1960-1980 жылдары есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал болған академик-ғалым:

A) Қ.Жұбанов

B) М.Тәтімов

C) Е.Бекмаханов

D) Ш.Айманов

E) Ә.Марғұлан

19. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды:

A) 2001 жылы

B) 2003 жылы

C) 2006 жылы

D) 2000 жылы

E) 2004 жылы

20. Неолит дәуірінде шақпақ (кремний) тастан жасалған ұсақ құралдар табылған өңір:

A) Маңғыстау

B) Жезқазған

C) Шығыс Қазақстан

D) Балқаштың солтүстігі

E) Солтүстік Қазақстан

21. М.Қашқаридың Түрік тілдерін салыстыра зерттеушілерінің көшбасшысы деп пікір айтқан ғалым:

A) Н.Карамзин

B) П.Паллас

C) А.Кононов

D) А.Левшин

E) Н.Баскаков

22. Рабиға сұлтан бегімнің кесенесі орналасқан қала:

A) Жент

B) Түркістан

C) Отырар

D) Сарайшық

E) Сауран

23. Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі қалай аталды:

A) Кеңес

B) Жиналыс

C) Құрылтай

D) Қаңқаш

E) Мәжіліс

24. 1864 жылы Ресей әскері басып алған қалалар:

A) Верный, Ташкент, Пішпек

B) Әулиеата, Шымкент, Түркістан

C) Шымкент, Ташкент, Түркістан

D) Әулиеата, Ақмешіт, Қапал

E) Әулиеата, Тоқмақ, Пішпек

25. Индустрияландыру жылдары басым дамыған өнеркәсіп саласы:

A) электроника кәсіпорны

B) машина жасау өнеркәсібі

C) түсті металлургия

D) энергетика өнеркәсібі

E) қорғаныс өнеркәсібі

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]