- •Кафедра: “Физика және фоә”
- •Жұмысшы оқу бағдарламасын дайындаған Сембиева а.С.
- •2. 3.Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1. Пәннің мақсаттары және міндеттері
- •2. Білімгердің білімі мен дағдысына қойылатын талаптар:
- •2.4.Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері
- •2.5. Пәннің мазмұны.
- •2.5.1. Зертханалық сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •2.5.2 Пән бойынша сөж тапсырмаларына қысқаша шолу
- •2.5.4 Білімгерлерге соөж бойынша берілетін тапсырмалар
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Негізгі әдебиеттер
- •4. Баға қою саясаты
- •Бағалаудың үш түрі қолданылады
- •Рубежді бақылау жүргізу кестесі
- •Білімгерлерді бағалау әдісі
- •«Мектеп экспериментінің технологиясы» пәні бойынша білімді бағалау кестесі.
- •Төмендегі кестеде кредиттік оқу жүйесінде қолданатын бағалар әріптермен көрсетілген.
- •Ауызша және жазбаша емтиханда білімгерлердің білімін бағалау критерийі
- •Мектеп экспериментінің технологиясы пәнінен қорытынды баға төмендегі кесте бойынша қойылады.
- •5. Курс саясаты:
- •6. Академиялық тәртіп пен этика саясаты.
- •7. Жұмыстық оқу бағдарламасының вариативтік бөлімі.
- •Тест сұрақтары:
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
Құдайқұлов М.А. Жаңабергенов К. Орта мектепте физиканы оқыту
әдістемесі. – Алматы, “ Рауан ”, 1998.
Марголис. А.А, Парфентьева Н.Е, Иванова Л. А. Практикум по
школьному физическому эксперименту. – М, “ Просвещение ”, 1977
Хорошавин С.А. Физический эксперимент в средней школе. М;
“ Прсвещение ”, 1988
Хорошавин С.А. Техника и технология демонстрационного
эксперимента – М, “ Просвещение ”, 1978
Буров В. А: Зворыкин Б.С., Покровский А.А., Румянцев И. М.
Демонстрационный эксперимент по физике в старших классах средней школы ч. І, ч.ІІ – М., “Просвещение ”, 1977,1988.
Қосымша әдебиеттер
6. Марголис А.А., Парфентьева Н.Е., Соколов И.И. Практикум по
школьному физическому эксперименту. М., “Просвещение”, 1968.
7. Горячкин Е.Н., Орехов В.П. Методика и техника физического
демонстрационного эксперимента в восьмилетней школе. М., “Просвещение”, 1964
8. Буров В.А., Зворыкин Б.С. Кузьмин А.П. Покровский эксперимент по
физике в старших классах средней школы. І.ІІ. Электричество,Оптика. Физика атома. М., “ Просвещение ”, 1972
9. Анофрикова С.В., Бобкова м.А., Бордонская Л.А., Иванова Л.А.,
Каменцкий С.Е.,носова Т.И., Парфентьева М.М., Перышкин а.В., Пурышева Н.С., Терентьев М.М. Методика проподавания физики в средней школе. Частные вопросы. М., “ Просвещение ”, 1987.
10.Жерехов Г.И. Демонстрационный эксперимент по механике. М.,
Госучпедгиз, 1961.
11. Тобаяқов Д. О, Борисав Н.Н., Усток х.3. Лекционные демонстрации
по физике Алматы, “ Мектеп ” , 1986.
12.Демонстрационный эксперимент по физике в средней школе. ІІ том. |
ред А.А. Покровского |. М. “Просвещение”, 2000
13. Демонстрационный эксперимент по физике в средней школе ІІ том |
ред. А.А. Покровского М. “ Просвещение ”, 2001
14. Марголис А.А.., Парфентьева Н.Е., Соколов И.И. Практикум по
методике физики. М.Вита – Пресс, 2003
15. Анциферев Л. И., Пишеков И.М. Практикум по методике и технике
школьного эксперимента М.Дрова, 2002.
4. Баға қою саясаты
Баға қою саясаты әділділік, ашықтылық, икемділік және жоғары дифференциялау принциптеріне негізделеді.
Бағалаудың үш түрі қолданылады
- ағымды,
- рубежді /деканаттың графигі бойынша/
- аралық /академиялық периодтың аяғында бір рет өткізіледі/.
Балдар төмендегідей бөлінеді:
- ағымды бақылауға /Тк/-1500 балл,
- рубежді бақылауға /Рк/-200 балл
- аралық бақылауға /Пк/-100 балл
Барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі:
-балл білімді бақылау кестесі бойынша қойылады,
-егер студент семестр бойы бір сағатта сабақ жібермеген болса, әрі сабақтарға белсенді қатысса, онда оған қорытындысында мадақтау ретінде 10 балл қосылады.
-егер студент себепсіз сабақ жіберсе және оны уақытында орындалмаса, оның 10 балы кемітіледі /айып ретінде/
Білімгерлер білімдерін бақылау:
Оқытушы сіздердің білімдеріңізді алдын-ала ескертпестен тест арқылы, қысқаша сұхбаттасу, викториналық сұрақ-жауаптар түрінде тексере алады, аталған бақылау түрлері бойынша алған бағаларыңыз қорытынды бағалауға енгізіледі. Сонымен қатар практикалық сабақтағы және БӨЖО барасындағы Сіздің кез-келген жұмысыңыз бағаланады.
Білімгерлердің даярлық деңгейіне қойылатын:
Білімгер практикалық сабаққа көрсетілген әдебиеттерге сүйене отырып, қажетті материалдар бойынша конспект дайындауы қажет. Практикалық сабаққа ұсынылған барлық тапсырмалар орындылуы керек.
Білімгер практикалық сабақтарда талдауға ұсынылған мәселе бойынша мәселелі немесе терминологиялық сұрақтар дайындайды.
Барлық жеке, рейтингтік, реферативті және т.б тапсырмалар уақытылы, кестеге сәйкес орындалып тапсырылуы қажет. Білімгер практикалық сабақтарда өз білімін кез-келген түрде көрсете алады: толықтыру, басқа білімгерлер жауаптарына түзетулер енгізу, ауызша хабарлама дайындау.
Бағалау барысында оқытушы келесі жағдайларды белгілеп отырады:
- конспектінің болмауы- 25 бал кемиді;
- практикалық сабаққа дайындықсыз келу-минус 25 бал;
- тапсырмаларды уақытылы орындамау- минус 25 бал
Білімгерлерді мадақтау:
Тақырып бойынша тапсырма материалдарын дербес түрде тауып, қызықты ғылыми хабарлама даярлап, практикалық сабақта ең мәселелі сұрақты көтеріп, пікірталас ұйымдастырып, оны басқара білсеңіз,сонымен қатар ең үздік баяндама, реферат, ауызша жауаптар үшін Сізге 25 балл қосылады.
Практикалық сабақтарға белсенді қатысқан білімгерлерге 12,5 балл қосылады. Үй тапсырмаларын дәл уақытында тапсырған алғашқы бес білімгерге 12,5 балдан қосылады.
Рефераттың сапалы жазылып, уақытылы тапсысырылуы мен жақсы деңгейде қорғалғаны үшін 25 бал қосылады.
БӨЖ орындауға қойылатын талаптар:
Семестр барысында білімгерге 10 БӨЖ тапсырмалары ұсынылады. Олардың әрқайыссына 10 балдан беріледі. Осылайша, БӨЖ бойынша қорытынды баға 0-100 бал аралығын құрайды.
Рубежді бақылауға қойылатын талаптар:
«Электр және магнетизм» курсы бойынша 2 рубежді бақылау қойылған. Олар келесі түрде жүргізіледі: біріншісі- тесттік бақылау жұмысы түрінде, екіншісі- ауызша коллоквиум түрінде.
Әрбір рубежді бақылау 100 балмен бағаланады. Қорытынды баға 0-200 бал аралығын құрайды.
Аралық аттестацияға қойылатын талаптар
Аралық аттестация емтихан түрінде жүргізіледі, оның салмағы жалпы бағаның 40%-тін құрайды. Емтихан жазбаша жүргізіледі.
Жауаптарын тауып дайындалу үшін білімгерлерге емтихан сұрақтары алдын-ала беріледі. Емтихан барлық өтілген материалды қамтиды.
Емтихан барысында білімгер курс бағдарламасын қолдана алады, бірақ глоссариилер, анықтамалар, қосымша жазбалар қолдануға рұхсат жоқ. Егер білімгерден аталған заттар табылса, ол емтиханнан шығарылады.
