Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд тшэ для студ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179.76 Кб
Скачать

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 02/097

Оқытушының оқу жұмыс бағдарламасы

Оқу-әдістемелік басқарма

31 беттің 31 беті

СМЖ «Оқу-әдістемелік»

ҮК НҮ 07 - 2011

Баспа 1.Дана №1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Бекітемін»

Жаратылыстану ғылымдары

факультетінің деканы

Т.Бижігітов ___________

« » 2013ж

«МЕКТЕП ЭКСПЕРИМЕНТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»

ПӘНІНЕН БІЛІМГЕРЛЕР ҮШІН

ЖҰМЫСШЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Кафедра: “Физика және фоә”

Оқу жылы: 2013-2014

Кредит саны: 3

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 3

Cеместр: 5

Барлығы: 135 сағ

Зертханалық – эксперименттік жұмыс: 45 сағ

СОӨЖ: 45 сағ

СӨЖ: 45 сағ

Емтихан : 5 - семестр

Оқытушының аты-жөні: Сембиева А.С.

Қосымша сабақ: кесте бойынша

Тараз 2013 ж

Жұмысшы оқу бағдарламасы ТарМПИ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен 09.12.2006ж №3 хаттамамен бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалынды

Жұмысшы оқу бағдарламасын дайындаған Сембиева а.С.

Жұмысшы оқу бағдарламасы “Физика және физиканы оқыту әдістемесі” кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

«03» 09 2013 ж. № 2 хаттама

Кафедра меңгерушісі Б.Ж.Көшкімбаева

Жұмысшы оқу бағдарламасын Жаратылыстану ғылымдары факультетінің жұмысшы бағдарламалар комитеті мақұлдады.

№ хаттама «___» ____ 2013 ж.

Комитет төрайымы Надырбекова А.

Оқытушы туралы мәлімет: Сембиева Ақбота Серікқызы, физика магистрі

Оқитын пәндері: Мектеп физика курсының демонстрациялық тәжірибелері, Физика есептерін шығару әдістемесінің негіздері

Байланыс: «Физика және ФОӘ» кафедрасы

Мекен-жай: Жамбыл даңғылы 16а .

Кафедрада болу уақыты: сабақ кестесіне сәйкес.

2. 3.Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Мектеп физика курсындағы эксперимент – бұл физика ғылымына тән зерттеудің ғылыми әдістік көрінісі, сондықтан да физикадан өткізілетін оқу эксперименті оқушылардың физика бойынша алатын білімдерінің көзі және физикалық құбылыстарды зерттеудің әдісі, физика сабақтарындағы басты көрнекілік болып табылады.

1. Пәннің мақсаттары және міндеттері

“Мектеп экспериментінің технологиясы” пәнінің негізгі мақсаты мектеп физика курсының мынандай басты мәселелерін эксперименттік негізде түсіндіруді көздейді: физикалық құбылысты бақылау, өлшеуіш приборлармен физикалық шамаларды өлшеу, физикалық шамалардың арасындағы сандық байланыстарды тағайындау, физикалық тұрақтылықтарды анықтау, техникалық құрылғылармен таныстыру болып табылады.

Арнаулы приборлардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы физикалық оқу эксперименті деп аталады. Ол физиканы оқытудағы ең негізгі көрнекі құрал болып саналады, себебі оны пайдаланудың нәтижесінде физикалық ұғымдар қалыптастырады, құбылыстар арасындағы өзара байланыстар тағайындалады, физикалық заңдар тексеріледі.

Сабақта демонстрациялық тәжірибелердің жасалуы, олардың кейбіреуі кино және теледидар арқылы көрсетілуі, оқушылардың зертханалық жұмыстарды орындауы, мектептегі физиканы оқытудың эксперименттік әдісінің негізі болып табылады.

Демонстрациялық эксперимент құбылыстарды және заңдарды оқып үйрену үстінде, оқушылардың ой-өрісіне, сезу және қабылдау түйсіктеріне мұғалімнің белсенді басшылығымен белгілі бір түсініктер мен ұйымдарды қалыптастырады.

Дұрыс ұйымдастырылған мектеп курсындағы эксперимент оқушыларды ұқыптылыққа, төзімділікке, қиыншылықты жеңе білуге, ізденушілікке, бақылай білу дағдысын қалыптастыруға және оның негізгі белгілерін анықтауға әсер ететіндей тәрбиелік маңызы зор.

Мектептегі физикалық эксперимент техникасының негізгі міндеттері

Физикалық экспериметтің техникасы мен әдістемесі туралы зертханалық практикумның негізгі міндеттері мыналар :

1.Орта мектеп курсы бойынша демонстрациялық тәжрибиелерді өз бетінше қою және көрсету процесі кезінде студенттер демонстрациялық экспериментті әдістемелік және техникалық тұрғыдан дұрыс қою шеберлігін, сонымен бірге демонстрациялық педагогикалық эффектісін ең жоғары дәрежеге жеткізу үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдерді меңгеру керек.

2. Зертханада жұмыс істеу студенттерге тек ғана белгілі білім, дағды және шеберлік беру емес, сондай – ақ экспериметті сүюге, оны әсер жеткілікті дәрежеде қоя білуге үйретіп, олардың өз бетінше жұмыс істеуі мен инициативасын дамыту керек. Бұл мұғалімнің сабақты экспериментпен жабдықтауына, әдістемелік әдебиеттердің жаңа ұсыныстарын шығармашылықпен меңгеруге мүмкіндік береді.

3. Кез келген жағдайларда да физика кабинетін жасауға және оның жұмысын тиімді жүргізуге жәрдемдесетіндей, студенттерді мектеп физика кабинетін ұйымдастыру мен жабдықтаудың негізімен таныстыру қажет.

4. Физика әдістемесі зертханасында жұмыс істеу процесінде студенттер мектеп үшін біздің өнеркәсіп шығаратын физикалық құралдардың біршама санын білуі және практика жүзінде меңгеруі керек.

Ең алдымен студенттер мектеп физика кабинетінің мынандай негізгі (жалпы) құралдарын оқып біліп алуы керек: проекциялық аппаратура, ток көздері, түзеткіштер, электр өлшеуіш приборлар, нассостар, электр тогын бөлуші құрылғы, жылу көздері, осцилограф, трансформаторлар.

5. Студенттерді фронталдық зертханалық жұмыстарды және мектептегі физикалық жұмыстарды және мектептегі физикалық практикум жұмыстарын қоюға үйрету қажет. Олар мұндай жағдайда жұмыстың нақты мақсатын анықтап, аппаратураларды өте тиімді түрде таңдай білу және өлшеудің мүмкін боларлық дәлелдігін ескеру, өлшеулердің немесе бақылаулардың шартын білу керек.

6. Студенттер эксперимент қою жайлы негізгі әдебиеттермен танысуы

және оларды сын көзбен бағалай білуі керек.

7. Мүмкіндігінше студенттердің өнер тапқыштық қабілетін, жаңа құралдар жасауды жобалауға, бар құралдарды жетілдіруге деген ынтасын дамытуы керек.

Студенттердің зертханадағы жұмысы арнайы жасалған график бойынша ұйымдастырылады. Қажетті жағдай болған кезде әр студентке мектеп эксперименті бойынша – жұмыстар жеке дара орындалуы тиіс.

Зертханадағы әртүрлі сабақтардың өтілуі кезінде студенттердің қауіпсіздік техникасының барлық талаптарын меңгеруі мен мүлтіксіз орындауына ұдайы назар аудару керек.