- •Лексика
- •2.Сөз мағынасы және оның түрлері
- •3.Сөз мағыналарының түрлері
- •Синтаксистік шартты мағына
- •4.Сөздің көп мағыналылығы (полисемия)
- •Сөз мағыналарының метафоралық қолданылуы.
- •Сөз мағынасының метонимиялық өзгеруі.
- •Синекдоха
- •14.Терминдер
- •15.Көнерген сөздер
- •Тарихи сөздер
- •Архаизмдер
- •16.Неологизмдер
- •17.Фразеологизмдер
- •Лексикалық талдау үлгісі
Лексика
1.Лексика (гр. Lexicos-сөз) термині тіліміздегі сөз жиынтығын аңғартады.
Лексикология (лексикос-сөз, логос-ілім, ғылым) |
Семасиология термині гректің семантикос – «білдіру, мән», логос – «ғылым» деген сөздерінен жасалған |
Этимология |
Лексикография (лексикос-сөз, графос-жазу)
|
Тілдің сөздік құрамын,байлығын зерттейді.
|
Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын, ондағы мағыналарының өзгеру жолдарын зерттейтін ғылым |
Сөздердің тарихын,шығуын, дамуын зерттейтін ғылым. |
Сөздерді, фразеологизмдерді жинап, жүйелеп сөздік ретінде беру ісі лексикография деп аталады. Лексикографияның негізгі міндеті - лингвистикалық сөздік жасау.
|
Байырғы сөздер, туынды сөздер, біріккен сөздер,қосарлы, тіркескен сөздер. Қазақша сөйлеуге және жазуға қатысатын барлық сөздердің жалпы жиынтығы -қазақ тілінің сөздік құрамы. |
|
Кітап- китабун деген араб сөзі, дос -дост деген парсы сөзі.бөкебай -пуховой деген орыс сөзі,биыл- бұл жыл деген сөзден біріккен. Өлі түбір этимологиясы:түбірдің бұрынғы мағынасы ұмытылған сөздер:арбау-«ар» мағ белгісіз. |
Түсіндірме с Аударма с Терминологиялық с Этимологиялық с Орфографиялық с Орфоэпиялық с Энцикл Синонимдер с Белгілі бір ақын жазушы сөздігі Фразеолог с т.б |
2.Сөз мағынасы және оның түрлері
Сөз – дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұрады.
Әрбір сөз - белгілі бір зат пен құбылыстың, қимыл әрекеттің атауы. Қар.Парта.
Әрбір сөздің білдіретін ұғымы – оның мағынасы. Түсі ақ, салқын ,еріп суға айналатын зат. Ағаштан жасалған оқушының құралы,мектептегі отыратын орны.
3.Сөз мағыналарының түрлері
Тіліміздің қазіргі даму қалпы, сатысы (статистикалық, синхрондық) тұрғысынан келсек, сөз мағыналарын екі түрге бөліп қарауға болады. Біріншісі – сөздің тура мағынасы, екіншісі – сөздің ауыспалы, келтірінді мағынасы.
Мысалы, «қараңғы» деген сөздің «жарық жоқ, көзге ештеңе көрінбейді» деген мағынасы – (үйдің іші қараңғы, қараңғыда көзім көрмейді) тура мағынасы да, «қараңғы» сөзінің белгісіз, неғайбыл, екіталай деген мағынасы (ақыры немен тынатыны маған қараңғы) (Ғ.Мұст.) ауыспалы мағынада қолданылған. «Қол -адамның дене мүшесі» десек тура м, ал «Сен менің оң қолымсың» десек ауыспалы мағ. Сөздің ауыспалы мағынасы біреу емес,бірнешеу болуы мүмкін, «қол ұшын берді» жәрдемдесті, «қолы жеңіл» ісі сәтті деген ұғымды білдіреді. Бұлар қол сөзінің ауысалы мағыналары.
Сөздің заттар мен құбылыстардың және олардың белгілерінің бейнесімен тікелей байланысты лексикалық мағынасы тура мағына деп аталады. Мысалы, оқу – етістік, кітап, газет, хат, деген зат есімдермен тіркесіп қолданыла береді (кітап оқу, газет оқу, хат оқу).Сөздердің бастапқы лексикалық мағынада көптеген сөздермен емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп, тіркесу қабілеті ескеріліп, тура мағынаны кейде еркін мағына деп те атай береді.
Сөздің тұрақты сөз тіркестерінде жүзеге асатын лексикалық мағынасы фразеологиялық мағына деп аталады. Мысалы, су сөзінің су құю, су тасу, сумен жуу, су төгу деген сөз тіркестеріндегі мағынасы тура – (еркін) мағына. Су деген сөз тура мағынасында басқа сөздермен емін-еркін тіркесе береді. Ал су жаңа немесе судай жаңа деген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы – фразеологиялық мағына.
