Диагностикасы
Эпилепсияны анықтау үшін ең аддымен науқаспен мұқият сүхбат- тасып, қажетті деректерге толық талдау жасау керек. Эпилепсиямен зардап шеккен жандары бар отбасында тікелей тұқым қуалаушылық қаупі, ата-анасы алкоголизммен ауырғандарды анықтау маңызды роль атқарады. Анасының екіқабат кезіндегі денсаулығы, перинаталдық анамнез, баланың өсіп-дамуы мен ауырған аурулары жөніндегі мәлімет- тер, мінез-қүлқы мен интеллектісінде тиісті өзгерістердің бар-жоғы диагностикаға қажетті факторлар болып есептеледі.
Электроэнцефалофаммада эпилепсияға тэн өзгерістер корініс береді:
Шыңдар - төбесі үшкірленген, ұзақтығы 10-75 м/сек, ампли- тудасы 50-100 мкв, көбінесе бір фазалы оқшауланған толқындар.
Тығызданған толқыңдар - 10 секундтан аз ұзақтағы толқындар.
Үшкір толқындар - табаны кеңейген, төбесі сүйір (үшкір), ұзақтығы 75 м/сек кеп, эр түрлі амплитудадағы (20-200 жэне одан да көп) толқындар. Олар бір, екі фазалы, жеке, топтасқан немесе көптеген болуы ықтимал.
'Тығызданған толқындар” жиьштығы - екі тербеліс жиьштығы (шьщ мен тета- немесе дельта- толқындар, көбінесе ырғақты, секундына 2-3 жиілікте қайталанады).
Пароксизмалды ритмдер - секундына 8-12, 14-16, 20-39 жиіліктегі жоғары вольтажды ырғақты топтар.
Балалық шақта басталатын эпилепсия барлық жағдайларда дерлік бас сүйектің өзгерістері арқылы (емізік тәрізді өсіндінің пневматизациясы, сүйек қуыстарьтның шамадан тыс үлғаюы, бас сүйек шұң- қырларының тегістелуі, бас күмбезі сүйектерінің қалындауы және т.б.) білінеді. Пневмоэнцефалография, КТ, ЯМРТ эпилепсиялық ошақтың орналасуын анықтауға мүмкіндік береді. Патологиялық өзгерістер ми қабыгы мен қарыншалар жүйесінде де байқалуы мүмкін.
Эпилепсиялық үстамалар, өздерінің әр түрлілігіне қарамастан, пароксизмалдығымен, қысқа мерзімділігімен, эр үстаманың нақтылы науқаста стереотиптігімен жэне көпшілік жағдайларда ес-түсінен айырылуымен сипатталады. Дегенмен кейбір эпилеспиялық үстамалар диагностикалық ажыратуды қажет етеді.
Таралымды қүрыспалы үстамаларды истериялық үстамалар мен талып қалудың қүрыспалы түрлерінен ажырату керек. Таралымды қүрыспалы үстамаға пароксизм өтуінің фазалылығы тән: аура (егер ол болған жағдайда) - естен тану - қүрысулар (тониқалық, соңынан клоникалық) - ес-түстің үстамадан кейінгі өзгерістері (кома, сопор, үйқы). Көз қарашықтарының кеңеюі мен олардың жарыққа реакциясы- ның жойылуы байқалады. Эпилепсиялық үстамалар қандай да болмасын жағдайларда пайда бола береді. Сырқаттар қүлағанда көбінесе жарақаттаньш қалады.
Истериялық үстама эрқашан сырқаттың күйзелген шағында, маңайында басқа адамдар болғанда үстайды. Истериялық үстама көрермендерге арналған спектакль тэрізді, қүлағанда олар жарақат- танбайды. Сіреспелі қүрыспаларға эдетте описто-тонус типтес "истерия- лық доға" кірігеді, қол-аяқты, денені жазатын бүлшық еттердің сіресе қүрысуы, эр түрлі астарлы кейіптер жиі көрініс береді, науқастар киімдерін жырта бастайды, бетін тырнайды, тістелеседі жэне т.б. Көз қарашығының кеңеюі эдетте оның жарыққа реакциясының жойылуы- мен қосарланбайды. ¥стама соңынан есінен тануы мүмкін, бірақ ол эпилепсиялық үстамадан кейін де бола береді.
Талып қалудың қүрыспалы түрлерінде әуелі естен тану мен бүлшық еттердің босауы байқалады, одан бірнеше секунд өткенде сіреспелі қүрыспа пайда болады. Қарашық реакциясы өзгермейді. Науқастың түсі бозғылданады, артериялық қысымы төмендейді. ЭЭГ-да эпилеп- сиялық үстамаларға тән өзгерістер көрінбейді.
Эпилепсиялық бас айналу ұстамасын бас айналудың басқа себептерінен ажырата білу керек. Эпилепсиялық бас айналу ұстама- ларының ерекшелігі - олар қысқа мерзімді (секундтар), сыртқы әсерлерге байланысыз-ақ оқтын-оқтын қайталанады, ұстамалар бол- маған аралықта вестибулярлық бұзылымдар болмайды. Бұл ұстамалар болып жатқан уақиғалардың шындыққа сай еместігін жиі сезінумен, сонымен қатар қорқыныш пен болуға тиісті оқыс оқиғаны сезумен, ал кейде естен танумен қосарланады.
Эпилепсия өзіндік ауру ретінде басқа ауруларда болатын эпилеп- сиялық синдромдардан ажыратылуы керек. Эпилепсия көбінесе балалар мен бозбалаларда жиі болады. Эпилепсияның өту ерекшеліктері мен қосымша тексерістер арқылы алынған деректерді ескерген жөн.
