Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПИЛЕПСИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫСПАЛЫ ҰСТАМАЛАР.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
964.54 Кб
Скачать

Эпилепсия және құрыспалы ұстамалар

Эпилепсия - әр түрлі себептерден пайда болып, ара-тұра бэсең- дейтін, нейрондық қозулардың әсерінен қайталана беретін мидың құрыспалы ұстамалы созылмалы ауруы. Эпилепсия онша жиі кездес- песе де (1%-дан аз), оған бүкіл дүние жүзі невропатологтары, психиатрлары, нейрохирургтары, педиаторлары ғана емес, эндокрино- логтар мен нейропсихологтар да аса зор назар аударыи отырғаны белгілі. Эпилепсияны бүдан 3000 жыл бұрын осы аурумен ауырған Египет перғауыны (фараоны) Эхнатон түңғыш рет суретгеген.

Этиологиясы

Қазіргі кезде қалыптасқан пікір бойынша, эпилепсия генетикалық жэне экзогендік факторлар эсерінен пайда болатын жеке ауру ретінде қарастырылады. Эпилепсия туралы ғылымның дамып-жетілуіне нейро- генетиканың негізін салушы С.Н. Давиденков зор үлес қосты. Ол аурудың пайда болуындағы генетикалық жэне экзогендік факторлар- дың арақатынасын дәлелдей келе, эпилепсияны мидың органикалық ауруларында байқалатын қүрыспалы үстамалардан айқын ажыратып, оған толық анықтама берді.

Эпилепсия, С.Н. Давиденков түсіндіргендей, "клиникалық бірегей” ауру, оның пайда болуында генетикалық жэне экзогендік факторлар маңызды роль атқарады. Басқа ауруларда (ісік, ірің, энцефалит, т.б.) кездесетін қүрыспалы үстамалардың ауру ретінде эпилепсияға ешқан- дай қатынасы жоқ. Шұғыл уытты немесе уытты-инфекциялық зақымдануларда (тұмау, респираторлық инфекция, алкогольдік, шүғыл улану, т.б.) білінетін құрыспалы ұстамалар эпилепсиялық реакцияларға жатады.

Экзогендік факторлар эпилепсияға бейімдейтін агент болуымен қатар, аурудың дамуына тікелей ықпал жасайды. Этиологиялық факторлар едәуір дәрежеде аурудың жас мөлшеріне байланысты. Мысалы, балалардағы перинаталдық зияндылықтар ("құрғақ" босанулар, жылдам босану, нәрестенің басы мен жамбас диаметрінің сәйкессіздігі, босану үрдісіндегі асфиксия, т.б.) эпилепсияның пайда болуында маңызды роль атқарады.

Ми мен оның қабықтарында қабыну үрдістері (энцефалиттер мен менингиттер) пайда болуына әсер ететін инфекциялар, сонымен қатар эр түрлі инфекциялы-уыттық әсерлерден мидың ісінуімен қосарла- натын дисциркуляторлық бұзылулар эпилепсияның негізгі этиология- лық факторлары ретінде қарастырылады.

Бозбалалар мен ересектерде бас сүйек-ми жарақаггары, уыттанулар, ми қан тамырларының аурулары басым болады. Мүнда инфекциялар да (арахноидиттер) белгілі роль атқарады.

Патогенезі

Аурудың патогенезі мидың органикалық зақымдануларынан эпилепсиялық ошақ ("эпилепсия тудыратын ошақ") немесе белгілі параметрдегі афференттік ықпалдардың нейрондарды ұзақ соққыға үшыратуына байланысты қосымша эпилепсиялық ошақ пайда болуына негізделген.

Эпилепсиялық үстама аталмыш эпилепсиялық ошақтың бүкіл миға немесе оның белгілі жүйелеріне тарағанда ғана пайда болады. Ол эпи- лепсиялық ошақтың белсеңділігімен қатар, мидың "ошақтан тысқары" кейбір жүйелерінің функционалдық жағдайына да байланысты.

Эпилепсиялық белсенділік - жоғары жиілікте оқшаулана біріккен белсенділікке ие болуға икемделген "эпилепсиялық неврон". Біріккен белсенділік мембрандық потенциалдың үстамалы деполяризациялық жылжуы (ПДЖ) түріндегі невронның деполяризациялануға бейімділігі жогарлануынан пайда болады. Эпилепсиялық ошақ көршілес эпилеп- сиялық неврондардың үйлесімді эрекеттері нэтижесінде қалыптасады.

Эпилепсиялық жэне олармен көршілес көптеген неврондардың бір мезгілде қозуы, яғни неврондар қызметінің гиперсинхронизациясы эпилепсияның негізгі патофизиологиялық механизмі болып саналады. Гиперсинхронизация көрінісін эпилепсияның электрографиялық феномені (біріккен белсенділік, шың, үшкір толқын, шың-толқын жиынтыгы, үстамалы ритмдер) ретінде қарастырған жөн.

Миға эпилепсиялық ошақ әсерінің таралуына ("эпилептогендік ошақтың жетілуіне") мидың функционалдық күйін анықтайтын ошақ сыртындағы факторлар ықпал етеді немесе бөгет жасауы мүмкін. Ол эпилепсияға әзірліктің күшеюі, мидың "құрыспалы реактивтілігі" ретінде қарастырылады. Мұндайда мидың эпилепсияға эзірлігі аса күшеюінен эпилепсиялық ошақтың әсері қыртыс асты құрылымдарына тарайды. П. М. Сараджишвиллидің (1978) пікірі бойынша, эпилепсия- лық ошақ көру төмпешігінің арнаулы жэне арнаусыз ядроларын қамтиды. Алғашқы қыртыстық эпилепсиялық ошақтарға байланысты құрыспалы ұстамалардың дамуында ми қыртысы - көру төмпешігі- аралық ми жүйесінің маңызы зор.