Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МШТ.doc-548029210МШТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Кіріспе

Еліміздің экономикасын дүние жүзіндегі ең жетілдірілген және қуатты экономикаға айналдыру экономикалық күш-қуаттың негізі – ауыр индустрияны одан әрі дамытуды қажет етеді.

Ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін іске қосуда машина жасау саласына басты орын берген жөн. Машина жасау өндірісінің технологиясы мен ұйымдастырылуына революциялық өзгерістер жасауды, еңбек өнімділігін еселеп арттыруды, материал мен энергияның жұмсалуын кемітуді, өнімнің сапасын жақсартуды, қор қайтарымын өсіруді қамтамасыз ететін техникалық-экономикалық жағынан ең жоғары дәрежедегі машиналар, жабдықтар мен аспаптар жүйелері мен комплектілерін шығаруға тиіс.

Өндірістің тиімділігі, оның техникалық прогресі, шығарылатын өнімнің сапасы көбінесе жаңа жабдықтарды, машиналарды, станоктар мен аспаптарды шығаруға, сондай-ақ технологиялық және конструкторлық шешімдердің экономикалық тиімділігі мен техникалық мәселелерді қамтамасыз ететін әдістерді жан-жақты енгізуге байланысты. Ғылыми-техникалық революцияны жүзеге асыруда машина жасау саласы басты, өзекті роль атқарады.

Қолда бар қуатты мейлінше толық пайдалану және саланың ең бірінші кезекте қайта құрылуын жүзеге асыру міндеті алға қойылады. Бұл үшін қайта бөлу есебінен машина жасауға жұмсалатын күрделі қаржыны 1,8–2 есе ұлғайтып, қазіргі заманға сай жабдық түрлерін беруді шұғыл арттырған жөн.

Өндірістік үрдістерді жобалаудың инженерлік әдістерін толықтай игере алатын маман кадрларды даярлауда осы мәселелердің бәрін жолға қоюдың маңыздылығы зор. Осыған орай жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде студенттер орындайтын машина шығару технологиясы бойынша тәжірибелік жұмыстарға ерекше мән беріледі.

1 Тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Бастапқы дайындаманы таңдау және оны конструкциялау

Окудың мақсаты: бастапқы дайындаманың түрін таңдауды үйрену және бастапқы дайындаманы конструкциялау жұмыстарын (есептеулер және эскиз жасау) орындау.

Әдістемелік нұскаулар: тапсырма аудиторияда және үйде орындалады. Оқытушы бастапқы материал ретінде әртүрлі тетіктердің сызбасын таратады, негізгі ұғымдар, ережелер мен терминдер талқыланады.

Оқудың мазмұны: әрбір студентке нақты тетіктің сызбасы және бастапқы мағлұматтар беріледі; техника-экономикалық негіздемелерді ескере отырып бастапқы дайындаманың тиімді түрін таңдау және оны конструкциялау қажет.

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Бастапқы дайындаманы талдағанда теіктің материалы мен оның технологиялық қасиеттеріне (құю мүмкіндіктеріне, қысыммен және кесу арқылы өңдеу жағдайларына және басқалары) назар аударған жөн, материал қасиеттерін тетіктің беріктігі мен қаттылығы, пішіні, габариттері және тетіктің салмағы бойынша (пішін күрделілігі, тесіктердің бар-жоқтығы, өлшемдердің аса дәлдігіне және өте аз кедір-бұдырлықтарға байланысты қайта-қайта өңдеуді талап ететін беттердің бар-жоқтығы) қойылатын техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру. Сондай-ақ өндіріс типін ескерген жөн. Өндіріс типі бастапқы дайындама түрін таңдауға (штампталған немесе еркін соғылған соғылма; құю түрі, илем түрі және басқалары) айтарлықтай әсер етеді.

1 Сурет. Төлкенің дайындамасы

2. Бастапқы дайындаманы таңдау нақты негізделуі тиіс; сондай-ақ дайындаманы жасау тәсілі түсіндірілуі қажет және түсініктеме сызба көрсетілуі тиіс.

3. Бастапқы дайындаманың өлшемдерін шақтамасымен бірге анықтау. Қуыс цилиндрлік тетік үшін келесі формулалар қолданылады:

сыртқы бет үшін – do=dд+2Побщд;

ішкі бет үшін – Do=Dд–2ПобщD;

бірдей өңделетін түп беттері үшін – Lo=Lд+2Побщт;

бірдей өңделмейтін түп беттері үшін – Lo=Lдобщт1общт2,

мұнда, «о» индексі бар өлшемдер бастапқы дайындаманікі, ал «д» индексі бар өлшемдер дайын тетіктікі;

общ – диаметрге немесе екі бетке қажетті жалпы әдіп;

Побщ – бетті механикалық өңдеуге қажетті жалпы әдіп.

Бастапқы дайындама өлшемдерінің шақтамалық ауытқулары стандарттар бойынша белгіленеді.

4. Бастапқы дайындаманы конструкциялау және техникалық талаптарды жасау жоғарыда айтылған стандарттарға сәйкес орындалады.

5. Бастапқы дайындаманың салмағын тетік салмағы (Мд) мен механикалық өңдеу кезінде жонылған метал салмағын (Мотх) қосу арқылы анықтайды.

6. Металды пайдалану коэффициенті келесі формуламен анықталады

Кмпд/(Мдотх)=Мдо

7. Бастапқы дайындама бір данасының құнын анықтау. Бастапқы дайын-даманың құны және материалды пайдалану коэффициенті технологиялық үрдісті жобалау кезінде қабылданған техника-экономикалық шешімдердің дұрыстығын көрсететін негізгі көрсеткіштер болып табылады.

Илемнен жасалған бастапқы дайындаманың құнын келесі формуламен анықтайды

СошткгНрасх

Мұнда Цкг – 1 кг илемнің құны, Нрасх – бір тетікке қажетті материал шығынының нормасы (дайындаманы патронға қысуға, илемді кесуге және дайындама ұзындығы мен илем ұзындығының сәйкес келмеуінен пайда болған қалдыққа қажетті шығындарды ескергенде).

Штампталған соғылманың құнын материал маркасы, соғылманың күрделілік тобы, дайындама салмағы мен штамптау дәлдігі үшін төленетін қосымша құн, сериялылықтың тобы және дайындаманы қосымша термиялық пен химика-термиялық тәсілдермен өңдеуге, сондай-ақ дайындаманы тазалауға қажетті деректерді ескере отырып прейскурант бойынша анықтайды. Құйма дайындамалардың құнын прейскурант бойынша анықтайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Құймаларды алу тәсілдері.

2. Соғылмаларды алу тәсілдері.

3. Дайындама беттерін өңдеудің бірізділігін анықтау.

4. Дайындама беттерін өңдеу әдістерін таңдау.