- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
- •1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы - (syllabus)
- •3.3 Курстың постреквизиттері:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •3.5 Оқыту нәтижелері
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобалардың (жұмыстардың) , зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •12. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •13. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •14. Баға туралы ақпараттар
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •1. Құқық бұзушылықтың белгі-нышандары:
- •2. Құқықтық жауапкершілік қандай белгілерімен сипатталады?
- •3. Құқық бұзушыны кім жауапқа тартады
- •4. Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты бөлінеді:
- •6. Тәртіптік құқық бұзушылық -
- •7. Азаматтық құқық бұзушылық -
- •8. Құқық бұзушылық дегеніміз:
- •9. «Қылмыстың ұйыдасқан түрлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы» Жарлық қашан қабылданды.
- •12. Москвада 1998ж. 28- сәуірде жасалған, басқа мемлекеттің территориясында тұрақты тұратын бір мемлекеттің азаматтарының мәртебесі туралы шартты бекіту туралы қр- ның заңы қашан қабылданды?
- •14. Азаматтардың кең демократиялық бостандықтарын бекітетін ақш -тың Конституциясының 10 түзетулер т. Б. Билль құқықтарынын ұйымдастырушысын атаңыз ?
- •16. Әлеуметтік мемлекеттің қағидаларына қандай қағидалар жатпайды?
- •17. Адамның үшінші ұрпақ құқықтарына жатады.
- •19. Қазақстан халықтарының ассамблеясы қандай орган болып табылады?
- •Дұрыс жауаптың кілті
- •Студенттердің білімін бағалау өлшемдері
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
- •100012, Қарағанды қ. , Гоголь к-сі, 38
12. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
Тақырып 5. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
Тапсырма: Мемлекетіміздің жастарға қатысты саясатының тұжырымдамаларымен, Президенттің халыққа Жолдауларымен, елдің даму стратегиясымен таныстыратын арнайы құжаттарды қарастырыңыз. Оқытушы берген жазбаша тапсырмаларды уақытында әрі толығымен тапсырыңыздар.
Әдістемелік нұсқаулар: Арнайы уақыт бөліп, тапсырмаларды тың күйінде орындау пәнді меңгеру деңгейін арттырады. Сабақта жауап беру үшін жаттау, өзіндік сұрақтар қойып жауап беру немесе топ студенттерімен бірігіп, сұрақ-жауап, өзара кеңес алу, оқу-әдеби материалдар алмасу әдістерін қолдану керек. Нормативтік актілермен танысу маңызды.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:. №5 дәрісте көрсетілген.
Тақырып 6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этникалық ерекшеліктері
Тапсырма: Тақырыпқа қатысты тарихи-құқықтық әдебиеттерді оқу. Тәуке ханның Жеті Жарғысымен, патшалық Ресей мен кеңес уақытындағы сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған ережелермен танысу. Оқытушының тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес тарихының қазақстандық нұсқасының даму деңгейлеріне арнап зерттеу жүргізу және нәтижелерін баяндама мен рефераттар, конспектілер түрінде тапсыру.
Әдістемелік нұсқаулар: Арнайы уақыт бөліп, тапсырмаларды тың күйінде орындау пәнді меңгеру деңгейін арттырады. Сабақта жауап беру үшін жаттау, өзіндік сұрақтар қойып жауап беру немесе топ студенттерімен бірігіп, сұрақ-жауап, өзара кеңес алу, оқу-әдеби материалдар алмасу әдістерін қолдану керек. Нормативтік актілермен танысу маңызды.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:. №6 дәрісте көрсетілген.
Тақырып 7. Сыбайлас жемқорлық әрекет үшін құқықтық жауапкершілік
Тапсырма: Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің түсінігі және пәні. Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің түрлері. Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті бекітудегі мемлекетті қазіргі кездегі ұстанатын қағидалары. Сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларына қатысты халықаралық тәжірибе. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістерінің ерекшеліктері, кемшіліктері мен жетістіктері.
Әдістемелік нұсқаулар: Осы тақырып бойынша қазақстандық және халықаралық нормативтік-құқықтық актілерді қарастыру керек. Сабаққа дайындалу барысында «Жемқорлықпен күрес туралы» заң, «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы» ҚР Президентінің жарлығы, «ҚР кейбір заң актілеріне ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа күрес және күресті күшейту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына ерекше қарастырған жөн. Жемқорлықпен күрес қағидаларына көңіл бөлген жөн. Жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың субьектілерін жіктеп, оларға ерекше көңіл бөлген жөн. Жемқорлықпен күрес жүргізуші органдар жүйесін анықтап, жемқорлықтың алдын алу жолдарын қарастырған жөн. Жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар және олар үшін жауапкершілік тағайындау тәртібін қарастырған жөн.
Интернет пен өзге де ақпарат өқұралдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты теориялық және тәжірибелік материалдарға талдау жасай отырып, сабаққа дайындалу керек.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:. №7 дәрісте көрсетілген.
Тақырып 8. Әртүрлі сфералардағы сыбайлас жемқорлық үшін моральдық-этикалық жауапкершілік
Тапсырма: Өз бетімен семинар сабағына дайындалу үшін берілген сұрақтарды зерттеп, оқу қажет. Жазбаша жұмыстарда тақырып бойынша берілген сұрақтар бойынша рефераттар жазу. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты ата-ана, мектеп, қоршаған орта, жұмыс орны жәе жалпы қоғам әсерін зерделеу. Ол үшін әлеуметтік ғылымдар қатарынан тиісті еңбектермен танысу керек.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында көрсетілген сұрақтар бойынша берілген әдебиеттерді және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнаманы оқып, онда кездесетін терминдердің түсініктерін конспектілеп жазу.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:. №8 дәрісте көрсетілген.
Тақырып 9. Діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты ретінде
Тапсырма: Дін, мәдениет және құқықтық сана арақатынастары туралы ой жүгірту. Тиісті ақпарат құралдарынан сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында дін мен дәстүр тарихындағы мысалдарды оқу, діни ережелердің моральдық және заңдық жауапкершілік жақтарымен танысу. Осы тақырыпқа қатысты діни кітаптардан (Құран, Библия және т.б.) тиісті ережелерді конспектілеу.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақстанда кездесетін негізгі діндер мен діни ағымдардың мәселеге қатысты ой-пікірлерімен рұқсат етілген және сенімді ақпарат көздерінен ғана танысу керек. Қазақ елінің тарихы мен танымындағы діни-адамгершілік, әдет-ғұрып құқығындағы ережелер мысалдарымен танысу маңызды. Адамның нанымының сыбайлас жемқорлыққа қатысты пікірінің қалыптасуындағы әсері мен оның мемлекет мүддесін іске асырудағы пайдасы мен зиянын қарастыру.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:. №9 дәрісте көрсетілген.
