- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
- •1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы - (syllabus)
- •3.3 Курстың постреквизиттері:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •3.5 Оқыту нәтижелері
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобалардың (жұмыстардың) , зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •12. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •13. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •14. Баға туралы ақпараттар
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •1. Құқық бұзушылықтың белгі-нышандары:
- •2. Құқықтық жауапкершілік қандай белгілерімен сипатталады?
- •3. Құқық бұзушыны кім жауапқа тартады
- •4. Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты бөлінеді:
- •6. Тәртіптік құқық бұзушылық -
- •7. Азаматтық құқық бұзушылық -
- •8. Құқық бұзушылық дегеніміз:
- •9. «Қылмыстың ұйыдасқан түрлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы» Жарлық қашан қабылданды.
- •12. Москвада 1998ж. 28- сәуірде жасалған, басқа мемлекеттің территориясында тұрақты тұратын бір мемлекеттің азаматтарының мәртебесі туралы шартты бекіту туралы қр- ның заңы қашан қабылданды?
- •14. Азаматтардың кең демократиялық бостандықтарын бекітетін ақш -тың Конституциясының 10 түзетулер т. Б. Билль құқықтарынын ұйымдастырушысын атаңыз ?
- •16. Әлеуметтік мемлекеттің қағидаларына қандай қағидалар жатпайды?
- •17. Адамның үшінші ұрпақ құқықтарына жатады.
- •19. Қазақстан халықтарының ассамблеясы қандай орган болып табылады?
- •Дұрыс жауаптың кілті
- •Студенттердің білімін бағалау өлшемдері
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
- •100012, Қарағанды қ. , Гоголь к-сі, 38
6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
Тақырып 1. «Жемқорлық» түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздері
Жемқорлық – көп қырлы, күрделі құбылыс. Оның таралуына, дамуына көптеген себептер (детерминаттар) бар және олар мемлекет пен қоғам өмірінің әр саласына қатысты. Детерминант латын тілінен аударғанда «анықтаушы» немесе «себепкер» деп аударылады. Қылмыстылықпен күресу тиімді болу үшін ең алдымен сол қылмысты туғызатын , соған себепкер болатын себептерді анықтау керек.
Жалпы алғанда көптеген заң және арнаулы әдебиеттерде сыбайлас жемқорлықтың себептері ретінде келесі жағдайлар аталады:
тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң актілерінің болмауы немесе олардың тиімсіздігі;
Сыбайлас жемқорлықпен күресте құқық қорғау органдардың қызметінің тиімсіздігі;
Халықтың құқықтық санасының төмен болуы, ал ол төмен болса сыбайлас жемқорлықтың өсіп өркендеуіне жол береді.
ТМД соның ішінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа әкелетін келесі себептер бар:
1.Сыбайлас жемқорлығының кадрлық базасы реттеушілік шенеуніктер санының өсуі;
2. Көлеңкелі экономиканың кең дамуы және соның нәтижесінде заңсыз үлкен пайда көру;
3. Шенеуніктер аппараты мен бизнес құрылымдары арасындағы кадрлық алмасуының көбеюі;
4. Белгілі бір іс - әрекетке рұқсат етумен байланысты мемлекеттік қызмет сферасының үлкен болуы.
5. Бюрократиялық процедураларының күрделілігі;
Басқа демократиялық елдермен салыстырғанда бюрократиялық аппараттың үлкен мүмкіншіліктерінің болуы, яғни мемлекеттің басқа сфераға қол сұғу мүмкіншіліктерінің көп болуы.
Қоғамдағы әлеуметтік дифференциацияның, яғни әлеуметтік теңсіздіктің болуы (байлар мен кедейлер арасындағы әлеуметтік алшақтығының ұлғаюы) және т.б Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы 1991 жылдан айта бастады. Сол жылдың наурыз айында Қазақстан республикасы Президентінің «Қылмыстың ұйыдасқан түрлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы» Жарлығы шықты. Бірақ, аталған құжатта сыбайлас жемқорлықтың ресми анықтамасы берілмеді. Сол құжаттан кейін бірнеше жылдар бойында сыбайлас жемқорлықпен күресті оны нақты анықтаусыз жүргізіп келдік. Тек 1998 жылы 2-ші шілдеде ТМД мемлекеттерінің арасында алғашқылардың бірі болып «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды және онда осы құбылыстың анықтамасы берілді. Заңға сәйкес мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұсынылады.
Әдебиеттер: 1-22,39-45,55-63.
Тақырып 2. Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қатынастарының жетілуі шарты негізіндегі жемқорлыққа қарсы тұру
Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның, қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына жүйелі қауіпті білдіреді, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының жағымсыз имиджін жасай отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасайды.
Сыбайлас жемқорлық сыбайлас жемқор және адал (жергілікті немесе шетелдік) кәсіпкерлерді алдын ала теңсіздік жағдайына қоя отырып, сыртқы және ішкі нарықтардағы бәсекелестікке нұсқан келтіріп, ұлттық экономикаға жағымсыз әсер етеді. Сыбайлас жемқорлық жөніндегі тәуелсіз сарапшылар қауымдастығының бағалауы бойынша ол Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің құнын 50%-га дерлік көтереді, бұдан елдің барлық халқы зиян шегеді.
Сыбайлас жемқорлық бизнес жүргізудің экономикалық және қаржылық ортасын бұрмалайды, мемлекеттік басқару мен бизнестің тиімділігін, инвестицияларға ынталарын төмендетеді, экономикалық және саяси дамуды тежейді, әлеуметтік теңсіздікті туындатады, сондай-ақ саяси үдеріске белгілі бір тұрақсыздықты енгізеді.
Мысалы, өткен ғасырдың 80-ші жылдарының басында экономиканы епсіз басқарумен ұштасқан сыбайлас жемқорлық Венесуэла сияқты мұнайға бай елді төлем қабілетсіздігіне әкелді. Демократиялық және демократиялық емес институттары бар бай елдер де, кедей елдер де сыбайлас жемқорлыққа бейім болады. Сыбайлас жемқорлықтың Жапония үкіметінде болған өзгерістерде, Италияның саяси жүйесін қайта ұйымдастыруда, Заирдағы үкіметтік биліктің, заңның және тәртіптің коллапсында түйінді рөл атқарғаны белгілі.
Осылайша, сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қоғамға әсері экономикалық шектен шығады. Сыбайлас жемқорлық экономика мен қоғамның әртүрлі салаларына ене отырып, елдің тұрақты саяси-экономикалық дамуына ыдыратушы әсер етеді, сондықтан оның ұлттық қауіпсіздігіне елеулі қауіп болып қала береді.
Мәселен, 2005 - 2010 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында 10929 сыбайлас жемқорлық қылмыс анықталды.
Бұл ретте, осы көрсеткіштің жыл сайынғы өсу үдерісі байқалады, егер 2005 жылы осындай қылмыстар саны 1505 болса, 2010 жылдың нәтижелері бойынша - 1911, яғни 27 %-ға өскен.
Осыған байланысты елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ел алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың белсенді саясатын жалғастыру міндеті тұр.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен ғана қарсы тұру сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша төмендетуге мүмкіндік бермейтіндіктен, бұл жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік даму бойынша елде жүргізіліп жатқан қайта құруларды тежейді.
Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстанның және Президент Н. Назарбаевтың мемлекеттік саясатының аса маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат елдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықты күшейтуге, азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін жалпы қылмыстық көріністерден қорғау деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Бұрын іске асырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламаларының нәтижелері сыбайлас жемқорлықтың одан әрі дамуына кедергі жасайтын пәрменді жағдайларды қалыптастыру бойынша барлық мемлекет пен қоғамның дәйекті жүйелі жұмысын одан әрі жүргізудің мақсаттылығы мен қажеттілігін көрсетті.
Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам іске асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған өзара байланысты іс-шаралардың кешенін әзірлеу мақсатында осы Бағдарлама әзірленді.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
Әдебиеттер: 1-22,45,48,56,55-63.
Тақырып 3. Жемқорлық құлықтарының писихологиялық ерекшеліктері
Адамның тәні туғаннан бастап қартайғанға дейін ұдайы өзгереді, сол сияқты мінез-құлық та ешуақытта қандай да бір тиянақты деңгейге жетіп тоқтамайды. Мінез-құлық пен тән дамуы өзара тығыз байланысты және олардың кейбір кезеңдері біріне-бірі едәуір сәйкес келеді. Сондықтан, адамның мінез-құлқына табиғат пен орта бірлесіп ықпал етеді – адамның қандай да бір әрекетке бейімділігі қанында бар болса, ол ортаның әсерінен не артады, не кемиді деген ұғым орынды, – деп есептейміз. Яғни, адам дамуының күрделі де сан қилы процесінде биологиялық және әлеуметтік факторлар араласады, ой мен сезім айқасады, ішкі сенім мен сыртқы ықпал бірігеді. Бұл процестің ағымына қоршаған ортаның әсері зор, сонымен қатар оның әр адам үшін өзіндік сипаты бар. Осы арқылы даму процесі жүзеге асырылады. Ал, адамның дамуы (биологиялық және әлеуметтік) – әлеуметтік ортада да, адамның өз басында да бар көптеген факторлар әсер ететін күрделі, ұзақ және қайшылықты процесс. Адам дамуының көрсеткіші ретінде санадағы, мінез-құлықтағы, қызметтегі, оның қоршаған әлемге көзқарасындағы сапалық өзгерістерді – даму, ал өнеге, рух өзгерісін – адамның қалыптасуы деп атауға болатындығын көрсетті.
Сонымен қатар, зерттеу жұмысында адам дамуындағы және оның дұрыс тәрбиеленуіндегі криминологиялық ғылымның ролі мен орны және онымен байланысы, адамды қылмыс жасауға итермелейтін негізгі факторлар көрсетіледі.
Криминологиялық ғылым да адамның өмiр бойы басынан кешiретiн өзгерістерін, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік, тарихи және эволюциялық факторлардың жиынтықтарынан туындаған ықпалының нәтижесі және сол ықпалдар нығайған кезде ғана байланыс арта түседі – деп санайды. Мысалы, криминологиядағы биологиялық тұжырымдама бойынша адамның қылмыстық мінез-құлқының тетігінде биологиялық қасиеттер мынадай түрде көрініс тапты: а) қылмыскердің шыққан тегіне, содан барып өзіне, оның табиғи қасиетіне әсер етеді; ә) қылмыскердің жан-тәнінің, яғни бойға біткен қасиетінің дамуын анықтайды; б)қылмыс жасап жатқан кезде тұлғаға әсер етеді; в) тәрбие табиғи даму процесін тек ғана тездетеді, не баяулатады. Оған әлеуметтік факторлар әсер етеді. Мысалы, 1) адам өмірге биологиялық тұлға болып келеді, содан кейін өз ортасының, төңірегіндегі өзі қатысатын топтардың әсерінен біртіндеп әлеуметтенеді; 2) орта – адамның қалыптасуының басты факторы; 3) тәрбие орта ықпалының сипатына түзету енгізуге тиіс; 4) даму деңгейі неғұрлым төмен болса, адамның биологиялық кейпі соғұрлым айқын көрінеді. Бірақ, «шыққан тектің жамандығы», физиологиялық немесе психикалық ауытқулар, қылмыстылықтың дамуында шешуші рөл атқармайды, себебі қоғамда адамды әлеуметтік құбылыстар өзгертеді, ал көрсетілген факторлар адам өмірінің әлеуметтік негіздерінің туындысы ғана болады.
Сонымен қатар, адамның дұрыс өсіп, дұрыс қалыптасуына азаматтық тәрбиенің орны өте үлкендігі жұмыста нақты аталып көрсетілген. Азаматтық тәрбиенің, әр адамның қоғамдағы адамгершілігін, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырудағы ролі сөз болады.
Азаматтық тәрбие тиімділігін көтерудің арқасында төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады: азаматшылық идеяларын қабылдаудың психологиялық кейіп жағдайлары жасалады; азаматтар өз араларындағы міндеттерді мойындайтын болады; тату өмір сүруге дағдыланады; өз талаптарында, әрекет-қылықтарында, әдеттері мен әрекеттерінде, ниеттері мен қалауларында да астамшылыққа бармауға үйренеді; басқалар мүддесін де ескерудің қажеттігін сезінетін болады; қоғамдағы бейбітшілік, өзара түсіністік, ымырашылдық пен тәртіптілік сақтау үшін қажет азаматтық ортақтасудың басты шарты өзіндік бақылау мен қадағалау жүргізуге бейімделеді.
Жұмыста агрессияның пайда болуы, оның әсерінен пайда болған қылмысқа итермелейтін себеп-салдардың пайда болуы туралы, адам дамуындағы биологиялық факторлардың әсері нақты жіктеледі. Криминологиядағы биоәлеуметтік тұжырымдаманың, адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлқының тетігі мен психикалық өзгерістердің (ынта мен құмарлықтың) сыртқы жағдайлармен өзара әрекеттестігі бар бағыт екендігі дәлелденеді: 1) адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлқын психологтармен, педагогтармен бірлесіп зерттеумен қатар, болашағы зор әлеуметтік биология ғылымының жетістіктерін де пайдаланған жөн; 2) адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлық көрсетуіне, негізінен, биологиялық факторлар (әлеуметтік биология ғылымдарының, сондай-ақ кейбір криминологтардың пікірінше) себеп болады, олардың ең негізгісі – агрессия, ал ол қалыпты шамада ешқандай теріс салдарға алып келмейді. Бірақ адамның бұл психикалық қасиеті қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға қарай ушығуы мүмкін. Мысалы, жұмыссыздық, мұқтаждық, ешқайда қажет болмай қалу, әлеуметтік дәрменсіздік, тіршілік деңгейінің төмендеуі, қауіпсіздікке кепілдіктің болмауы адамдардың психикасына теріс әсер етеді, агрессивтігін көтереді, қылмысқа итермелейді; 3) жастар бойындағы агрессивтік мінез-құлықтың асқындауына оларға ата-ана тарапынан көрсетілген қатыгездік, ата-ананың арасындағы өзара түсініспеушілік, төңірегіндегілердің басқа адамдарға агрессивтік мінез көрсетуі, өмір құндылықтарының бұрмалануы және т.б. қатты әсер етеді; 4) агрессивтік (биологиялық) деңгейінің төмендеуі әлеуметтік факторлармен тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет әлеуметтік-экономикалық саясатқа көбірек назар аударып, халықтың тұрмыстық деңгейін ұдайы көтеріп отыруы керек. Жас ұрпақты сөзбен, уәдемен алдамай, нақты істерді жүзеге асыру қажет, тәрбиелеу, оқыту, моральдық-өнегелік құндылықтарды санасына құю, тамаша эстетикалық және этикалық сезімдерге баулу – агрессияны азайтудың бірден бір жолы; 5) этология ғылымының тұжырымына сүйенсек, жануарлар өздерінің агрессивтік әрекетін туыстарына қарсы мақсатсыз жасамайды екен. Өзіне қажеттіден артық ешнәрсе өлтірмейді. Ал, адам қылығы мүлде басқа, бәлкім ол оның ақылдылығымен байланысты болар. Сол ақыл оған өз қажеттілігін қандай жағдайда толығырақ қанағаттандыруға болатындығын көрсететін болу керек. 6) жабайы аңдарда табиғи жағдайларда өмір сүрудің ішкі талаптары мен сыртқы жағдайлары арасында қақтығыс болмайды, яғни оның ішкі талабы қоршаған табиғи ортамен қандай да бір үйлесімде болады. Ал адамның жоғарғы интеллекті, оның мәдени дамуын және онымен байланысты барлық атрибуттарды қамтамасыз етіп, туыстарынан бөлек, жеке өз тірлігін жасауға, бөлініп шығуға мүмкіндік береді. Бұл мән-жай адамның генетикалық деңгейде ерекшеленуін күшейтті. Автор, осы және басқа да мән-жайлардың жиынтығы арқылы адамның құқыққа қарсы мінез-құлқына түсініктеме беруге болатындығын көрсетті.
«Құқық бұзуға бейім мінез-құлыққа ықпал ететін әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы». Әр адам үшін, әлеуметтік ұстанымның маңыздылығы аса қажет екендігі, әлеуметтік ұстаным арқылы, адамда қандай да бір із қалдыруға, бір қасиетті дамытып, ал екінші бір қасиетін жойып жіберуге болатындығы дәлелденген.
Мысалы, егер кәмелетке толмағанның қалыптасуы, негізінен, бейресми демалу топтарының арасында жүзеге асырылса, онда оның бойында биресми арақатынастар үшін маңызды қасиеттер дамиды. Ол адамдармен тез сөз табысады, олардың көңіл-күйін қабағынан біліп тұрады және т.б. Сонымен қатар, олардаға еңбек ұжымында бағаланатын қасиеттер: тәртіп, кәсіби шеберлік және басқалар да әсер етеді. 1) жеке бастың айналасындағылардың құқыққа қарсы және бейморальдық іс-қимылдары жағдайында қалыптасуы (отбасы, жолдастары); 2) бұрындары биморальдық іс-әрекеттер мен әртүрлі құқық бұзушылық жүйесі ықпал етудің заңда белгіленген шараларын қабылдағаннан кейін де қайталануын қоймаған; 3) адамның қоғамдағы орнын; 4) өз іс-қимылын теріс бағалағанға көну, өзін-өзі қорғаудың әлеуметтік-психологиялық тетіктерін пайдалану; қылмыс жасау жағдайындағы белсенділік және себептерсіз қылмыс жасау және т.б.
Ситуациялық-криминогендік тип тармағының, мораль нормаларын бұзумен және қылмыстық сипатта емес құқық бұзушылық жасаумен, қоғамға жарамды әлеуметтік рөлдерді дұрыс орындамаумен сипатталатындығын; қарама-қайшы микроортада қалыптасады және әрекет ететіндігін; қылмыс едәуір шамада оны жасаудың қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, өнегелік және құқықтық ситуациясына байланысты (қылмыстық құрамда болу, басқа адамдармен қақтығыс, т.б.) екендігін; бұл жерде адамның жеке басының сипаттамасы мен әлеуметтік орта сипаттамасы арасындағы өзара әрекеттестік шешуші болып табылатындығын; Мұндай адамды қылмыстылыққа оның микроортасы, соған дейінгі өмір салты алып келеді, ал қылмыстық жағдай оның заңды жалғасы болып саналатындығын.
Ситуациялық тип тармағының, адамның санасы мен іс-қимылындағы, оның микроортасындағы өнегесіздік элементтері, егер бола қалған күннің өзінде, шамалы ғана болатындығын; әлеуметтік орта мен адамның жеке басының күрделі ситуацияда, оның ішінде адамның оған даярлықсыздығы жағдайында өзара дұрыс әрекеттеспеуі де едәуір маңызды рөл атқаратындығын; бұл тип тармағының өкілдері қылмысты сол адамның кінәсінен туындамаған, ол қылмысты кездейсоқ жағдайда жасайтындығын; аталған адамның (кездейсоқ қылмыскерге қарағанда) бұл ситуацияларда өзінің және басқа адамның құқыққа қарсы, тіптен қылмыстық іс-қимылын ақтай алатындығын көрсетеді.
Сонымен қатар, құқық бұзуға бейім мінез-құлыққа әсер ететін келеңсіз әлеуметтік жағдайларды экономикалық, саяси, идеологиялық, мәдени-тәрбие салаларында, сондай-ақ әлеуметтік қатынастар саласында көруге болады. Мысалы, экономика саласында ол: жұмыссыздық, дағдарыс, өндіру мен тұтыну арасындағы қайшылық, еңбек түрлері, нысандары және жағдайлары арасындағы айырмашылықтар, материалдық қамтамасыз ету деңгейінің әртүрлілігі және т.б.
Саяси салада: сыбайлас жемқорлық; билік пен басқару жүйесіндегі қайшылықтар; демократияның деңгейі мен оны жүзеге асырудағы қайшылықтар; заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудегі қайшылықтар және т.б.
Әлеуметтік қатынастар саласында: отбасы табыстарының әртүрлілігі; ең төменгі күнкөріс мөлшерінің аздығы; жастардың қоғамдық еңбекке толық қамтылмауы; әртүрлі елді мекендердегі (қала-ауыл, орталық-шалғай) тұрмыс жағдайының бірдей еместігі және т.б.
Идеологиялық салада: білім беру және тәрбиені ұйымдастыру жұмыстарындағы қайшылықтар; қоғамдық сана мен жеке адам санасы арасындағы қайшылықтар; қоғам мүшелерінде өнеге деңгейінің төмендігі; әртүрлі діндер арасындағы алшақтық және т.б.
Мәдени-тәрбие саласында: білімділіктің, ғылымның, кәсіби іскерліктің беделінің түсуі; құндылық бағдарының өзгеруі; мемлекеттен қолдау таппаған мәдениеттің, ғылымның, өнердің коммерциялануы; қылмыстық әрекетке, маскүнемдікке, нашақорлыққа, жезөкшелікке тарту, кейде оларға жағдай тудыру; қасақана қылмыс үшін жауапқа тартылуды, соттылықты ұятқа санамау және т.б.
Сонымен қатар, статистика бойынша кәмелетке толмағандар арасында қылмыс ауылды жерге қарағанда қалалық жерлерде 2 есе көп жасалынады екендігі, оған мынадай жағдайлар әсер ететіндігі көрсетілген: 1) отбасындағы байланыстың нашарлауы, күнұзақ жұмыста болғандықтан ата-аналардың баланың жүріс-тұрысын бақылай алмауы; 2) қылмыстық элементтердің қалаларда шоғырлануы, ал олардың бір мақсаты – жастарды қылмыстық әрекетке тарту; 3) қалаларда мінез-құлқы қоғамға жат адамдардың өзара байланысу, топқа бірігу мүмкіндіктері зор; 4) кәмелетке толмағандардың ересектердің көзінен таса жерде уақыт өткізуге мүмкіндік табуы; 5) тұрған жерді тез ауыстырып, сол қала аумағында басқа жерге оңай жинала салу мүмкіндігі; 6) тұрған жері мен бос уақытын өткізетін жер аралығының алшақтығы, мұндай жағдай әсіресе отбасылар бір жерден екінші орынға жаппай көшкенде болады, балалар бос уақытын бұрынғы тұрған жерде өткізуге ұмтылады; 7) қалада материалдық қаражатты қылмыстық жолмен табу оңай; 8) қалада жастарды өзіне тартатын «бұзылған» жерлер жеткілікті; 9) ауыл жастары сияқты табиғатқа жақын емес, оларда мейірімділік, басқаларды аяушылық сезімі жақсы қалыптаспайды; 10) ауылдағы сияқты емес, төңірегіндегілердің пікірімен онша санаспайды; 11) ауылға қарағанда қалада кәмелетке толмағандардың бос уақытты өткізуі көп шығынды керек етеді және жастарға арналған демалу орындарының болмауы құқыққа қарсы мінез-құлықтың асқындауына алып келеді.
Осыған байланысты, бүгінгі таңда елімізде әлеуметтік жағдайды арттыру басты мақсат екендігі, қоғам өміріндегі келеңсіз әлеуметтік мән-жайлар мен адамның жеке басының әлеуметтік жағдайы (жұмыссыздық, кедейшілік және т.б.) психикаға тікелей әсер етеді (ашу, ыза, кек пайда болады). Бұл нақты мән-жайлар адамға теріс ықпал еткенмен, қылмысқа себеп болмайтындығы, сондықтан, кез-келген іс-әрекет адамның жеке басымен тығыз байланыстылығы дәлелденген.
Әдебиеттер: 1-22, 39,45,48,50,55-63.
Тақырып 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Қазір әлем елдерінің алдында тұрған өзекті мәселенің бірі – мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық. Орасан зор салдары бар бұл әлеуметтік дерттен біздің қазақстандық қоғам да белгілі бір деңгейде зардап шегіп отыр. Сондықтан сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекет пен қоғамның бүкіл саласына қатысты өткір сипат алып, бұрынғыдан бетер өзектілене түсуімен назар аудартады. Себебі, жемқорлық дерті мемлекеттік қызметтегі пара алатын лауазымды тұлғалардың беделін түсіріп қана қоймай, билік жүйесінің, сонымен қоса бүкіл әлеуметтік жүйенің құлдырауына әкеп соғуымен қауіпті. Алайда, еліміз тәуелсіздік алғалы бері қаншама заңнамалар қабылданып, сан алуан іс-шаралар үздіксіз жүргізіліп келсе де, бұл келеңсіз құбылыстың жолы кесілмей қойды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» Жолдауында тәуелсіздіктің мәні мен маңызын айырықша атап көрсетті. Алайда, мемлекеттің қас жауы – сыбайлас жемқорлық пен парақорлық.
Сондықтан Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күрес белгілі бір мемлекеттік мекеменің ғана емес, еліміздің әрбір парасатты азаматының басты парызы екендігін үнемі ескертуде. Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер және қоғам үшін жегі құртқа айналған жемқорлықпен күрес туралы ойлар сан қырлы..
– Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған алғашқы күннен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ең алдымен, еліміздің экономикалық дамуына айырықша назар аударып, басымдық беріп келе жатқаны ақиқат. Сондықтан «Нұрлы жол» Жолдауынан бастау алған ел Үкіметінің бағдарламасын еліміздің экономикалық өсімін тұрақтандыруды, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуды қамтамасыз ететін жарқын болашаққа арналған бас жоспар деп бағалауға болады. Өйткені Жолдауда елдің кемел келешегі жолындағы нақты мақсаттарға жету үшін қажетті жағдай жасауға барынша мән беріліп, тәуелсіз еліміздің дамуын тежейтін кедергілерді жою қажеттігі жан-жақты қарастырылған.
Қазіргі күні шағын және орта бизнес экономиканы, оның ішінде, халық шаруашылығы мен ауылшаруашылығын дамытудың басты қозғаушы күшіне айналып отырғаны маңызды,. Таяуда елімізде 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы он жылдық стратегиясы бекiтiлдi. Осы құжатқа сәйкес, қазіргі күні электронды формат түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет көлемін арттыру, мемлекеттік сатып алу үрдісін жетілдіру мен мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру жүйесін енгізу жөніндегі бірқатар жұмыстарды жүргізу көзделген. Бұған қоса, «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары ұсынатын қызметтердің көлемі де анағұрлым артып келеді. Керісінше, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы тікелей, яғни өзара байланыстарды азайту нақты жолға қойылды. Мысалы, осындай әкімшілік кедергілер шетел инвесторлары үшін еліміздің кәсіпкерлік мүмкіндігін анағұрлым азайтып, тартылуы тиісті инвестицияның көлеміне кері ықпалын тигізіп келе жатқаны жасырын емес. Сондықтан дәл осы құжатта біріншіден, мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру, екіншіден, мемлекеттік мекеме жүзеге асыруы тиісті қызметтердің біраз бөлігін мемлекеттік емес секторға тапсыру көзделуде. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында тұрғындардың мұң-мұқтажын дер кезінде анықтап, мәселені нақты шешуге шұғыл шешім қабылдау қажеттігі қарастырылып отыр.
Әдебиеттер: 1-22,45,48,50,55-63.
Тақырып 5. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайды қарау өткір қоғамдық мәселе болып отыр. Жемқорлық - қоғамдық санада руханилықтан гөрі, материалдық игіліктердің басымдық алғанын көрсететін құндылықтар дағдарысы. Азаматтардың кейбір бөлігінің ұғымында сыбайлас жемқорлық үйреншікті іске, ал біреулер үшін зәру мәселелерді заңды айналып өтіп шешудің тәсіліне айналды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жұртшылық көп жағдайда жүйесіз, нәтижесі төмен атүсті жұмыс ретінде көреді. Тұрғындардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттің міндеті. Осындай көзқарас, қоғамда тамыр жайған сенімсіздік пен таптаурын ұғымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды айтарлықтай әлсіретеді.
Сонымен бірге, азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениет, сыбайлас жемқорлықты жуытпайтын тұрақты иммунитет, оны жариялы түрде айыптау болмайынша, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әр отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның, әр азаматтың ісі екендігін түсінуі тиіс.
Сондықтан, бала күннен бастап Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққатәрбиелеу керек. Бұл сезімдер біздің халқымыздың қанында ежелден бар.
Осынау құндылықтар өмірлерінде нақты бағдар болатын қазақстандықтар ұрпағын тәрбиелеу қажет.
Сондықтан да, нақ осы тәрбие мен білім үдерісі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастыруының негізі болып табылады. Бұл жердегі негізгі орын отбасына және білім беру саласына тиесілі. Әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу үлгісі «Заң», «Әділдік», «Теңқұқықтық» сияқты іргелі түсініктердің төңірегінде қалыптасуы тиіс. Жемқорлыққа қарсы тұрарлық тәлім білім берудің барлық деңгейінде қалыптастырылуы қажет.
Осы үлгіні қалыптастыру үшін педагогика, психология, юриспруденция, саясаттану, экономика, мәдениеттану, сондай-ақ, әлеуметтану саласындағы үздік мамандарды тарту қажет.
Тек таза және адал еңбек қана өскелең ұрпақ үшін табыстылықтың, жоғары жетістіктердің, білім мен материалдық игіліктің басты өлшеміне айналуы тиіс.
Өскелең ұрпақ тәрбиесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда түбегейлі маңызды рөл атқарады. Тек ерте жастан бастап мінез-құлықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратындай етіп қалыптау осы әлеуметтік кесапатты жоюға мүмкіндік береді. Сондықтан, жастар ұйымдары сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілікті насихаттауда ерекше орын алатын болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда барлық жастар бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін жұмылдыратын жастар осы істің алдыңғы шебінде жүруі тиіс.
Мыналарға қол жеткізілуі тиіс:
- отбасында және қоғамда қанағатшылдықтың (сұраныста ұстамдылық пен қарапайымдылық, басы артық нәрседен бас тарта білетін парасат пен табандылық), жан байлығын дүние-мүліктен жоғары қоюдың дәстүрлі халықтық қасиеттерін дәріптеу;
- халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін түбегейлі арттыру, қоғамдағы құқықтық нигилизмді жою;
- «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел - өсіп-өркендеуші ел» идеологиялық жобасын ілгерiлету;
- Қазақстанның Азаматтық Альянсымен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен бірге, сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыру мен оған қарсы тұру үшін нақты іс-қимыл жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге байланысты азаматтық бастамаларға көмектесу;
- Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және өзін-өзі реттейтін басқа да ұйымдармен бірге, корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау;
- 2016 жылдан бастап білім берудің барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәлім қалыптастыру бойынша тақырыптарды мазмұнның 15%-ынан кем емес мөлшерінде «Құқық негіздері» оқу пәнін енгізу;
- 2015 жылдан бастап жыл сайын кешенді әлеуметтік зерттеулер негізінде жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша жария рейтингін түзу;
- онлайн-портал құру, жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру арқылы ЖОО жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету;
- адал еңбектің ардақтылығын және еңбеккер әулеттерді жаппай насихаттау;
- сыбайлас жемқорлыққа жирене қарауды, оның ішінде БАҚ-тарда арнайы жобалар жасау есебінен кеңінен насихаттау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті және тәлімді қалыпастырудың нәтижесі мынандай болмақ:
- сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекетке төнетін қатер екенін азаматтардың сезінуі;
- жемқорларға деген теріс көзқарас қалыптастыру және жемқорлыққа жақындықты аластату;
- пара беруді өз мәселелерін шешудің әдісі деп қарайтын халықтың үлесін түбегейлі азайту;
- халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін 2025 жылға қарай 60%-ға дейін көтеру.
Әдебиеттер: 1-22,25,33,45,55-63.
Тақырып 6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этникалық ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлық – қауіпті әлеуметтік құбылыс. Осы құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Қазақ елінде XVI ғасырдың басында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын Қасым ханның заңы жүргізілді. Оның негізіне әдет-ғұрып құқығы енгізілді. Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы XVIІ ғасырдың соңында Тәуке ханның тұсында біртұтас жинақ түрінде «Жеті жарғы» деген атаумен түпкілікті кодификацияланды және толықтырылды. Т.М. Культелеевтің айтуы бойынша, сол кезде қазақтың әдет-ғұрып құқығы үш негізден тұрды: әдет-ғұрып, сот билерінің тәжірибесі және би съезд ережелері. Сол кезеңде Қазақстанда сот қызметін қазақтың әдет-ғұрып құқығының негізінде хандар, сұлтандар және билер атқарған. Ханның сот талқылауы, соңғы сот инстанциясы ретінде қарастырылды. Сот талқылау үшін ол «хандық» деп аталатын сыйақының белгілі сомасын алып отырған. Хан әдет-ғұрып құқығының негізінде соттаған, әдет-ғұрып құқығындағы ақтаңдақтарды өзінің құқық шығармашылық қызметімен ауыстырып отырды. Осылайша, ханның сот шешімі әдет-ғұрып құқығын толықтырды және құқықтың жаңа нормаларын құруға алып келді. Әдет-ғұрып құқығы бойынша, судьяларға тарту, сыбаға және тағы басқаларды жасауға тыйым салынбады. Сондықтан, феодалдық жоғарғы өкілдер ірі мөлшерде сыйақы алу үшін қылмыстық істерді және басқа да дауларды әдейі ұзартқан, қиындатқан. Д`Андренің «Қырғыздың әдет-ғұрып сипаттамасында»: «Ордада әрбір сыйлы адам, лауазымды тұлға болса да, сыйлық алуына болады» деп көрсеткен. Осы жазбаның басқа нұсқасында, «мұндай тұлға сыйлық қабылдаудан бас тарта алмайды» деп айтылған. Қазақстанда құқық жүйесінің қалыптасуының келесі кезеңі, сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-құқықтық мәнінің өзгеруіне объективті әсер етті. Бұл Ресей отаршылдық саясатын бекіту және империя шекарасын кеңейту кезеңінен басталды. Ресейге қосылған кезеңде Қазақстанның сот құрылымы екі қосарлас жүйе ретінде қолданылып жүрді: — жергілікті ұлттық сот – билер соты, қазақтар арасындағы болмашы қылмыстық және азаматтық істерді талқылады. Олар әдет-ғұрып құқығы және шариат негізінде әрекет етті; — жалпы империялық сот мекемесі — қазақтардың ерекше маңызды қылмыстық істерін және басқа халықтар өкілдерінің арасында туындаған барлық істерді талқылады. II Екатеринаның басқару кезеңінде парақорлық үшін санкция I Петр кезеңіндей қатал болмады. Осы уақытта билік органдарында сыбайлас жемқорлықтың таралуы көбейді. II Екатерина осы қылмысты жүзеге асырғаны үшін жазаның бұлтартпастық принципін қамтамасыз етуге көңіл бөлді. Жазалау шарасының қаталдығы және кең қолданылуы қылмыстың бұл түрінің санын азайтпады. Сондықтан, Ресейде сұғанақтықпен күрестің жаңа тәсілдері іздестірілді. 1845-жылы Ресейге қылмыстық және атқарушылық жаза туралы Ереже қабылданды. 1903-жылы Ресейдің «Қылмыстық ережесі» әзірленді. 1885-жылғы «Қылмыстық және түзеу жазасы туралы ережелердің» лауазымды қылмыстары туралы барлық нормалары осы ережеге автоматты түрде көшірілді. Алайда, 1903-жылы Ереже заңды күшіне енген жоқ. Қайта құрудың революциялық сипаттамасы Ресейде капиталистік қатынастың дамуын тоқтатты. Патша үкіметінің барлық заңдары, соның ішінде қылмыстық заңдар 1917-жылы күшін жойды. 1917-жылы қазан айында мемлекеттік құрылыстың және басқару нысанының ауыстырылуы сыбайлас жемқорлық құбылысын алып тастамады. 1918-жылы 8 мамырдың «Парақорлық туралы» декреті осы әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырған Кеңес үкіметінің бірінші құқықтық актісі болды. Кеңес үкіметінің сыбайлас жемқорлықпен күресу тарихы, оның билігімен бірге аяқталды. Бұл күрес бірнеше маңызды және қызғылықты белгілерімен сипатталады: Біріншіден, билік «сыбайлас жемқорлық» сөзін мойындамады, тек 80 жылдардың аяғында қолданды. Оның орнына «парақорлық», «қызмет бабын теріс пайдалану», «бетімен кетушілік» және тағы басқа терминдер қолданылды. Екіншіден, кеңестің «құқықтық санасы» әрдайым сыбайлас жемқорлықтың себептерін қате түсіндірді. Революцияға дейінгі Ресейдің қылмыстық құқықтық нормаларын жетілдіру нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың келесі нысандары анықталды: парақорлық; сұғанақтық; қорқытып алу; мемлекеттік мүлікті ұрлау. Ресей елінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес туралы тәжірибесінің осындай көріністерін атай кетіп, бүгінгі қазақ елі ТМД елдерінің арасында алдыңғы қатарда келе жатқанын айтуға болады. 1997-жылы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының жоғарғы тәртіптік кеңесі туралы» Жарлық шығарды. Жоғарғы тәртіптік кеңестің басты мақсаты — мемлекеттік тәртіпті бекіту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру, олардың қызмет бабын теріс пайдалануына және өкімет билігін асыра пайдалануына жол бермеу болды. 1998-жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының № 267-I “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы” Заңы қабылданды. (2000-жылы 28 сәуір, 2001-жылы 8 маусым, 2001-жылы 12 шілде, 2002-жылы 9 тамыз, 2003-жылы 27 қыркүйек, 2007-жылы 21 шілдедегі өзгерістер және толықтырулар енгізілді). Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998-жылғы 30 қыркүйектегі Жолдауында былай деген: «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет». 2005-жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу туралы мемлекеттік Бағдарламаны бекітті. Ал 2006-жылы ақпанда осы стратегиялық құжатты жүзеге асыру жоспары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы шығып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Қорыта айтқанда, Сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ресей тарихындағы I Петрдің кезінде пара алғанды да, пара бергенді де жазалап, өлім жазасын тағайындағанын көреміз. Одан кейін II Екатеринаның кезінде заңға сұғанақтық жасаған адамды қатаң жазалап отырған. Тарихқа үңілсек, осындай мәліметтер арқылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес бұрын да болғанын, бұл мәселенің әлі күнге өзекті мәселелердің бірі болып отырғанын көреміз. Бүгінгі таңдағы, Сыбайлас жемқорлықтың мақсаты азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей: 1.Қолма-қол айналымды азайту, есептесудің заманауи электрондық жолдарын кеңейту, есеп берудің ақша айналымын бақылауды жеңілдететін, қолма-қол пара беру мүмкіндігін қиындататын заманауи тұрпаттарын ендіру; 2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресумен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру; 3.Сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қызметкерлердің жалақысын көтеру; секілді мәселелерді қарастырса, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоймағанмен біршама азайтар едік.
Әдебиеттер: 1-21; 39; 41- 43; 47; 53; 56.
Тақырып 7. Сыбайлас жемқорлық әрекет үшін құқықтық жауапкершілік
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық), Қазақстан Республикасы 1998-жылғы 2 шілдесінің «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында ескерілген, сонымен қатар басқа да заңда бекітілген сыбайлас жемқорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті еліктіретін іс-әрекетке байланысты тәртіптер.
Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.
Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады.
Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жариялаған тұлға Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады.
Қажет болған жағдайда, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Құқық қорғау органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер, жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады.
Әдебиеттер: 1-22,45,48,56,55-63.
Тақырып 8. Әртүрлі сфералардағы сыбайлас жемқорлық үшін моральдық-этикалық жауапкершілік
Қазіргі кезеңде баршамызды алаң-датып отырған мәселе — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы індеттің салдарынан еліміздің әр азаматы зардап шегіп отыр десек қателеспейтін шығармыз.
Өйткені сыбайлас жемқорлық қоғам өмірінің барлық саласына тарап кеткені белгілі. Қоғамдағы орын алып отырған осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатуы ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел келешегіне, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиян әкелетіні аян. Яғни осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ өте маңызды мәселе екені айқын. Және де бұл бағытта біз билік, оппозиция, тағы басқалар деп бөлінбеуіміз қажет. Өйткені қоғамның әр мүшесі өзінің тұрмыстық, әлеуметтік және құқықтық мәселелерін шешу кезінде еріксіз сыбайлас жемқорлықтың ықпалын сезінетіні шындық. Қарапайым халық арасында еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың кең етек жаюын тек биліктегі адамдардың ашкөздігімен ғана байланыстырамыз. Бір қарағанда пікір дұрыс сияқты болғанымен, қоғам өмірін бір ғана қырынан бағалау шындыққа қиянат әкелуі мүмкін. Өйткені билікте қызмет істейтін адамдардың әрекеттері олардың білімдері мен рухани тәрбие алу деңгейі және өмірге деген көзқарастары мен ұстанымдарының әр алуан болуына байланысты, сондықтан да олардың барлығы дүниеқоңыздықтың құлы деп ұғу — адасушылық. Сонымен қатар, билік жүйесіне қатысы бар адамдардың сол жүйеде орын алатын келеңсіз құбылыстардың құрбаны болу мүмкіншілігі барын да естен шығармау қажет. Қазіргі қалыптасып отырған билік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тамыры мемлекеттің даму бағытын таңдау кезіндегі жасаған биліктің қадамдарына байланысты екенін де жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін осы құбылыстың пайда болуы мен оның табиғи дамуының негізін түсіне білу қажет. Яғни сыбайлас жемқорлықтың тамырын анықтау үшін адамзат өмірінің даму заңдылығымен байланыстыратын терең ғылыми сараптама негізіндегі тұжырымдама қажет. Бұл — ғалымдардың міндеті.
Сыбайлас жемқорлық адамзаттың алғашқы қарапайым қауымдастықтан өтіп, қүрделі тай-палық қоғамдық бірлесулердің пайда болуы мен адамдардың әлеуметтік жікке бөліну үдерісінен бастау алады. Алғашқы қоғамдық бірлесулердің өмірге келуі адамдардың әлеуметтік жікке бөлінуі мен адамзат өмірін-дегі материалдық және құқықтық теңсіздіктің пайда болуына алып келгені белгілі. Соның салдарынан байлық иелері мен байлығы жоқтар арасында жаңа қарым-қатынастар пайда болған. Яғни тайпалық қоғам ішінде өктемдік жүргізуші топтардың көмегі мен рахымына ие болу үшін соларға тәуелді, кіріптарлардың оларға сый-сияпат көрсету мен тартулар жасау салт-дәстүрі пайда болды. Қоғамның даму сатысы биікке көтеріліп, мемлекеттің жетілу деңгейі өскен сайын бір кездегі қарапайым салт-дәстүрдің мазмұны мен мәні өзгеріске ұшырап, қазіргі кезеңдегі келеңсіз құбылыс сыбайлас жемқорлық деңгейіне жеткені белгілі.
Бұл құбылыстың даму шегіне жетуіне тікелей ықпал жасайтын капитализмнің негізгі заңы екені белгілі. Яғни сыбайлас жемқорлық тамырының терең жайылуы пайда табу мен баю үрдісіндегі еңбекті қанау және адамдардың құқықтарын шектеу деңгейінің өсуіне тікелей байланысты. Сонымен қатар осы құбылыстың етек жаюына қоғамдық сананың рухани кедейленуі мен адами құндылықтардың жойылып, қоғамның азғындыққа душар болуы да ықпал етеді. Еуропадағы капитализмнің дамуы кезеңінде ХVIII ғасырдан бастап сол замандағы рухани, адами ұстанымдарды қорғауға байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген күрестің салдарынан оның даму деңгейі ХХ ғасырға дейін тежеліп келді. Ал ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап сыбайлас жемқорлықтың жанданғаны белгілі, яғни жаһандану үдерісінің басталуымен байланысты сыбайлас жемқорлық дамуы шегіне жетіп отыр. Либералды капитализмнің (бақылаусыз нарықтық экономика) қаржылық институттардың (банктердің) әлемдік экономикаға диктат жүргізуі транснационалдық компаниялардың дамуына алып келді. Олардың дамуы сыбайлас жемқорлықтың бүкіл дүниежүзінің елдерінде терең тамыр жаюына және дамып келе жатқан елдердің табиғи байлығын аз ғана шоғырланған алпауыт мемлекеттердің емін-еркін пайдалануына жол ашты. Соның салдарынан дүниежүзі елдері көлеңкелі қаржылық экономиканың (теневой банкинг) ықпалымен өмір сүруге мәжбүр болып отыр. Халықаралық қаржылық тұрақтандыру Бюросының (Bloomberg) мәліметіне сүйенсек, соңғы 10 жыл ішінде көлеңкелі банкинг индустриясы үш есеге өсіп, 41 триллион долларды құраған. Дүниежүзілік көлеңкелі банкинг индустриясы көлемі қазіргі кезеңде 67 трлн. доллар болып отыр. Әділетті демократиялық деп үлгі тұтып отырған АҚШ-тың өзі әлемдегі көлеңкелі банкинг көлемінің 35 пайызын құрайтыны белгілі. Осы әлемдегі көлеңкелі банкингтің мөлшерін Қазақстанның бір-жылғы бюджетімен салыстырып көрсеңіз, онда көп нәрсені ұғуға болады. Әлемде аз ғана алпауыт мемлекеттер осы көлеңкелі экономика арқылы әлемдегі барша елдерге саяси және экономикалық экспансия жүргізіп отыр. Олар осы жолды пайдалану арқасында дүниежүзіндегі мемлекеттердегі биліктердің қалыптасуы мен әрекеттерін үнемі бақылауда ұстау мүмкіншілігіне ие болып отыр. Басқаны айтпағанда, тіпті ірі еуропалық мемлекеттердің өзінде билік басына кімнің, қалай келуіне, қанша отыруына тікелей ықпал жасайтыны белгілі.
Осы құбылыстың дүниежүзіндегі елдердің өміріне етене кіргені сондай, әрбір дамып келе жатқан мемлекет өзінің халықаралық аренадағы орны мен билік басындағылардың беделін көтеруге осы жолды пайдаланып, ұлттық байлықты ысырапқа түсіретіні белгілі. Әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі үнемі өсу үрдісінде дамып келеді. Сыбайлас жемқорлықты тек қатаң заң қабылдап, ауық-ауық шаралар өткізумен жеңу мүмкін емес. Оны әлемдегі елдердің оң бағасын алып отырған Сингапур, Оңтүстік Корея сынды тағы басқа елдердің осы құбылыспен күресу тәжірибесі көрсетіп отыр. Ұлт мүддесін шын қорғап, әділетті мемлекет болып, осы келеңсіз құбылыстың құрбанына айналмау үшін, тек ғылыми тұрғыдан өз мемлекетінің жүретін жолын анықтай отырып, әлемдік жетістіктерді талғаммен, өз халқының ерекшелігі мен рухани байлығына ыңғайландыра отырып сараптама негізінде қабылдау қажет. Негізгі бағыт — қоғамдық сананы, жасанды саяси бағыттардың ықпалынан қорғай отырып, тарихи қалыптасқан ұлттың рухани құндылықтары мен әлемдік өркениеттің адами тиімді тәжірибесімен ұштастырған ұстанымның негізінде қалыптастыру қажет. Қазіргі заманда орын алып отырған адамзаттың рухани құлдырау үдерісінен келешек ұрпақты сақтап қалудың жолын әлемнің екінші ұстазы болған, әлемге әйгілі данышпан бабамыз Әбу Насыр әл Фарабидің өсиетінен іздегеніміз дұрыс болатын шығар. Осыдан мың жылдай бұрын ұлы бабамыз: «Адамға ең әуелі тәрбие бермей, білім және ғылым берсең, ол жүрген ортасына опат әкеледі» — деп айтып кеткен.
Әдебиеттер: 1-21; 39; 41- 43; 47; 53; 56-63.
Тақырып 9. Діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты ретінде
Дін тек намаз оқу, ораза тұту емес екенін қазіргі таңда көпшілік жұрт біле бастады. Дін тек мешіт аумағымен шектелмейді. Ол өміріміздің барлық саласын қамтиды. Мұсылман тек жайнамаз үстінде ғана мұсылман емес. Оның мұсылманшылығы адамдармен сөйлесуден бастап, барлық қоғамдық және әлеуметтік қарым-қатынасында сезілуі және көрініс табуы тиіс. Ал, мұсылманшылық адал да әділ қарым-қатынасқа негізделеді. Кісі ақысын жеу, біреудің ала жібін аттау күнә. Күнә болғанда да үлкені. Үлкен күнә дегеніміз не? Ең ауыры Аллаһ тағалаға серік қосу. Сосын бұл тізім жазықсыз және бейкүнә адамды өлтіру, сиқыршылықпен айналысу, намаз оқымау, рамазанда ораза тұтпау, мал-дүниесі жете тұра зекет бермеу, қаражаты болса-дағы қажылыққа бармау деп тізбектеліп кете береді. Ұзын саны жетпіске тарта.
Имам Құртубидің үлкен күнәға берген анықтамасында: – Құран аятында, пайғамбар сөзінде немесе ғұламалар ижмасында бір әрекетті үлкен немесе ауыр іс яки болмаса ол іс үшін ауыр жаза бары айтылса немесе ол істі жасаушыға жаза бар делінсе немесе қатаң айтылса, ол – үлкен күнә,-деп көрсетілген. Тағы бір анықтамада: Бір істі істеушіге лағынет (қарғыс) немесе азап яки болмаса тозақ бар деп айтылса, ол – үлкен күнә,-делінген.
Үлкен күнәлардың қатарына жемқорлық та жатады.
Бақара сүресінің 188-аятында: «Араларыңдағы малдарыңды (дүниені) бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар»,-деп айтылған. Мұның мағынасы: би мен қазыларға мал-дүние ұсынбаңдар. Дүние беріп, олардың көңілін табуға, пара беріп, біле тұра өзгеге тиесілі мүлікті, игілікті қолды етпеңдер,-дегенді білдіреді.
Жемқорлық пен парақорлық Құранда харам және қылмыс іс ретінде көрсетілген. Маида сүресінің 42-аятында: «Олар өтірікке құлақ салушы, харам жеушілер…»,-деп айтылған. Бұл аят – пара алып, арам табыспен күнелтетіндер жайында.
Сонымен бірге, парақорлық хадиспен, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөзімен де тыйым етілген қылмыс. Әбу Дауд және Термизиде сахаба Абдулла бин Амрдың (р.а.): «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) пара берушіні және пара алушыны қарғыс еткен»,-деген риуаяты бар.
Әбу Бәкір Кердери: «Паралы кісі кез келсе, Иманын сатқан секілді. Осындай болса, би емес, Абыройын жойған секілді. Доңыз сойып, ас етіп, Етіне тойған секілді»,-деген.
Жемқорлықтың зардабын жеке адаммен қоса жалпы қоғам да тартады. Жемқорлықпен кім айналысады? Мал бағып қой артынан жүрген жан ба? Әлде, көкөніс сатып күнелткен саудагер ме? Көп жағдайда жемқорлықпен қолында құзырлы қызметі, белгілі бір билігі бар біреу айналысуы мүмкін. Жемқор мемлекеттің өзіне жүктеген қызметін құлқыны үшін пайдалады. Нәтижеде «қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» демекші мемлекет мүлкін талан-таражға салады. Иттің ісін жасаған бейбақты ар-ождан мазаламайтыны мәлім. Өйткені, оның парақорлығы салдарынан көптеген адам зардап тартатынын біледі. Сөйте тұра, осындай қылмысқа барады.
Мәселен, жемқорлық жайлаған қоғамды елестетіп көріңізші. Қылмыскер жемқор сотқа пара беріп жазадан құтылса. Жемқор дәрігер қалтасы жұқа науқасты емдемей қойса. Мектеп директоры тек пара берген мұғалімді ғана жұмысқа қабылдаса. Құрылысшы бөлінген қаржынын біразын өз қалтасына жымқырса. Кеденші қомақты қаржы үшін ел ішіне беймәлім жүк тиелген көліктерді лек-легімен өткізіп жатса. Мұндай мемлекеттің болашағы бұлыңғыр емес па?
Ал, енді жемқорлық атымен жоқ елді көз алдыңызға келтіріңіз. Бұл елде «көке, жәке» деген жүрмейді. Бай мен кедейге заң ортақ. Бұл елдің соты тек әділдікке жүгінеді. Кеденшісі ақшаға сатылмайтын адал. Барлығы заң бойынша. Мемлекеттен тасжол төсеймін, тұрғын үй саламын деп қаржы алған құрылысшы жоба бойынша жұмысын істеуде. Бөлінген қаржыдан шашау шығармай, кереметтей етіп мектеп пен ауруханалар көтеруде. Жылдар өтсе де, бұл әлеуметтік нысандар ел игілігі үшін жұмыс істеп тұр. Бұл елдің тұрғыны әділдікке сенеді. Өз құқығы толықтай қорғалатынын біледі. Айтыңызшы, сіз және отбасыңыз қай мемлекетте өмір сүруді қалар етіңіз? Ендеше, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қоғам болып жемқорлықтың тамырын ортамыздан жұлып тастайық.
Пара қомақты және бағалы болуы шарт емес. Бір тиын болса да, ақысыз берілген болса ол пара. Имам Әбу Амр әл-Әузағи (Аллаһ тағала оны рақымет етсін) Бейрутта өмір сүретін. Күндердің күні оған бір насаралық кісі көмек сұрап келді. Ол Бағлабакка әкімінің өзіне зұлымдық жасап жүргенін айтып, ғалымнан араға түсіп хат жазуына өтініп келген екен. Насаралық бір құмыра балын (әселін) да ала келген еді. Сонда табиғин-ғұлама әл-Әузағи (р.а.): қаласаң, құмыра балды өзіңе қайтарып, әкімге хат жазып, саған көмектесейін. Ал, егер қаласаң әкелген құмыра балыңды алайын. Бірақ әкімге хат жазбаймын,-деп әкелген балының өзі пара екендігін ұқтырады. Сөйтіп ғұлама Бағлабакка әкіміне бұл насаралықтың салығын жеңілдету жайлы хат жазып өтінеді. Насаралық құмыра балын алып, хатпен әкімге барды. Әкім де табиғин ғұламаның құрметіне насаралықтың салығынан 30 дирһамды алып тастаған көрінеді.
Жоғарыдағы хадисте «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) пара берушіні және пара алушыны қарғыс еткен»,-деп айтылған. Бұл жөнінде Заһаби («Кабаир» кітабының авторы): «Ғұламалар – хадисте пара беруші және пара алушы жайлы айтылған. Беруші пара берумен мұсылман баласына зиян тигізу немесе өзіне тиесілі емес затты қолды етуді мақсат етсе хадистегі лағынетке ұшырайды. Ал, егер пара берумен өзінің ақысын қорғау немесе өзін бір зұлымдықтан, жамандықтан сақтандыру себепті болса хадистегі лағынетке кірмейді. Ал, сотқа (би мен қазиға) ақиқатты бұрмалау үшін де, бір жамандықты тоқтату үшін де пара алуы харам»,-деп пәтуа берген.
Әбу Дауд сунанында Әбу Умамадан (р.а.): «Кімде-кім бір кісі үшін араға түссе, сол үшін оған сыйлық берсе, ол қабыл етсе, өсімнің (параның) ең үлкенін істегені»,-деген.
Қазиға (сотқа) дауласушының екеуінен немесе екеуінің бірінен сыйлық алуы харам болып табылады. Ал, дау мәселесімен қази алдына келмеген болса және ең жақын туысқаны немесе жора-жолдасы болса сондай-ақ, әуелден бір-біріне сыйлық жасау әдеттерінде болса оқасы жоқ.
Сыйлық беру немесе алу әдетінде болмаған болса, демек қазиға сыйлық алу дұрыс емес. Ең дұрысы дау мәселесіне қатысы жоқ кісі сыйлық беріп жатса, қазидың да оған сыйлық жасағаны жөн. Бұл әрекет сыйлықты қабылдау есігін ең көркем түрде жапқаны болады. Өйткені сыйлық – берушіні даңдайсытып, ал алушыны лажысыз кейбір жайттарға көз жұмып қарауына итермелейді.
Жақын туған-туыстан сыйлық алу бұған жатпайды. Өйткені туысқаннан дау мәселесі бойынша сыйлық алмайтыны белгілі. Бұл туысқандық қарым-қатынас болып саналады. Керісінше, туысқаннан сыйлық алмау туыстық қатынасты үзу болып табылады. Ал, туыстық байланысты үзу харам.
Ал, парақорлық Әбу Даудтің жеткізген: «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) пара берушіні және пара алушыны қарғыс еткен»,-деген хадисі негізінде ешбір даусыз харам іс болып саналады.
Қази (сот) бір істі пара алып төрелік етсе, сол іс бойынша әділ шешім шығарған болса-дағы қазилығы өтпейді. Сондай-ақ, өзінің әділ сот ретіндегі мәртебесі де жойылады. Ал, егер параны қазидың баласы немесе хатшысы немесе кейбір көмекшілері алған болса. Және де, олар параны тікелей қазидың тапсырмасымен алған болса, бұл қазидың өзі қолма-қол алғандай болып есептеледі. Бұл жағдайда да қазидың төрелігі заңсыз болып есептеледі. Ал, қази параны баласы немесе хатшысы яки көмекшілерінің бірі алғанынан бейхабар болса, оның шешімі заңды болады да, алынған параны кері қайтарып беруі тиіс.
Ибн Масуд (р.а.): «Харам табыс (сухт) – бауырыңның бір шаруасын бітіріп бергенің үшін, ол саған бір сый-сияпат жасаса соны сенің алуың»,-деп түсіндірген.
Масруқ (Аллаһ тағала оны рақымет етсін) Ибн Зиядқа барып бір жәбірленуші үшін араға түседі. Ибн Зияд та жәбірленушінің ақысын қайтарып береді. Сонда риза болған жәбірленуші Масруққа бір қызметшіні сыйға тартады. Бірақ Масруқ: мен Ибн Масудтан (р.а.): «Кімде-кім мұсылман баласының дауын шешіп берсе, сол кісі аз болсын, көп болсын бір нәрсе берсе ол харам табыс (сухт) деген»,-деп қабыл етпейді. Сонда әлгі кісі: «Ей, Әбу Абдурахман (Масруқ)! Біз харам табыс деп тек пара алуды ойлаушы едік,-дейді. Масруқ: пара алу күпірлік қой, Аллаһ одан бізді сақтасын!»,-деген екен.
Шариғатта харамның анықтамасы: Аллаһ тағала Құранда қатаң тиым салған, оны істеуші күнәһар. Харамды істейін деп тұрып райынан қайтқан адам сауап алады. Ал, харамның харамдығын мойындамайтын немесе менсінбейтін кісі кәпір деп айтылған.
Харам табыстан сақ болу әрбір мұсылман баласына парыз. Әрбір отағасы өз бала-шағасын тек адал табысымен асырауы қажет.
Имам Ахмад кітабында Саубан (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) пара берушіні, пара алушыны және пара алуға (екі адам арасында) дәнекер кісіні қарғыс еткен»,-делінген.
Міне, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) параға қатысты үш адамның қарғысқа кіріптар болатындығын ескертуде. Беруші де, алушы да және екеуінің арасында шапқылап жүрген шабарман да лағынетке ортақ. Параны ұсынған да, оны шімірікпей алған да қылмыскер. Олар бұл әрекетіне қоғам алдында жауапты. Ең бастысы өз ар-намысы алдында кінәлі. Мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шариғаттағыдай қатаң шаралар қолдануда. Бұл қылмысқа қатысты кез келген азаматты қатаң жазалау. Түрлі деңгейлерде жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастыру. Жастар арасында үгіт-насихат жұмыстарын өткізу. Жемқорлықты болдырмау үшін түрлі тәсілдерді енгізу. Бұл өз кезегінде оңды нәтиже беруде. Оған баршамыз куәміз. Алайда, жемқорлықпен күрестің ең тиімді тәсілі иман. Иман адамды қылмыстан тиюшы әрі ең үлкен бақылаушы.
Әдебиеттер: 1-22,45,48,56,55-63.
