Қорытынды
Қорытындылай келе, OpenGL(Open Graphics Library - ашық графикалық кiтапхана, графикалық API) - платформалы тәуелсiз программалық интерфейс, екi өлшемдi және үш өлшемдi компьютерлік графиканы қолданушы қосымшаларды жазу үшiн программалау тiлінен тәуелсiз анықтайтын спецификация. Windows-тағы сияқты Delphі-дe программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның әр іс-әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға -программаның жұмыс істеуі кезінде объект жағдайының өзгеруі.Delphi-де әр оқиғаға атау беріліп койылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Buttonl компонентін шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.Әр объектіге байланысты оқиғалар жеткілікті Мысалы, форматқа байланысты оқиғалар саны — 35 (2.4-сурет). Олар қасиеттер терезесінін Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларнның алдына On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.Delphi-де программа (проект) екі бөлімнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі модуль) және unitl.pas атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге окиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі (олар 2.4-тақыръшта кең түрде қарастырылған). Программа мәтінін программалық код деп, терезені прогрлммалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. Delphi іске қосылган кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады.Жалпы компьютерлік кескндік ақпараттың негізгі екі түрі бар. Біріншісі растрлық және екіншісі векторлық. Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Векторлық кескіндер, бұл — сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз — осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
─Интернет жүйесі.Google.kz
─ portal.kazntu.kz
─ CMS // Википедия - свободная энциклопедия. Страница «Системы http://ru.wikipedia.org/wiki/Системы_управлния_содержимым
─ http://www.izden.kz/referattar/informatika/116
─ Введение в MySQL // Русское сообщество разработчиков MySQL. http://www.mysql.ru/docs/ilyin/ ─ Учебник по CMF/CMS Drupal // Веб-сайт Drupal BZ. http://www.drupal.bz/bz_drupal_handbook ─ Joomla! // Википедия - свободная энциклопедия. Страница «Joomla!». http://ru.wikipedia.org/wiki/Joomla
─ Бөрібаев Б., Нақысбеков Б., Мадиярова Г. Информатика және есептеуіш техника негіздері. – Алматы: Мектеп, 2005. – 133с.
