Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ_GVT_2014_IAS_16.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
223.74 Кб
Скачать

77 Егер жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісі қайта бағаланған құнымен көрсетілсе, мынадай ақпарат ашып көрсетілуі тиіс:

  • қайта бағалау жүргізілген нақты күн;

(b) тәуелсіз бағалаушының қатысуы;

(cd) [жойылған]

(e) жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың әрбір қайта бағаланған тобына қатысты, егер активтер бастапқы құн бойынша есепте көрсетілетін болса, қаржылық жағдай туралы есептік құны танылуы тиіс; және

(f) кезең ішіндегі өзгерісті көрсететін бағалаудан болған өсім және акционерлердің арасындағы қалдықты бөлуге кез келген шектеулер.

78 36 ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес ұйым 73(е)(iv)-(vi)-тармақта талап етілетін ақпаратқа қосымша құнсызданған жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарға қатысты ақпаратты ашып көрсетеді.

79 Мұнымен қатар қаржылық есептілігін пайдаланушылар қажеттеріне мынадай ақпарат та сай келуі мүмкін:

  • уақытша тоқтап тұрған жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың қаржылық жағдай туралы есептік құны;

(b) толық амортизацияланған, бірақ әлі пайдаланылатын жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың жалпы қаржылық жағдай туралы есептік құнын;

(c) белсенді пайдалану тоқтатылған және 5 ХҚЕС (IFRS) сәйкес сатуға арналған деп жіктелмеген жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың қаржылық жағдай туралы есептік құнын; және

(d) есеп үлгісін бастапқы құн бойынша қолданған кезде, егер ол қаржылық жағдай туралы есептік құннан елеулі түрде өзгеше болса, жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың әділ құнын.

Сондықтан, ұйымдарға ондай сомаларды ашып көрсету ұсынылады.

Өту кезеңінің шарттары

80 24-26-тармақтардың активтерді айырбастау операциясының барысында сатып алынған жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін бастапқы бағалауға қатысты талаптары перспективалы негізде болашақ операцияларға ғана қолданылуы тиіс.

80А 2010–2012 Кезеңіндегі ХҚЕС-тың Жылдық Жетілдірулері 35 тармағына түзету енгізді. Ұйым түзетулердің бастапқы қолданыс күні немесе одан кейін басталатын жылдық қезеңдерде және алдыңғы кезеңдерде танылған барлық қайта бағалаулардың түзетулерін қолдануы тиіс. Ұйым ұсынылған алдыңғы кезеңдер үшін түзетілген салыстырмалы ақпаратты ұсына алады, бірақ ол үшін ешқандай талап етілмеген. Егер ұйым алдыңғы кезеңдер үшін түзетілген салыстырмалы ақпаратты ұсынса, онда ол анық түрде түзетілмеген ақпаратты анықтауы тиіс, және оның басқа негізде ұсынылғанын бекітіп сол негізді түсіндіруі тиіс.

Күшіне ену күні

81 Ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануы тиіс. Стандартты мерзімінен бұрын қолдану мақұлданады. Егер ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдерге қатысты қолданатын болса, ол осы фактіні ашып көрсетуге міндетті.

81A Ұйым 2006 жылғы 1 қаңтардан немесе осы мерзімнен кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдер үшін 3-тармақтағы түзетулерді қолдануы тиіс. Егер ұйым Минералдық ресурстарды барлау және бағалау 6 ХҚЕС (IFRS) неғұрлым ерте кезең үшін қолданатын болса, бұл түзетулер осы үшін неғұрлым ерте кезең үшін қолданылуы тиіс.

81B 1 Қаржылық есептілікті ұсыну ХҚЕС-ы (IAS) (2007 жылғы редакция) бойынша ХҚЕС-тарында қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 39, 40 және 73(е)(iv) тармақтарына түзетулер енгізілді. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 1 ХҚЕС-ын (IAS) (2007 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.

81C 3 Бизнес бірлестіктері ХҚЕС (IFRS) (2008 жылғы редакция) бойынша 44-тармаққа түзету енгізілді. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 3 ХҚЕС-ын (IFRS) (2008 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.

81D 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына жетілдірулер бойынша 6 және 69 тармақтарына түзетулер енгізілді және 68А тармағы қосылды. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс және 7 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік ХҚЕС (IAS) ілеспелі түзетулерді сол ертерек мерзім ішінде қолдануы тиіс.

81E 5-тармаққа 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына Жетілдірулер (IFRS) бойынша түзетулер енгізілді. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Егер ұйым бір уақытта 40 ХҚЕС-тың 8, 9, 22, 48, 53, 53А, 53В, 54, 57 және 85В тармақтарына енгізілген түзетулерді қолданса, бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді бұдан ертерек қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.

81F 2011 жылдың мамыр айында шыққан 13-ші ХҚЕС-тағы түзетулер ‑ 6 тармақта көрсетілген әділ құнның түсіндермесін жаңартты, 26, 35 және 77 тармақтарын жаңартты, 32 және 33 тармақтарын жойды. Ұйым 13-ші ХҚЕС-ты қолданғанда осы түзетулерді аңғаруы тиіс.

81G 2012 жылы мамыр айында шығарылған 2009–2011 Кезеңіндегі Жылдық Жетілдірулер 10, 38 and 41 тармақтарында өзгертулер енгізілген, 39–40 тармақтарын жойды, 38A–38D және 40A–40D тармақтарын қосты. Кәсіпорын 8-ші Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларында болатын өзгерістер мен қателер ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес 2013 жылдың 1 қаңтарының басына дейін және одан кейінгі кезеңде мына көрсетілген өзгертулерді қолдану керек. Ертерек қолдануға да болады. Егер де ұйым ертерек қолданса, онда ол фактілерді ашып қарауы тиіс.

81H 2013 жылдың желтоқсан айында шыққан 2010–2012 Кезеңіндегі ХҚЕС-тың Жылдық Жетілдірулері 35 тармағына түзету енгізді және 80А тармағын қосты. Ұйым 2014 1 қаңтарында немесе одан кейінгі жылдық кезеңіндегі түзетулерді қолдануы тиіс. Көрсетілген кезеңнен ерте кезеңде қолдануға рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түзетулерді ертерек мерзімде қолданса, онда осы фактіні ашып көрсетуге тиіс.

81I 2014 жылдың мамыр айында шыққан Құнсыздану мен Амортизацияның Тиімді Тәсілдері туралы Түсінік (16 ХҚЕС (IAS) және 38 ХҚЕС-ға (IAS) өзгертулер) 56 тармағына түзету енгізді және 62А тармағын қосты. Ұйым 2016 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейінгі жылдық кезеңінде осы түзетулерді перспективті түрде қолдануы тиіс. Көрсетілген кезеңнен ерте кезеңде қолдануға рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түзетулерді ертерек мерзімде қолданса, онда осы фактіні ашып көрсетуге тиіс.

Басқа құжаттардың күшін жою

82 Осы Стандарт 16 Жылжымайтын Мүлік, Ғимараттар мен Жабдықтар ХҚЕС-ын (IAS) (1998 жылғы редакцияда) алмастырады.

83 Осы Стандарт мынадай түсіндірулерді алмастырады:

  • 6 Қолда бар бағдарламалың қамтамасыз етуді түрлендіруге арналған шығындар ТТК (SIC);

(b) 14 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар - объектілердің құнсыздануын немесе жоғалуын өтеу ТТК (SIC) ; және

(c) 23 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар - елеулі техникалық тексеруге немесе күрделі жөндеуге арналган шығындар ТТК (SIC).

© IFRS Foundation 13

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]