Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ_GVT_2014_IAS_16.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
223.74 Кб
Скачать

67 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісінің қаржылық жағдай туралы есептік құнын тану мынадай жағдайда міндетті түрде тоқтатылуы тиіс:

  • шығып қалғаннан кейін; не

(b) оны пайдаланудан немесе шығып қалуынан болашақ экономикалық пайдалар күтілмесе.

68 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісін танудың тоқтатылуына байланысты туындайтын пайда немесе залал ондай объектіні тану тоқтатылған жағдайда міндетті түрде пайдаға немесе шығынға қосылуы тиіс (егер 17 ХҚЕС-ын (IAS) кері жалдап сату кезінде өзгеше талап етпесе). Пайданы кіріс ретінде жіктеуге тыйым салынады.

68A Алайда, әдеттегі қызметтері барысында, күнделікті басқаларға жалға беруге иеленген жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар нысандарын сататын ұйым, жалға беруді тоқтатқанда, және сатуға арналғанда осындай активтерді қорға қаржылық жағдай туралы есептік құнымен өткізеді. Осындай активтерді сатудан түскен пайда 18 Табыс ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес түсім ретінде танылуы тиіс. 5 ХҚЕС-ын (IAS) сатуға арналған активтер істің қалыпты барысында қорға өткізілгенде қолданылмайды.

69 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісінің шығып қалуы әртүрлі жолдармен жасалуы мүмкін (мысалы, сату, қаржылық жалдау шартын жасау немесе сыйға тарту жолымен). Ондай активтің шығып қалған күнді анықтау үшін ұйым тауарлар сатудан түскен түсімді тануға 18 ХҚЕС-ының (IAS) өлшемдерін қолданады. 17 ХҚЕС (IAS) кері жалдап сату жолымен істен шығаруға қолданылады.

70 Егер 7-тармақта баяндалған тану принципіне сәйкес, ұйым жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісінің қаржылық жағдай туралы есептік құнында осы объектінің бір бөлігін алмастыру құнын танитын болса, осы алмастырылатын бөлік бөлек амортизацияланған ба, жоқ па, соған қарамастан, ол алмастырылатын бөліктің қаржылық жағдай туралы есептік құнын тануды тоқтатады. Егер ұйым активтің алмастырылған бөлігінің қаржылық жағдай туралы есептік құнын анықтай алмайтын болса, ол алмастыру құнын оны сатып алған немесе салған кездегі алмастырылған бөлік құнының көрсеткіші ретінде пайдалануға құқылы.

71 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісін танудың тоқтатылуына байланысты туындаған пайда немесе шығын, шығып қалудан болған таза түсімдер (егер ондайлар бар болса) мен осы объектінің қаржылық жағдай туралы есептік құны арасындағы айырма ретінде міндетті түрде анықталуы тиіс.

72 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісі шығып қалғаннан кейін алуға ыңғайласпа беру бастапқыда оның әділ құны бойынша көрсетіледі. Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісі үшін ақы төлеуді кейінге қалдырған ретте алынған ыңғайласпа беру бастапқыда объектінің ақшалай қаражаттар баламасындағы бағамен көрсетіледі. Ыңғайласпа берудің атаулы сомасы мен ақшалай түрдегі баға баламасының арасындағы айырма, алуға өтемнің тиімді кірістілігі ескеріліп, 18 ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес пайыздық кіріс ретінде танылады.

Ақпаратты ашу

73 Қаржылық есептілігінде жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың әрбір түрі үшін мынадай ақпарат ашып көрсетілуі тиіс:

  • брутто-құндағы қаржылық жағдай туралы есептік құнды өлшеу үшін қолданылатын базасы;

(b) амортизацияны есептеудің пайдаланылатын әдістері;

(c) амортизацияның қолданылатын пайдалы қызметі мерзімдері немесе нормалары;

(d) кезеңнің басындағы және кезеңнің соңындағы жалпы қаржылық жағдай туралы есептік құн және жинақталған амортизация (құнсызданудан болған жинақталған залалдармен қоса жиынтықталып); және

(e) кезеңнің басындағы және кезеңнің соңындағы жағдай бойынша мыналарды көрсететін қаржылық жағдай туралы есептік құнды салыстырып тексеру:

  • түсімдер;

  • сатуға арналған деп жіктелген немесе 5 ХҚЕС-ына (IFRS) сәйкес сатуға арналған деп жіктелген шығу топтарына енгізілген активтер және басқа істен шығулар;

  • ұйымдарды біріктіру нәтижесіндегі сатып алулар;

  • 31, 39 және 40-тармақтарға сәйкес қайта бағалаудың және 36 ХҚЕС (IAS) Стандартқа сәйкес тікелей капиталдың есебінде танылған немесе қайтарылған құнсызданудан болған залалдардың нәтижесінде туындайтын құнның ұлғаюы немесе азаюы;

  • 36 ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес пайдада немесе шығында танылған, құнсызданудан болған залал;

  • 36 ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес пайдада немесе шығында қайтарылған, құнсызданудан болған залал;

  • амортизация;

  • қаржылық есептілігін функционалдық валютадан есептілік валютасына қайта есептеген кезде, оның ішінде шетелдік қызмет туралы қаржылық есептілігін есеп беретін ұйымның валютасына қайта есептеген кезде туындайтын таза бағамдық айырмалар; және

  • басқа да өзгерістер.

74 Қаржылық есептілігі сондай-ақ мыналарды міндетті түрде ашып көрсетуі тиіс:

  • міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде кепілге берілген меншікке және жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың құнын құқықты шектеулердің болуын және деңгейін;

(b) жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісін салу барысында оның қаржылық жағдай туралы есептік құнында танылған шығыстар сомасын;

(c) жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар сатып алу жөніндегі шарттық міндеттемелер сомасын; және

(d) жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектілерінің құнсыздануына, жоғалуына немесе берілуіне байланысты үшінші тараптарға берілген және, егер ол пайдалар мен шығындар туралы есептің өзінде ашып көрсетілмейтін болса, пайдаға немесе шығынға енгізілген өтем шамасын.

75 Амортизациялау әдісін таңдау және активтердің пайдалы қызмет мерзімін бағалау білікті түрде пайымдау тақырыбы болып табылады. Сөйтіп, қабылданған әдістерді және есептелінген пайдалы қызмет мерзімдерін немесе амортизациялау нормаларын ашып көрсету қаржылық есептілігін пайдаланушыларға басшылық арқылы таңдап алынған саясатты тексеруге және басқа ұйымдармен салыстырма жасауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтамасыз етеді. Тап осындай себептер бойынша мыналарды ашып көрсету қажет:

  • амортизация шамасын, ол пайдада немесе шығында, немесе басқа активтердің бастапқы құнының құрамында кезең ішінде танылған-танылмағанына қарамастан; және

(b) есепті жылдың соңында жинақталған амортизацияның шамасын.

76 8 ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес ұйым ағымдағы кезеңде елеулі зардаптарға әкеп соқтыратын және, болжап айтқанда, келесі кезеңдерде де ықпал ететін бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістің сипатын ашып көрсетеді. Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтарға қатысты, ондай ашып көрсету қажеттілігі мыналар жайындағы өзгерістерге байланысты туындауы мүмкін:

  • қалдық құны;

(b) жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектілерін бөлшектеуге, шеттетуге немесе қалпына келтіруге болжанған шығындар;

(c) пайдалы қызмет мерзімдері; және

(d) амортизациялау әдістері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]