- •Әдістемелік нұсқау тәжірибелік сабаққа арналған
- •Құрастырушы: м.Ғ.Д. Ибрагимова р.С.
- •М.Ғ.К. __________ Даулетхожаев н.А.
- •1.Тақырып № 7. Шықшыт буынының ауру дисфункциясының синдромы. Клиникасы, диагностикасы емі.
- •3. Тапсырма:
- •4. Оқу және оқыту тәсілдері: аралас
- •6. Хронометраж
- •7.Студенттердің бастапқы және базалық білім деңгейін анықтау сұрақтары.
- •Шықшыт буынының қабыну және дистрофиялық аурулары бар науқастарды зерттеу кезіндегі іс әрекет бағыттарының кезіндегі кестесі.
- •Ситуациялық тапсырма
- •Іскерлік ойынның сценарийі
- •2 Бөлім. Эксперт комиссиясының отырысы.
- •8. Бақылау (сұрақтар, тест түріндегі тапсырмалар, жаттығулар)
- •Жаттығулар:
- •9. Ұсынылған әдебиеттер
7.Студенттердің бастапқы және базалық білім деңгейін анықтау сұрақтары.
Шықшыт буынының сүйекті түзілістерін сипаттау.
Шықшыт буынының жұмсақ түзілістерін сипаттау.
Шықшыт буынының дисфункциясының және төменгі жақ қозғалысына қатысатын бұлшықеттерді сипаттау.
Шықшыт буынының биламинарлы аймағының құрылысын және функциясны сипаттау.
Шықшыт буынының функциональді бұзылыстарының классификациясы.
Шықшыт буынының функциональді бұзылыстары бар науқатарды зерттеу әдістері.
Шықшыт буынының ауру дисфункциясының синдромы мен функциональді бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі.
Шықшыт буынының ауру дисфункциясының синдромының клиникалық диагностикасы.
Шықшыт буынының ауру дисфункциясының синдромының дифференциальді диагностикасы
Шықшыт буынының функциональді бұзылыстарын емдеу принциптері.
Шықшыт буынының ауру дисфункциясының синдромы емдеу принциптері.
Шықшыт буынының ауру дисфункциясының синдромы комплексті емдеу алгоритмі.
Шықшыт буынының қабыну және дистрофиялық аурулары бар науқастарды зерттеу кезіндегі іс әрекет бағыттарының кезіндегі кестесі.
Зеттеу кезеңі |
Симптомдар |
Өзін-өзі бағалау критерилері (сау адам) |
1.Науқасқа сұрау жүргізу
Шағымы: а) жергілікті
б) жалпы
Ауру анамнезі
Өмір анамнезі
2) Жүргізіңіз: Қарау
Құлақ кекілінің алдында, сыртқы есту жолы арқылы пальпациялау
Алдыңғы және артқы топ бұлшықеттерін пальпациялау
Ауызішілік зерттеу
Визуальді бір әдіспен зеттеу жүргізу |
Беттің және буын аймағында және беттің бір немесе бірнеше аймағында ауру сезімі тұрақты (ұстама тәрізді ауру мүмкін), жақтың қзғалысы кезінде күшееді, ауыздың ашылыу шектелуі.
Буынның сықыры
Қосғыштық және депрессия, ұйқының бұзылуы, мәжбүрлік.
Ауру үзақтығы 2-3 күннен бірнеше жылға созылады.
Стоматологтан кейінгі емі, есінеу, аузын жылдам ашу, шыңғыру, наркоз және т.б. нәтижесімен салыстыру мүмкін.
Професиональді позиционды жүктеме, әлеуметтік жағдай. Аурып болған немесе қосымша аурулары, тұқымқуалаушылық.
Сырттай қарай ерекшеліксіз болумүмкін, орталық күрекаралық сызықтың ығысуы мүмкін, ауру сезімімен, шектелген ауыз ашылуы, немесе шектен тыс, немесе дұрыс емес (Z немесе S тәрізді ашылуы ) ашылуы
Құлақ кекілінің алдында бет сүйек доғасының астында 2 3 саусақпен буын басын пальпациялау. Екі қолдың бірінші саусағын маңдайға қойып, 4 немесе 5 саусақты есту жолына кіргізіп алдығы қабырғасына басу. Науқастан төменгі жағын төменге, екі жаққа, артқа қозғалтуын сұрау. Буынды пальпациялау ауру сезімінсіз, буын басының қозғалысының архитектоникасын анықтайды.
Шайнау бұлшықеттерін пальпациялауда көбінесе бір жағында ауырады.
Ауыз қуысын жалпықалыптасқан әдіс бойынша зерттеу.
Шықшыт буынының зонограммасында – буын басының, буын саңылауының ені және т.б. ассиметриясы.
МРТ–да – буын дискісінің орналасуын, бұлшықет жағдайын анықтау.
|
|
