- •Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу тәсілдері мен әдістері.
- •ҚжШбж жүргізу тәсілдері мен амалдары
- •ҚжШбж жүргізу және ұйымдастыру бойынша ақ құрамы командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдылығы
- •Жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдау
- •Автомобиль шанағында тасымалдау
- •Санитарлық зембілдер
- •Глоссарии.
- •Бақылау сұрақтары:
Жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдау
Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың негізгі құралдар жер үсті көлігі (автомобиль, теміржол), әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ), су көлігі, санитарлық және бейімделген көліктер жатады.
Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың амалдары анықталады: иықтап, арқалап, қолмен, екі құтқарушымен, зембілмен, автобуспен, автомобиль шанағымен.
Иықтап – көтеруші зардап шегушінің оң иығына басын артына қойып отырғызады. Көтеруші оң қолымен зардап шегушіінң екі аяғын құшақтап, бір уақытта оның оң білегі мен алақанынан ұстайды.
Арқалап – көтеруші зардап шеккен адамды көтеріңкі жерге отырғызып, оның екі аяғының арасына иығын беріп тұрады жіне бір тізесіп бүзеді. Зардап шегуші көтерушіінң иығынан құтшақтайды, ал көтеруші оны екі қолымен аяғынан ұстап көтеріп әкетеді.
Қолмен – көтеруші зардап шеккен адамға бүйірлей бір тізесін бүгіп отырады, оны бір қолымен арқасынан, екінші қолымен санынан алады, зардап шеккен адам көтерушінің мойынынан құшықтайды. Көтеруші тұрып зардап шегушіні екі қолымен алдында ұстап келеді.
Екі көтерушімен – «қол ұстасып», «бірінің артынан бірі» және жатқан жағдайлардағы тасымалдауларды ажыратады. «Қол ұстасып» тасымалдауда көтерушілер бір-біріне жақын тұрады да қол ұстасып отырғыш сияқты айқастырады Оны екі, үш, төрт қолдан жасайды.
«Бірінің артына бірі» тасымалдауында көтерушінің біреуі зардап шегушіні аржағынан келіп шынтағымен оның қолтығынан ұстайды, екіншісі зардап шегушінің аяғының арасына арқасын тосып, екі аяғын табанынан ұстайды.
Жатқан жағдайында жарақат алушыны тасмалдау үшін көтерушілер оған сау жағынан жақындап тізерлей отырады. Бас жағында тұрған көтеруші бір қолын арқа астына екіншісін белдің астына жібереді, басқа көтеруші екі қолын оның балтыры астына жібереді, ал жарақаттанған адам бірінші көтерушінің мойнынан құшақтайды.
Зембіл арқылы тасымалдауды 2-3-4 адам жасай алады. Зембілде жарақат алушының жату жағдайы оның жарақат дәрежесінен анықталады, сондықтан жастық, көрпе, киім арқылы қолайлы жағдай жасау керек.
Зембілге жатқызу шарты: зембілді зардап шегушінің жарақат жағынан қояды, 2-3 адам сау жағынан тізесін бүге отырады, қолдарын ақырын зардап шегушінің астына жіберіп, оны бір сәтте көтереді. Осы мезгілді үшінші не төртінші адам зембілді зардап шеккеннің астына қояды, ал көтерушілер абайлап жатқызады.
Автомобиль шанағында тасымалдау
Автомобиль шанағына тиеу алдында оны даярлау қажет: артқы жағдайын және зембіл қол құлағы үшін барлық құлыптарды ашады, белбеулерді жазады, шанақтан ауыстырмалы зембілді шығарады.
Тиеу барысында санитарлық жасақшы буыны зембілді бас жағымен ашылған шанаққа кіргізеді: «Жан-жаққа» өмірі бойынша 4-ші мен 1-ші нөмірлері зембілдің оң жағында, ал 2-ші мен 3-ші нөмірлері сол жағынан тұрады. «Көтер» – командасы бойынша топ зембілді қажетті биіктікке көтеріп зембілдің бас жағын аяғына сабымен шанаққан жиегіне қояды. Кіргіз әмірі бойынша зембілді шанаққа итереді. Оны жүргізуші немесе еріп жүретін адам қабылдайды.
Автобус ішінде жарақат алғандарды тасымалдау барыснда осы айтылған ережелер орындалады. Зембілдерді терезе арқылы кіргізуге болады. Автобус ішінде оны санжасақшылар қабылдайды.
«Қолмен», «арқалап», «иықтап» тасымалдау әдістері нһегерде зардап шегушінің сүйегі сынбаған жағдайда ыңғайлы, ал сынған жағдайында «еекі көтерушімен» қолайлы.
