Зерттеу жүргізу әдістемесі
ШН тұрақтылығын зерттеу әдістемесі оның төтенше жағдайларда толық қорғалуын қамсыздандырылмайтындығын ескереді, алайда оның жұмысының тұрақтылығын көтеру – мүмкін және қажет. Кәсіпорындардың жұмыс істеу негізі мыналардан тұрады:
өндірістік қызметшілер (жұмысшылар, инженерлік-техникалық қызметкерлер, қызметшілер);
өндірістік (станоктік), лабораториялық, технологиялық және өзге де қондырғылар орналастыратын ғимарат пен құрылыс;
электр, су, газ, бу, жылу, отынмен жабдықтау жүйесі;
басқа нысандармен өндірістік және кооперативтік байланыстар жүйесі;
кәсіпорынды жинақтау үшін материалмен және оның қорымен жабдықтау.
Өндірістің осы элементтерінң кез-келгенінің қызметінің бұзылуы өнім шығаруға ықпал етеді, уақытша тоқтауға немесе өндірістің бір жола тоқтауына әкеледі. Шаруашылық нысанына клтіруі мүмкін зақым туралы айтқанда, олар өндірістік және өзге нысандар менн адасдарға ықпал ету сипаты бойынша былайша түрлерге бөлінуі мүмкін:
қирау, зақымдау (адамдар мен хайуанаттардың жарақаты, контузиясы);
тұтану, өрт (күйік, адамдар мен хайуанаттардың көрмей қалуы);
зақымдану (адамдар мен хайуанаттардың радиоактивтілік,химиялық, бактериологиялық, сондай-ақ әртүрлі өндірістік және табиғи газдармен зақымдануы);
су басу.
Өндірістік авария, апат және зілзала пайда боған жағдайда зақымданудың бір түрімен қатар бірнеше түрі орын алуы мүмкін.
Нысан тұрақтылығын бағалау негізіне нысанның және оның аумағындағы адамдардың , хайуанаттардың, өсімдіктердің әртүрлі зақымдануының салдары қаралған.
Зақымданудың алғашқы факторы ретінде соғыс уақытындағы қазіргі зақымдау құралдарының зақымдағыш факторлардың өзін және бейбіт уақыттағы өндірістік, авария, апат және зілзаланы санау қалыптасқан.
Қайталама зақымдау факорлары алғашқы факторлардың ықпалының салдары болып табылады.
Нысан жұмысының тұрақтылығын қарастыра отыра мыналарды бағалау керек:
нысанның бастапқы зақымдағыш құралының ықпалына төзімділік деңгейі;
қайталама факторларының пайда болу мүмкіндігі және олардың ықпалынан зақымдану сипаты;
ҚӘУЗ ықпалына нысан жұмысының төзімділік деңгейі;
нысанның басқару жабдықтау мен өндіріс байланыстар жүйесінің сенімділігі.
Нысан келбетін талдау оның орналасқан ауданын зерттеуден басталады, ол картада (жоспар) және ТЖ аумақтық (қалалық, аудандық) органның мәліметтері бойынша зерттеледі.
Нысанның топографиялық орналасуына талдау жүргізіледі:
аумақ құрылысының сипаты, қоршаған нысаны (құрылыс құрылымы, тығыздығы мен түрі);
осы аумақта қайталама зақымдау факторларының пайда болуы ретінде қызмет ететін кәсіпорындардың болуы;
жапсарлас жердің табиғи жағдайы (орман алқабы – ықтимал өрт көзі, жер бедері);
жолдың, ауданның метеорологиялық жағдайының болуы;
жауын-шашынның көлемі, жердің бағыты, сондай-ақ топырақ сипаты мен топырақ астында жатқан су тереңдігі.
Бұдан кейін әрбір зерттеу тобы өзге мақсат етіліп қойылған міндеттерге тікелей қатысты мәселелерді зерттеп, талдайды.
Мысалы, ғимарат пен нысан құрылысын зерттеу кезінде негізгі және көмекші өндіріс ғимаратына және төтенше жағдайда негізігі өнімдері өндіріске қатыспайтын ғимараттарға қысқаша сипаттама дереді.
Олардың конструкциясының негізігі ерекшелігі белгіленеді, зақымдағыш факторлармен ықтимал қайталама зақымдағыш факорлар ықпалына орай есептеме үшін қажетті техникалық мәлімет келтіріледі, атап айтқанда. Құрылғысы, қабаты, ұзындығы мен биіктіг, каркас түрі, жарық ойығы, төбе, жабын, ғимараттың отқа төзімділігі бағаланады.
Жақын орналасқан баспаханадағы жұмысшылар мен қызметшілер саны көрсетіледі.
Қайталама зақымдау факторларының ықпалын бағалау бойынша нақты міндеттерді шешу өндіріс ерекшелігі мен жеке алғанда әрбір нысанға тән белгілерге байланысты.
Негізгілер ретінде ТЖ-да зықмдағыш факторлардың ықпалынан нысан элементтерінен қирау сипатымен деңгейін талдаудан шығарылған қорытынды қабылданады.
Мысалы, ҚӘУЗ өндірісінде қолданатын зақымдағыш іс-әрекеттерінің сипаты мен көлемін бағалау үшін олардың нысандағы ұстау жағдайы мен қирау деңгейін және коммуникацияны білумен қатар, олардың көлемін, улылығын нысандағы өндірістік құрылыстың тығыздылығын, АҚ қорғаныс ғимаратының сапасын және ондағы адамдардың қамсыздандыруы, жеке қорғаныс құралдарының бар-жоғын және т.б. зерделеу қажет.
Қайталама факторлардың зақысмдау ықпалын бағалау мына ретпен жүргізіледі:
зақымдағыш факторларының кезінде жарылыс, өрт шығу, атмосфера мен жер ластануы мүмкін нысан элементтері анықталады. Нысанның осы элементтері қайталама зақымдау факторларының ішкі көзі болып табылады;
осы көзден қайталама зақымдау (қирау) факторларының түрі белгіленеді;
оналасу жері мен метеорологиялық жағдайды ескере отырып зақымдау факторларының іс-әрекетінің басталу уақыты және нысанның әрбір цехындағы қайталама зақымдау факорларының іс-әрекеті созымдылығы анықталады;
талдау негізінде оның ықпалын болдырмау және төмендету бойынша шаралар әзірленеді.
Жұмыс баптарында барлық мәселелер пысықталып бас инженер топ басшыларымен бірге зерттеу қорытындысын алдын-ала шығарғаннан кейін:
зерттеу нәтижесі туралы қорытынды баяндама;
төтенше жағдайындағы нысан жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар жоспары әзірленеді.
зерттеу тақырыбы, мақсат, міндеті және жүргізу ерекшелігі;
тұрақтылықты бағалаудан шығарылған қорытынды;
нысан жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар;
жоспарланған шараларды өткізу үшін қажетті қаржылық және материалдық техникалық құралдар;
жоғары тұрған органдарының көмегі қажет болған шаралар;
зерттеу барысында шешілмеген және ғылыми зерттеу мен өзге ұйымдарда пысықталуға тиіс мәселелер.
Қорытынды баяндамаға зерттеу материалдары қоса беріледі.
Нысан тұращһқтылығын арттыру бойынша жұмыс шараларының жоспары нысан жұмысының тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін барлық ұсыныспен нұсқауды іске асыруды қарастырады. Осы жоспар 3-5 жылға жасалып екі негізігі тарауға бөлінеді:
Бейбіт уақытта өткізілетін шаралар;
ТЖ қауіпі кезінде және оның әсерінен кейін өткізілетін шаралар.
Жоспардың әрбір бөлімінің шаралары:
нысанның өз күшімен;
жоғары тұрғыдан ведомствомен;
ғылыми – зерттеу және өзге ұйымдармен жеткізіледі.
Төтенше жағдайдғы жұмысшы шаруашылық нысанның тікелей даярлау нысан жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша шараларды өткізу- жоспар жүргізіледі.
