Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс №13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.55 Кб
Скачать

Дәріс №13

Т.Ж. Болғандағы ұйымдардың жұмыс істеу тұрақтылығы.

Дәрістің мақсаты: Ұйымдардың тұрақты жұмысын зерттеу

Дәрістің жоспары:

1. Келеңсіз жағдай кезінде ұйымдардың тұрақты жұмысының негізі

2. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының инженерлі-техникалық жоспарлануының негізі

3. Шаруашылық объекттерінің іс-әрекетін тұрақтандыру мақсатындағы кешенді іс-шараларды дайындау және өткізудің негізгі бағыттары

Тірек сөздер: Апаттық жағдай, жер сілкінісі, Қар көшкіндері, тез салынатын қорғаныш, Қорғаныс құрылыстары, Қауіпсіз аймақ ,эвакуация, тірі қалу факторлары

Тж ұйьімдары жұмысының тұрақтьілығы Ұйым жұмысы тұрақты негіздері

ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың Мемлекеттік жүйесін негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай- ақ әлеуметтік нысандарының жұмыс істеу қалыбын арттыру мен ТЖ ескертуге багытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады.

Шаруашылық насандарының жұмыс істеу тұрақтылыгын арттыру мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызга ие болуда. Бұл төмендегі бір қатар негізгі себептерге қатысты:

  • өндірістік саладағы мемелекеттік реттеу мен қауіпсіздік механизмінің әлсіреуі, барлық деңгейдегі еңбек және технологиялық тәртіптің әлсіреуі, сондай-ақ өндірістің аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі;

  • негізгі өндірістік қорлардын жылдам тозуы, сонымен қатар оларды жанарту қарқынының төмендеуі;

  • ендірістің технологиялық қуатының артуы, қауіпті заттар, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өндіріс қалдықтарының жинақталуы;

  • шарасыз заңдық және нормативтік құқықтық бағы ТЖ қауіпсіздігін және ескертуін басқарудағы тәуекелдік мәселесіне талдаудың ғылыми негізін жеткіліксіз пайдалану;

  • мемкелеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының талаптылығы мен тиімділігінің төмендеуі;

  • әскери жанжалдар мен террорлық актілердің пайда болуының ықтималдығы.

ІІІаруашалық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы ретінде оның төтенше жагдайлардағы жоспарланған көлемдегі және номенклатурадағы өнімдерді шығаруға (тікелей материалдық құндылықты шығырмайтын нысандар үшін өз міндеттерін мақсатқа сәйкес орындалуы), авария (зақымдану) жағдайында қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіруге қабілеттілігі түсініледі.

Төтенше жағдайларға шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығына мына факторлар әсер етеді: жұмысшылар мен қызметшілерді зілзала, авария (апат), сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының бастапқы және қайталана факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі; нысанының инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы ықпалға қарсы тұру қабілеті, нысанды өндіріс үшін барлық қажетті өніммен (шикі зат, отын, электрэнергиясы, газ, су және т.б.); жабдықтау жүйесінің сенімдігі, жұмысшылар саны олардың құдірст немесе тәртігі деңгейі, нысан сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология; өндіріс исн АҚ басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздігі; нысанды күрделі және өзге шұғыл, сондай-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау.

Тізбеленген факторлар төтенше жағдай ахуалы мен оны көтеру жолындағы шаруашылық нысанының тұрақты жұмыс істеуінің негізгі талаптарын анықтайды.

Қазіргі уақытта болашақта Чернобыль сияқты аварияларды болдырмау үшін төтенше жағдай ахуалында өнеркәсіп өндірісінің тұрақтылығына талаптар ерекше маңызға ие болуда.

Осы талаптар инженерлік-техникалық шараларды жобалау (ИТЖ) нормасында, сондай-ақ олар үшін әзірленген салага қатысты қолдарындағы норма талаптарын толықтыратын және дамытатын ведомстволық нормативтік құжаттар негізінде қаланған.

Тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды іске асыру мен әзірлеу саласындағы ұйымдар басшыларының негізгі міндеттері:

  • ұйым жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша ұсынысты белгіленген тәртіппен әзірлеу және ұсыну;

  • төтенше жағдайларда және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым жұмысыныћ тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар мен әзірлеуді жүргізу;

  • авариялардың пайда болу қауіпін, қайталана зақымдау ошағын төмендету бойынша шаралар жүргізу;

  • азық-түлікті, ауыз суын, сумен жабдықтау көзін, мал мен өсімдікті, өсімдік пен мал өнімдерін, радиоактивті химиялық және бактериялогиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау бойынша шараларды өткізу мен ұйымдастыру.

Төтенше жағдайы немесе қазіргі адам өлтіру қару жарақтарын қолданған кезінде салалы және аумақты басқарма тұрақты жұмыс істеу мақсатында, арнаулы әскери экономикалық оқулары өткізіледі. Ол өз алдына бұл сұрақтарды келесі (әртүрлі салалы және аумақты басқарма штабты-командалы, сондай-ақ ұйымдар, қалалар мен аудандар ішіндегі комплексті) оқуларында шешуге көмек береді. Оқулар басқарушылардың өз ісін атқаруға дайындықтың негізгі формасы болып табылады. Сонда салалы және аумақты органдарының бірлесіп жасалған жұмыстың тәсілдері мен формалары аныкталады. Азаматтык қорғаныс міндеттерін шешу барысында, жәнс де төтенше жағдай мен соғыс уақыты кезінде экономика жұмысын тұрақтандыру мәселесі шешіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]